Анықтамалық Білім беруге, адам капиталының дамуына инвестиция жұмсау жалпы қоғам игілігінің кілті



жүктеу 222,77 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата25.11.2017
өлшемі222,77 Kb.
#1769
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ 

РЕФОРМАЛАУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ 

АСЫРУ  

 

ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ  

Білім беруге, адам капиталының дамуына 

инвестиция жұмсау жалпы қоғам игілігінің кілті 

болып  табылады.  Ықпалдасқан,  қарқынды 

әлемдік нарықта білім беру жүйелері өзгермелі 

ахуалға  бейім  болуы  үшін  үнемі  жетілдіріліп 

отыруы  тиіс.  Осыған  байланысты  білім  беру 

жүйесінің 

дамуы 

Қазақстанның 



басты 

басымдығы 

болып 

табылады. 



Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың 

2011–2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 

бағдарламасы (бұдан әрі - ББДМБ) елдегі білім 

беруді  реформалаудың  негізгі  құжаты  болып 

табылады.  Бағдарламада  «2015  жылы  өтпелі 

кезең  аяқталып,  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесі  құрылымы, 

мазмұны,  басқару  және  қаржыландырылуы  тұрғысынан  дамыған  елдердің 

үлгісіне  сай  болатыны»  айтылғанына  қарамастан,  дамудың  2015–2020 

жылдарға арналған екінші кезеңінің айқын бедері әлі әзірленбеген. 

Бұл анықтамалықта Қазақстанның білім беру жүйесі дамуының келесі 

кезеңінде  шешілуі  тиіс  мәселелеріне  талдау  жасалынып,  және  ол  екінші 

кезеңді айқындауға бағытталған қадам ретінде ұсынылады. 

 

Мектепке дейінгі білім  



 

Орта білім  

 

Теңдік және инклюзивті білім беру  



 

Мұғалімдер және олардың кәсіптік дамуы 

 

Инфрақұрылым және қорлар 



 

Өзгерістерді басқару 

 

Техникалық және кәсіптік білім 



 

Жоғары білім және ғылым 



 

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

 



Мектепке дейінгі білім 

Балаларды  мектепке  дейінгі  ұйымдармен  қамту  айтарлықтай 

болғанымен,  қала  мен  ауылдық  жерлердің  арасындағы  айырмашылық  әлі 

сақталуда.  Ауылдық  жерлердегі  балалардың  басым  бөлігі  әлі  де  болса 

балабақшаға  бармайды.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  шектеулі  орын 

санына  сұраныстың  өсуі  балаларды  балабақшалар  мен  өзге  де  мектепалды 

ұйымдарға орналастыру кезіндегі жемқорлықтың етек жаюына ықпал етуде. 

Қазіргі  таңда  қоғамда  ұсынылатын  қызметті  бағалаудың  ортақ  үдерісінен 

өтпейтін,  ал  түрлі  тексеру  инспекциялары  әлсіз  болатын,  жеке  меншік 

балабақшалар санының көбеюіне байланысты алаңдаушылық бар. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  бала  санының  артуы  білім  берудің 

сапасын  жақсартумен  қатар  жүріп  жатқан  жоқ.  Ресми  құжаттарда  көрініс 

тапқан бұдан өзге де мәселелер баршылық. Олардың қатарында мұғалімдерді 

даярлаудың  өте  төмен  сапасын,  білікті  педагогтардың  жетіспеушілігін

1

  1  , 


студенттердің  педагогикалық  ЖОО-лардағы  «мектепке  дейінгі  білім» 

мамандықтарына  өте  аз  баруын,  сондай-ақ  мектепке  дейінгі  білім  беру 

жүйесіндегі  инклюзивтік  білім  берудің  баяу  дамуын  (айрықша 

мұқтаждықтары  бар  балалардың  үштен  біріне  жетер-жетпесі  ғана  мектепке 

дейінгі  біліммен  қамтылған)  (ҚР  БҒМ,  2010);  үштілділік  бағдарламасын 

жүзеге асыру бойынша қолдаудың жоқтығы мен үштілділікті жүзеге асыруға 

арналған  оқытушылық,  тәлімгерлік  бағдарламалардың  тапшылығын  айтуға 

болады. 


Соңғы  онжылдықта  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінде  баланы 

дамытудың  жаңа  тұжырымдамалары  пайда болды.  Білім  беру  дүниетанымы 

тәрбиешінің айтқандарымен тануға дайын, баланың «таза парақ» немесе «бос 

ыдыс»  ретіндегі  кейпінен  бас  тарту  да  бар.  Бүгінгі  таңда  баланың  туған 

сәттен бастап үйренуге қуатты әлеуеті бар екендігіне және мектепте де, одан 

тысқары  да  білім  алу  мүмкіндігіне  ие  екендігіне  көбірек  ден  қойылуда. 

«Мықты әлеуеті бар бала» тұжырымдамасын түсінумен қатар, бүгінде оқыту 

үдерісіне  (бала  нені  бәрінен  жақсы  істей  алады)  де  назар  аударылуда. 

Мұғалімдер оқу барысына ықпал ететін факторларға және осы үдерісті олар 

қалай  көтермелеп,  қолдай  алатындығына  ерекше  мән  беруде.  Ресми 

құжаттарда еңбекақының тым аздығы, мамандықтың тартымсыздығы, жұмыс 

                                                           

1

 Мұғалімдерді даярлау деңгейінің артқандығы байқалуда: жоғары білімі бар педагогтар саны 2005 жылы 



42%-дан 2010 жылы 57%-ға және 2012 жылы 57%-ға дейін артқан, дегенмен әлі айтарлықтай жақсартулар 

қажет. 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

 



аптасының  ұзақтығы,  оқу  жүктемесіндегі  ауыртпалық  пен  әкімшілік 

тарапынан  сыртқы  қысым,  кәсіби  өсу  мүмкіндігінің  жоқтығы  сынды 

мектепке  дейінгі  ұйымдарға  тән  мәселелер  аталған.  Аталған  мәселелер 

шешілуі  тиіс,  бірақ  оны  шешу  жолдары  мектепке  дейінгі  білім  берудің 

жаңаша түсінігі аясында іске асуы қажет. 

Сондай-ақ,  балалар  мен  отбасыларға  қандай  ғимарат  түрлері  қажет 

екендігіне  қатысты  шешім  қабылдау  керек.  Ғимараттар  стандарттарының 

төмендігі,  айрықша  мұқтаждықтары  бар  балалар  мен  ересектерге  қажетті 

ресурстардың,  жабдықтардың  жоқтығы  да  түйткілдердің  бірі.  Мектепке 

дейінгі  білім  көптеген  елдерде  білім  беру  жүйесімен  ғана  шектелмей, 

сонымен  қатар,  медициналық  қызметтер,  әлеуметтік  көмек  пен  үлкендерді 

оқуға  арналған  мүмкіндіктерін  ұсынатын,  балалар  мен  олардың 

отбасыларына  арналған  ықпалдасқан  мультисервистік  орталықтарды 

құрайды.  Осы  мүмкіндіктерді  Қазақстанда  мектепке  дейінгі  білім  берудің 

жаңа жүйесін қалыптастыру аясында қарастырған жөн. 

Орта білім 

Бастамалардың  көптігі  мен  реформа  жүргізуге  деген  зор  ынтаның 

болуына  қарамастан,  орта  білімде  ағымдағы  жоспар  әлсіз  үйлестірілген, 

ұмтылыстың  жеткіліксіздігі,  ұлттық  және  халықаралық  деңгейде  әрі  қарай 

ілгерілеу  үшін  Қазақстанда  енгізілуі  қажет  білім  беру  қағидалары  мен 

тәжірибелерін жеткілікті түсінбеушілік бар. 

Оқу    бағдарламасы,    оқулықтар,    педагогика,    мұғалімдерді    оқыту  

және    мектептік  көшбасшылық  –  бәрі  бірлесіп  әзірленіп,  тиянақты  түрде 

үндестірілуі  тиіс.  Осы  аспектілердің  барлығы  бір  мақсат  пен  құндылықты 

көздеуі тиіс, олай болмаған күнде олар бір-біріне кедергі жасайды

2



Ақпаратты  қарапайым  жаттап  алуға  қарағанда  салыстыру,  талдау, 



қолдану,  сын,  дәйектеу,  түсіндіру  сынды  оқушылардың  алдында  тұрған 

барынша  күрделі  зияткерлік  міндеттерді  есекере  отырып,  ұлттық 

стандарттарды,  оқу  бағдарламаларын  ,  педагогика  мен  оқулықтарды  қайта 

қарастыру қажет . 

                                                           

2

 Білім беру жүйесінің осы тәуелсіз бөлшектерін айқындай отырып, біз сондай-ақ олардың ең ықпалдылары 



бағалау жүйесі, мұғалімдердің дайындығы мен мектеп деңгейіндегі, сонымен қатар, одан кең ауқымды 

әкімшілік және оған қарасты құрылымдардағы көшбасылық болып табылатын өзгерістерге бағытталған 

тетіктерді негіздеудің халықаралық дәлелдемелерінің (Darling-Hammond, 2010; Hattie, 2012; Levin, 2008; 

Mourshed et al. 2010; Stobart, 2008) ұсынатынын көрсеттік. 




жүктеу 222,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау