Анықтамалық Білім беруге, адам капиталының дамуына инвестиция жұмсау жалпы қоғам игілігінің кілті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ



жүктеу 222,77 Kb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата25.11.2017
өлшемі222,77 Kb.
#1769
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

 



және  ЕО  құжаттарында  көрсетілген  бірқатар  маңызды  қағидаларды 

қарастырмаған. Олар: 

 

ТжКБ-ның:  (а)  тұрғындар  сұранысына  (жастардың  жеке  дамуы  және 



біліммен  әлеуметтік  ықпалдасуы,  кәсіби  дайындығы  мен  жұмысқа 

орналасу  басымдығы  ретінде);  (ә)  мүдделі  тараптардың  талаптарына 

(барлық  деңгейдегі  мемлекеттік  органдардың,  жұмыс  берушілер  мен 

кәсіподақтардың,  студенттердің,  қоғамның  және  т. т.)  және  (б)  еңбек 

нарығының  сұранысына  (салалардың,  өңірлік  экономиканың,  жұмыс 

берушілердің) сәйкестігі; 

 

білімге,  кәсіби  дайындыққа  және  жұмысқа  орналасуға  тең 



қолжетімділік; 

 

ТжКБ қызметтерін ұсыну сапасы («сапалы білімге» тең қолжетімділікті 



қамтамасы етуге); 

 

ТжКБ  жүйесі  мен  институттарының  тиімділігі  (нәтижеге  жету  үшін 



ресурстарды пайдалану); 

ТжКБ дамыту және бақылау саласындағы ұлттық саясатта ұлттық және 

өңірлік  билік  органдарын,    министрліктерді,    салалық    және    өңірлік  

кеңестерді,  ТжКБ  қызметтерін ұсынатын мекемелерді қоса алғанда, барлық 

мүдделі  тараптардың  мүдделерін  қарастыратын  және  жауапкершілігін 

анықтайтын 

ТжКБ-ны 

дамытудың 

негізгі 

бағыттары 

жеткілікті  

айқындалмаған. Білім туралы заңда үкіметтің білім беру мәселелері бойынша 

саясатты  дамытуға  жауап  беретіндігі  айтылған.  Негізгі  мүдделі  тараптар 

кәсіби  стандарттарды  дамыту  және  машықты  бағалау  секілді  үдерістерге 

техникалық  септігін  тигізуге  міндетті.  Нәтижесінде  мүдделі  тараптар  ТжКБ 

саясатын  әзірлеуде  тең  емес  серіктес  болып  шығады  да,  ол  ТжКБ  –  ны 

басқарудағы  әлсіздіктен  көрініс  табады.  Бұл  жерде  келісілген  үдерістердің 

жиынтығы  болуы  тиіс,  сол  арқылы  мүдделі  тараптар  ТжКБ  саясатын 

әзірлеуге, қаржыландыруға, сапаны қамтамасыз етуге, біліктілікті дамытуға, 

жұмыс орны бойынша оқытуға және ТжКБ оқушыларының білімін бағалауға 

өз үлестерін қосуға міндеттеме алуы тиіс. 

Білім  алуға,  кәсіби  дайындыққа  және  жұмысқа  орналасуға 

қолжетімділіктің  теңдігі  маңызды  халықаралық  конвенцияларда,  ХЕҰ, 

ЮНЕСКО  және  ЕО  құжаттарында  айқындалған  халықаралық  саясаттың 

маңызды  міндеттерінің  бірі.  ХЕҰ-ның  адам  ресрустарын  дамыту  жөніндегі 

№  195  ұсынымдарында  «оған  мүше-елдер:  а)  жұмысқа  қабылдар  алдында 

білім мен даярлыққа, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастыққа, жұмысқа 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

 



орналасу  мүмкіндіктерін  жақсарту  бойынша  бәріне  қолжетімділікті  кеңейту 

және  әлеуметтік  инклюзивтілікке  атсалысуға  жауапкершілігін  мойындауы 

тиістігі»  мәлімделген  (8  бөлім.  6  бет).  Алайда,  Қазақстан  Республикасының 

білім беруді дамыту бағдарламасы теңдікті «білім беру үдерісіне, озық білім 

беру  ресурстары  мен  технологияларына  барлық  қатысушылардың  тең 

қолжетімділігін қамтамасыз ету» амалы ретінде қарастырған (ҚР БҒМ, 2010). 

Адам  ресурстарын  дамыту  жөніндегі  халықаралық  құжаттар 

техникалық  және  кәсіптік  білім  жеке  тұлғаның  дамуы  мен  әлеуметтік 

ықпалдастыққа  айтарлықтай  үлес  қосатынын  мойындайды.  Ол  бірінші 

кезекте  жастар  үшін  жеке  және  әлеуметтік  пайда  келтіреді.  Бұл  ТжКБ 

қолжетімділігін қамтамасыз ету еңбек нарығының сұранысын өтеу үшін ғана 

емес,  жастардың  талаптарына  жауап  беру  үшін  де  жүзеге  асуы  тиістігін 

білдіреді.  Адам  ресурстарын  дамыту  бойынша  халықаралық  ұсынымдарды 

басшылыққа  алу  Қазақстан  Республикасының  білім  туралы  заңында  (3-бап: 

білім  беру  саласындағы  ұлттық  саясаттың  қағидалары)  төтесінен  айтылған. 

Онда  білім  берудің  жеке  және  әлеуметтік  дамуды  қамтамасыз  етуге 

бағытталғаны көрсетілген. 

Қазақстанда  2012  жылы  қабылданған  біліктілік  дескрипторларының  

сипаттамасы  Еуропалық  біліктілік  талаптарының  дескрипторларына  сай 

келеді. Алайда, Қазақстанда қабылданған формат ұлттық біліктілік үлгілерін 

емес,  тек  біліктілік  деңгейлерін  ғана  қамтыған,  бұл  белгілі  бір 

бұлыңғырлыққа  әкелді.  Біріншіден,  ұлттық  біліктілік  жүйесі  біліктіліктің 

атаулары  мен  сипаттамаларын  бермейді.  Екіншіден,  біліктілік  жүйесі  түрлі 

біліктілікке  жету  үшін  оқу  бағдарламасының  номиналдық  жалғасуын 

қарастырмайды.  Үшіншіден,  ұлттық  біліктілік  жүйесі  ұлттық  біліктілік 

деңгейлері  өнеркәсіп  саласының  ерекшелігіне  байланысты  түрлі  кіші 

деңгейлерге  бөлінуі  мүмкін  /бөлінетін  салалық  біліктілік  жүйесімен  қатар 

өмір  сүруі  тиіс.  Мұндай  қадам  келісілген  ұлттық  біліктілік  деңгейлеріне 

негізделген,  ұлттық  біліктіліктің  келісілген  үлгілерінің  бар  болуынан 

күтілетін  пайдаға  кереғар.  Өнеркәсіп  салаларының  өкілдері  кәсіптік 

стандарттар мен біліктіліктерді әзірлеуге белсенді қатысатындығы күтілуде. 

Алайда,  кәсіптік  стандарттарды  дамыту  үдерістеріне  біртектілік  пен 

үйлестірушілік жетіспейді. Жалпы мамандықтар үшін кәсіптік стандарттарды 

дамытуды  өнеркәсіптің  тиісті  салаларымен  келісе  отырып,  сарапшылардың 

ұлттық  топтарына  жүктеу  керек,  ал  нақты  бір  сала  үшін  арнайы 

мамандықтардың  стандарттарын  әзірлеу  жауапкершілігі  өнеркәсіптің  тиісті 




жүктеу 222,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау