Анықтамалық Білім беруге, адам капиталының дамуына инвестиция жұмсау жалпы қоғам игілігінің кілті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ



жүктеу 222,77 Kb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата25.11.2017
өлшемі222,77 Kb.
#1769
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

 



салаларына  жүктелуі  тиіс.  Өнеркәсіп  салалары  әзірлеген  біліктіліктер  мен 

стандартардың  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін  үдерісті  бекітудің  ұлттық 

жүйесі қажет. 

ТжКБ  мемлекеттік  мекемелерінің  көпшілігі  (ұлттық  үкіметтің 

құзырындағы  бірнешеуінен    басқа)  әкімдіктер  жанындағы  ТжКБ  жөніндегі 

өңірлік  департаменттердің  бақылауында.  Бірақ  олардың  саны  өздері  жұмыс 

істейтін  мемлекеттік  және  жеке  меншік  колледждердің  санымен 

салыстырғанда,  жеткіліксіз.  ТжКБ  бойынша  өңірлік  департаменттердің 

негізгі  қызметі  колледждерді  лицензиялау,  колледж  директорларын 

тағайындау,  ТжКБ-да  оқитын  оқушыларды  қаржыландыру  мен  жоспарлау 

(мемлекеттік  тапсырыс  аясында)  және  ТжКБ  ұсынған  қызметтерді  бақылау. 

Колледждердің  көптігін  және  білім  беру  реформасының  кең  ауқымын 

ескерсек,  ТжКБ  бойынша  өңірлік  департаменттердің  құрамы  жеткіліксіздігі 

байқалады.  Қазіргі  кезде  ТжКБ  өңірлік  департаменттерінде  өңірдегі  білімді 

және білікті жұмыс күшіне ағымдағы және болашақтағы сұранысты болжай 

алатын,  ТжКБ  өңірлік  жүйесін  дамыту  мен  жаңғырту  үшін  өзге 

ведомстволармен  және  өңірлік  статистикалық  органдармен  ынтымақтасуға 

қабілетті, ТжКБ-ға тең қолжетімділік мәселелері жөніндегі мамандарға деген 

қажеттілік бар. 

ТжКБ-ның  негізгі  әлеуеттік  бенефициары  болып  табылатын,  14  пен  

24    жас  аралығындағылардың  ТжКБ-ға  қатысуының  өңірлік  деңгейі  9,4% 

және  20%  аралығында  құбылып  тұрады.  Бұл  ТжКБ-ның  мемлекеттік  және 

жеке  меншік  мекемелерінде  білім  алу  мүмкіндігінің  қолжетімділігіндегі 

өңірлік  айырмашылықтарды,  сондай-ақ,  студенттердің  техникалық  білімін 

өздері  қаржыландыру  қабілеттерінің  айырмашылығын  көрсетеді.  Орташа 

есеппен,  жастардың  көпшілігіне  (54,8%)  техникалық  білімін  өз  күшімен 

қаржыландыруға  тура  келеді.  Кей  өңірлерде  ақылы  негізде  оқып  жатқан  14 

пен 24 жас аралығындағы студенттердің үлесі 65% -тен асады. 

ТжКБ-ларды қаржыландырудағы өңірлердің айырмашылығы: 

  14–24  жас  аралығындағылардың  ТжКБ-ға  қатысу  деңгейінен  (9,4% 

және 21,8% аралығында); 

 

өңірлік бюджеттен қаржыландырылатын, 14 пен 24 жас аралығындағы 



ТжКБ  студенттерінің үлесінен (32,7% және 70,8%); 

 

өңірлік  атқарушы  органдардың  күндізгі  бөлім  студентін  жылына 



қаржыландырудың  орташа  мөлшерлемесі  бойынша  бюджеттік 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

10 


 

қаржыландыруды  пайдалануынан  (164,000  және  442,000  тенге 

аралығы); 

 

студенттердің  техникалық  білімін  өздері  қаржыландыруының  түрлі 



мүмкіндіктерін көрсететін, ТжКБ білім беру қызметтерін жеке меншік 

оқу  орындары  ұсынатын  оқу  құнынан  (80,000  және  280000  тенге) 

айтарлықтай дәрежеде көрінеді. 

Қазақстандағы  ТжКБ  жалпы  жұмыс  күшінің  шамамен  75  пайызын 

даярлау  мен  біліктілігін  арттыруға  жауапты.  Ұлттық  жұмыс  күшінің  негізгі 

құрылымдық  мәселесі  болып  белгілі  бір  білім  немесе  машықты  талап 

етпейтін  (Мамандықтарды  халықаралық  стандартты  топтастырудың  9  тобы 

ISCO-08)  жұмыс  орындарының  үлесі  өте  жоғары  –24,4  пайызға  дейін 

жететіндігінде.  Олардың  жартысынан  астамы  өнеркәсіптегі,  құрылыстағы, 

тау-кен 


өндіруші 

және 


басқа 

да 


экономиканың 

технологиялық 

салаларындағы 

біліктілігі 

жоқ 

жұмысшылар. 



Біліктілігі 

жоқ 


жұмысшылардың қалған бөлігі қызмет көрсету секторы мен саудаға тиесілі. 

Бұл мәселе, білікті жұмысшылардың үлесін жұмысшылардың басым бөлігін 

даярлау және жұмыспен қамтылған тұрғындардың біліктілік деңгейін көтеру 

арқылы шешілуі тиіс. Сондай-ақ, еңбек нарығында сұраныс  пен ұсыныстың 

сәйкессіздігі  де  бар.  Сауалнама  барысында  жиналған  мәліметтер,  еңбек 

нарығының  ауқымы  жөнінде  ТжКБ  түлектері  өз  біліктіліктері  аясында 

жұмыс табатыны жайлы түйін жасауға мүмкіндік берді. Деректер Қазақстан 

Республикасының  еңбек  нарығында  жұмыс  орындарының  20,4%  жоғары 

білімді  талап  ететінін  (басқарушылық  және  кәсіптік  бос  орындар),  ал 

экономикалық  белсенді  халықтың  33%  ЖОО  түлектері  немесе  аяқталмаған 

жоғары білімі бар тұлғалар екенін көрсетіп отыр. Осылайша, ЖОО түлектері 

мен  аяқталмаған  жоғары  білімі  бар  адамдардың  үлесі  тиісті  жұмыс 

орындарының санынан 1,7 есе артық екенін көреміз. Экономикалық белсенді 

тұрғындар  арасында  техникалық  мамандықтар  бойынша  түлектердің  саны 

қолжетімді  жұмыс  орындарының  санынан  3  есе  асып  кетеді.  Яғни,  білікті 

еңбектегі  жұмыс  орындарының  80  пайызын  ТжКБ  техникалық 

мамандықтарының  түлектері,  ЖОО  түлектері  немесе  ешқашан  кәсіптік 

даярлықтан өтпеген жалпы білімі бар адамдар иеленген. 

Білім  беруді  дамыту  бағдарламасы  «сапаны  қамтамасыз  етуге»  емес, 

«сапаны  бағалауға»  бағытталған.  Ал  сапаны  қамтамасыз  ету  көптеген 

елдердің  басты  назарында  тұр.  Білім  сапасымен  байланысты  іс  шараларды 

жоспарлау ТжКБ сапасының ұлттық тұжырымдамасына негізделуі тиіс. Білім 




жүктеу 222,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау