25
4. Бюджеттің атқарылу ережелері
Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары
мемлекеттік
мекеменің негізгі құжаты болып табылады ол: «Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесінің»
19
(одан әрі - Ереже) 1-4-қосымшаларына
сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық
сыныптамасына сай міндеттемелер
бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке
жоспар нысанында қалыптастырылады (
Нұсқаулықтың 2-5 қосымшалары).
Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінің түрлерін толық және
уақтылы төлеумен, оларды Бірыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрі - БҚШ) есепке
алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-
шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге
асыруымен қамтамасыз етіледі.
4.1.
Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ҚБШ беру және жабу
Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (одан әрі - ҚБШ) – мемлекеттік мекеменің тауар
(жасалған жұмыс, қызмет көрсету) өткізгенінен түскен қаражаттарды есепке алу және онын
есебінен қаражаттарды жұмсау, ҚР заңнамалық актілеріне сай мемлекеттік мекемеге
демеушілік, қайырымдылық көмек ретінде түскен ақашаны есепке алу және жұмсау, ҚР
заңнамалық актілеріне сай мемлекеттік мекемеге жеке немесе заңдық тұлғалардан
түсімдерді қайту алу немесе тиісті бюджетке немесе басқа тұлғаларға белгілі бір жағдайда
аудару мүмкіндігі бар шартпен есепке алу операцияларды есептеу.
Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемеге шығыстарды жүргізу үшін
жеті таңбалы код береді, мұндағы алғашқы үш таңба ҚР ББК сәйкес бюджет
бағдарламасының әкімшісін білдіреді, қалған төрт таңба әрбір мемлекеттік мекеме үшін
жеке беріледі.
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі тоқсан сайын ақылы қызмет көрсету, демеушілік,
қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру және шетелдік валютадағы шоттарды
тексереді және 6 ай аралығында ешқандай қозғалыс болмаса, ақша қалдығы және ҚБШ
мәліметтері мен шоттарды жабу туралы мемлекеттік мекемеге хабарлама жасайды.
Егер хабарлама алған күннен 3 жұмыс күннің ішінде ақылы көмек, демеушілік,
қайырымдылық көмек және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ жабуға шара қолданбаған
жағдайда, ҚБШ бюджет атқарулуы бойынша орталық уәкілетті органмен өз бетінше
жабылады.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтарының
қолданылуын тоқтату үшін, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті органдарға Ереженің 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
мемлекеттік мекеме кодтарының қолданылуын тоқтатуға өтінімді жібереді.
19
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 Қаулысы, 24.04.2013ж. өзгерістерімен
26
Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытна
ораластырудың ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жабу үшін мемлекеттік мекеме
қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне Ереженің 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініш береді. Өтініш
екі данада беріледі
4.2.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
Мемлекеттік мекемелер шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері
бойынша міндеттемелерді ағымдағы қаржы жылына міндеттемелер бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сома көлемінде қабылдайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелерде міндетті тіркеуден өткеннен кейін мемлекеттік
мекемелерінің азаматтық- құқықтық мәмілері күшіне енеді. Бюджет атқарылуына тиісті
орталық уәкілетті орган шығындардың экономикалық жіктеу ерекшеліктер тізбесін,
сонымен қатар жасалған келісім шарттар аумақтық қазынашылық бөлімшелерде тіркеуге
міндет болып табылатын шығындар түрлерін аңықтайды. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалық нормаларын қолданбай тауарлар (жұмыстар,
қызметтер) сатып алу жөнінде мемлекеттік мекемелермен азаматтық- құқықтық мәміле
жасасу азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Шығыстарды орындау кезіндегі мемлекеттік мекеменің міндеттемелері келесі
негіздемелермен орындалған болып табылады:
1)
тауарларды (жұмыс, қызмет) сатып алу туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген шот-фактура, хабарландыру-шот немесе басқа құжат
негізінде;
2) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы, шәкіртақы және басқа да ақшалай
төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, бюджетке
аударымдар жасау құжаттар негізінде;
3) бюджеттен трансферттер бөлінген кезде бюджеттің міндеттемелері бойынша
бюджет бағдарламаларының әкімшілігі қаржыландыру жоспарының негізінде;
4) инкассалық өкім негізінде;
5) осы тізімге енгізілмеген ерекше шығыстар мен шығыстардың басқа түрлеріне
төлемдер жасау кезінде төлем шоттарын ұсыну негізінде.
4.3.
Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін қабылдауға қойылатын
талаптар
Азаматтық-құқықтық мәмілелер мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
заңы бекіткен мерзімнен, яғни ағымдағы қаржы жылынан асырмай жасалады. Мемлекеттік
мекемелермен іске асырылу мерзімі
ағымдағы қаржы жылынан асатын шартқа отыру
Ереженің 153 тармағына сәйкес жеке жағдайларда рұқсат етіледі.
Шығыстардың бюджеттік жіктеудің әрбір коды бойынша аванстық (алдын ала) төлем
ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан артық емес мөлшерде
шығыстардың экономикалық таптастырудың мынадай ерекшеліктері бойынша рұқсат
етіледі:
141 «Тамақ өнімдерін сатып алу»;
142 «Медикаменттер мен өзге медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу»;