15
Мұғалім жұмыс істейтін және соның аясында басқа әріптестерімен бірлесіп сыныптың
нақты проблемаларын шешетін оқу жоспарында келісілген тәсілдер мұғалімдерді оқытудың
анағұрлым тиімді тәсілдері мен нысандары болып табылады. Бұл нысандарды мұғалім өзінің
сыныбында ұзақ уақыт бойы қолдануы қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Darling - Hammond, L. (2006). Constructing 21st-century teacher education [ХХІ ғасыр мұғалімі
білімінің қалыптасуы]. Journal of Teacher Education, Vol. 57, No. X, 1-15.
Desimone, L., Porter, A. C., Garet, M. S., Yoon, K. S., & Birman, B. F. (2002). Effects of professional
development on teachers’ instruction: Results from a three-year longitudinal study [Нұсқаулық
беру үдерісіндегі мұғалімнің кәсіби даму тиімділігі: үш жылдық зерттеу нәтижелері].
Educational Evaluation and Policy Analysis, 24 (2), 81-112.
MacBeath, J. (2012). The future of the teaching profession [Мұғалім мамандығының болашағы].
Education International Research Institute and the Leadership for Learning Cambridge Network.
Faculty of Education, University of Cambridge.
OECD Definition and Selection of Key Competencies [ЕЫДҰ түйінді құзыреттіліктерді анықтауы
және іріктеуі]. Paris, France: OECD, May 27, 2005.
Opfer, V. A., & Pedder, D. (2010). Benefits, status and effectiveness of Continuous Professional
Development for teachers in England [Англия мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуының
нәтижелері, ахуалы және тиімділігі]. Curriculum Journal, 21 (4), 41-431.
Schleicher, A. (Ed.) (2012). Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21st
Century: Lessons from around the World [ХХІ ғасыр үшін мұғалімдерді даярлау және мек-
теп көшбасшыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing. Retrieved from
http://dx.doi.org/10.1787/9789264xxxxxx-en
Sinek, S. (2009, September). How great leaders inspire action [Ұлы көсемдер іс-әрекетке қалай
жетелейді]. Speech at TEDx Portland.
Available at
www.ted.com/talks/simon_sinek_how_great_leaders_inspire_action.html
Timperley, H., Wilson, A., Barrar, H., & Fung, I. (2007). Teacher professional learning and development:
Best Evidence Synthesis Iteration (BES) [Мұғалімдердің кәсіби оқуы және дамуы: синтезді
ықпалдастырудың үздік көрсеткіштері]. Wellington, NZ: Ministry of Education. Available at
http://www.educationcounts.govt.nz/__data/assets/pdf_file/0017/16901/TPLandDBESentire.
pdf
16
ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Кіріспе
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының аясында барлық мұғалімдер өз
сыныбының шегінде оқу көшбасшылары ретінде қаралады, сонымен қатар, Бағдарламаның
басым бағытын есепке ала отырып, оны игерген мұғалімдер өз мектептерінде оқушылар
мен мұғалімдердің оқуын іске асыратын көшбасшы болып табылады. «Мектептегі мұғалім
көшбасшылығы» бағдарламасының түйінді тақырыптары – коучинг және тәлімгерлік
(mentoring), олардың көмегімен мұғалімдер әріптестерін оқытады және мектеп аясында оқыту
мен оқуға өзгеріс енгізеді.
Бағдарламаның авторлары ұсынып отырған оқытуды басқару мен көшбасшылық
тұжырымдамасы мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар деген ұстанымға
негізделеді. Оны жаңалық енгізумен және бірлескен кәсіби дамумен сүйемелденетін қолдау
көрсетілген жағдайда ғана көруге болады. Бұл тұжырымдама педагогикалық жүйе сәтті
болу үшін оқыту мектептің барлық деңгейінде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды,
студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді
түгел қамту керек деген көзқарасқа сүйенеді (MacBeath et al., 2006). Бағдарлама аясында
оқытудағы көшбасшылық тұжырымдамасы Дэвид Фрост пен Кембридж университеті қолдау
көрсеткен Хертс Кэм Нетворк желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы
аясындағы қызметке негіз болған мұғалім жүргізетін дамыту жұмысымен тығыз байланысты
болып келеді.
Тарихи шолу
Көшбасшылық дегеніміз не?
Бұған дейін «оқудағы көшбасшылық» ұғымының мәні зияткерлік оқудың стандартта-
рымен салыстырылатын жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатындағы көшбасшылықпен
теңестірілетін (Hay-McBer, 2004). Қазіргі кезде оқу үдерісі анағұрлым терең түсініледі
(West-Burnham, 2009, Harris 2009), ол зияткерлік жетістіктерге байланысты және тек қана
нәтижелерді бағалау мен танымдық стандарттарды күрделендірумен шектеліп қала алмай-
ды. Бүгінде «Оқудағы көшбасшылық» – оқушының эмоционалдық-өнегелілік сауаттылығы,
эмоционалдық-қалыпты оқуы және жан-жақты дамуы; бұл жердегі ең маңызды мәселе – оқыту
сапасын арттыру басымдығы.
Қазіргі түсінікте көшбасшылық мектеп директорына немесе білім беру жүйесінің жоғарғы
басшылығына ғана тән нәрсе емес. Заманауи зерттеулер (Leithwood et al., 2006) көрсетіп
отырғандай, көшбасшылық кеңінен тараған болса, әрі бір адамның қарекетіне қарағанда,
көшбасшылар тобының ықпалы үстемірек болған жағдайда көшбасшылықтың мектеп-
ке ықпалы анағұрлым тиімдірек болмақ. Саутворттың (NCSL 2004) пайымдауынша, мектеп
көшбасшылығы әдетте өктемдік ретінде түсініледі де, бір адамның басшылығымен, жеке
көсемдікпен шектеліп қалады. Бір адамның күші мен ықпалына қатысты орнығып қалған
ұстанымға бірлескен, командалық, бірнеше адамның көшбасшылығы қарсы қойылады.
11 мектеп қатысқан ғылыми-зерттеу жобасында «Іс-әрекеттегі бөлінген көшбасшылық»
проблемасын зерттеген Макбет (2004) өзгеріп жатқан әлеуметтік және экономикалық
жағдайларда көшбасшылық та күрделеніп, бүгінгі таңда бір адамның мүмкіндіктерінен тыс
шығып жатқандығын ескертеді.
«Мектептер қызметкерлердің ғана емес, оқушылардың, ата-аналардың да бағалы әлеуетін
пайдалана алмайтын болса, оны пайдалануға құқылы болмаса, өткеннің қатесін қайталамақ.
Бөлінген көшбасшылық шын мәнінде білім беретін зияткерлік мектептердің қалыпты жағдайы
болып табылады».
Достарыңызбен бөлісу: |