8
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының теориялық
негіздері
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал
оқыту әдістемелері арасында
сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған
(Hattie, 2009).
Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сын-
дарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ой-
лауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден,
мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген
тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқыту теориясының тиімділігін жақтаушылардың басым
бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білім
беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең
түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік
тудыра бермейді деп санайды.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың
жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау,
үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте
сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы
терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емти-
хан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана
білуін қамтамасыз ету.
Сындарлы оқыту теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз
сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай
ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша
білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре ала-
тындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып
құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
- жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін
түсінуге ұмтылуы;
- оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен
жұмыс
жүргізу қажеттігін ұғынуы;
- кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін
жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың
жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен
негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді
білуін қамтиды.
Мұғалім ұстанымы
Психологтер «
ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке тұлғалық бейімділігімен байланыс-
тырады, ал әлеуметтанушылар оны
жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады.
Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы оның
белгілі бір шешімдер қабылдауына, соның нәтижесіндегі сыныптағы іс-әрекеттеріне негіз бо-
лады (2-сурет). Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының,
білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан құралады. Бұл элементтердің
барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «
оқыту сызбалары» құралады. Пажарес
(1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-
тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар
9
мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-
әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің
қалай оқытылуы керектігі
жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.
Іс-әрекет
Шешім
Көзқарас
Ұстаным
2-сурет. Мұғалімнің ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің
негізі
Алайда тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау
қабілетін шектеуі мүмкін. Осыған байланысты, егер дайын білім беретін «дәстүрлі» стиль-
мен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Тиімді оқыту
Оқыту барысында ауқымды міндеттер шешіліп, мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс
істейтінін ескерсек,
тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты бо-
лып шығады. Осы сияқты «
мұғалім жұмысының сапасы» да – күрделі феномен, оның мазмұны
мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау
өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бар: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту үдерісі
(оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда
аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да айтылуда.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты
қарастырылатын екі түрлі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік ны-
сан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
нәтижесі ретінде қарастырылуы.
Мұғалімнің қызметін бағалау барысында бағалаушы белгілі бір факторлар жиынтығын
пайдалана отырып, «
сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары
жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу
кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдары-
на күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына қолайлы жағдайлар
жасап, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз
кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.