19
беру – адамдардың зерделеп үйренуі үшін көрсетілетін көмектер жиынтығы; жалпы алғанда,
тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай ала-
ды деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер,
мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Бүкіләлемдік банк және ЭЫДҰ)
қолдау көрсетіп, жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ опти-
мизмге ынталандыру – мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.
Мұғалімдер үшін көшбасшылықтың маңызы
Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:
• мұғалім өзінің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылауға мән беруі;
• оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;
• ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы
жоғары мәдениетті оқу ортасын орнату;
• оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейту;
• оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;
• әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің әлеуеттерін бөлуге
болатындығына сенімді болу;
• оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту.
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ)
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерді қамтуы
мүмкін. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен
өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп
тұруы мүмкін, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған
есепті оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен
іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда
зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог жүргізу үшін ізденудің негізгі стратегиясы болып
табылады. Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар
педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп санайтын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен
жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексия, жоспар құру, кеңес
беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін
маңызды шешімді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгеріс
енгізу жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бой-
ынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін.
Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар
жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай ала-
тындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да
жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер тара-
пынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың мектеп құрылымы мен
дамыту басымдықтары туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте құнды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық.
20
7-кезең. Кәсiби бiлiмнiң дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс.
Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектеп-
тен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын
тигізеді.
Тәжірибенің өзгеруі және білімнің жинақталуы
Мұғалiм жүргізетін дамыту жұмысының әсері жоба аяқталған соң емес, оның барысында
сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына жаңа әдіс-тәсілдерді сынап көру, эвалюация, рефлексия
және тексеру жатады. Олардың барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым
тәжірибелік бағытта болады, оқытудың үздік тәсілі және оқудың үздік тәсілі бола отырып,
оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіреді немесе оны өзгертеді. Сонымен қатар ол кәсіби білімнің
молаюына ықпал ете алады. Осылайша олар осы Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылатын
оқытудың көп деңгейлі моделінен көрінетін ішкі, сондай-ақ сыртқы өсудің айғақтары болып
табылады.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер
жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте
кеңінен қолдау тауып, мектептен өзінің лайықты орнын алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мек-
теп басқаша жұмыс істеуге үйренеді.
Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.
Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату
емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табыла-
ды. Дәл осы жерде қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта қоғамдастық арқылы
біз идеяларымызбен бөлісіп, оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз жаңа идея-
ларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз. Бұл білімді және сыни тұрғыдағы жұмысты
жинақтау үдерісі әрдайым үздіксіз жүріп жатады. HertsCam-да (Хертс Кэм) бұл Network
Events қоғамдастығының семинарлары мен «Мұғалімнің көшбасшылығы» және «Дау-
ыс» журналдарындағы жарияланымдар арқылы өтеді. Бұндай жарияланымдар web-сайттарға
сілтемелер арқылы мектеп және облыс аумақтарында мұғалімдердің білімдерін жинақтау
мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Оқудағы көшбасшылықты дамыту стратегиялары
Либерман және басқалар (2007) мұғалім көшбасшылығын дамытып қолдау мақсатында
ойдағыдай қолданылып жүрген төрт стратегияға сипаттама берген. Мұғалімдер оларды жеке-
леп те, болмаса әртүрлі нұсқада біріктіріп те МЖДЖ тәсілі ретінде қолдана алады.
Сабақты зерттеу тәсілі
Сабақты зерттеу тәсілі жекелеген мұғалімдердің оқыту үдерісін жақсартуға, сонымен
қатар бір топ мұғалімнің педагогикалық әлеуетін дамытуға, ақыр соңында – оқушылардың оқу
үлгерімін жақсартуға арналған. Сабақты зерттеу туралы толық ақпаратты Мұғалімге арналған
нұсқаулықтан (бұдан әрі – Нұсқаулық) табуға болады. Сабақты зерттеудің кең тараған түрі
төрт кезеңнен тұрады:
1-кезең: Жеке немесе бірлесіп, топпен, әріптестеріңнің немесе тәжірибелі мұғалімдердің
кеңес беруі арқылы сабақтың мақсатын қою және оны дайындау.
2-кезең: Сабақты зерттеу жүргізу және Сабақты зерттеуге қатысушылардың оны бақылауы.
3-кезең: Сабақты зерттеуге қатысушылардың барлығы: сабақ бергендердің де, оқыту
үдерісін бақылаған адамдардың да табысты тұстарды, сондай-ақ жетілдірілуге тиісті жерлерді
талқылауы.
Достарыңызбен бөлісу: |