Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет18/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37

45 
 

 
электр шотын, су тұтынуды, өртке қарсы қондырғыларды және т.б. тексеру;  

 
тауар алуды немесе қызмет көрсетуді  растау  үшін   директор немесе өкілетті  тұлға 
бухгалтерлік құжаттарға қол қояды; 

 
директордың алдын-ала рұқсаты бойынша кассир (бухгалтер) нақты ақшаны шешеді 
және төлейді; 

 
бухгалтерия жылдық және аралық қаржылық есептерді дайындайды, оған директор 
қол қояды. 
 
Ішкі басқару бақылауының құралдары: 
 
Ішкі есептіліктің тиімді жүйесін құру.  
 
Ішкі есептілікті ұсыну мерзімдері мен кезеңділігін анықтау. 
 
Ұсынылатын  басқару  ақпаратының  толықтылығы  мен  құндылығы  туралы  уақытылы 
кеңес беру. 
 
Ішкі бухгалтерлік бақылау  
Ішкі  бухгалтерлік  бақылау  –  шаруашылық  ақпаратты  есепке  алу  және  өңдеу  кезінде 
бухгалтерияның жүзеге асыратын бақылауы. 
Ішкі бухгалтерлік бақылаудың құралдары: 
 
Бастапқы есеп құжаттарын есепке алу кезінде тексеру. 
 
Барлық бухгалтерлік жазбаларды құжат түрінде растау және рұқсат етілуі. 
 
Өзара  байланысқан  операцияларды  бақылау  (мысалы,  қаражат  аудару  және  тауар 
алу).  
 
Бухгалтерлік жазбаларды компьютерге енгізу кезінде олардың толықтылығын тексеру. 
 
Сынамалық балансты құру арқылы шоттарды үнемі салыстырып тексеру. 
 
Дебиторлар мен кредиторлармен өзара есептесуді үнемі салыстырып тексеру. 
 
Есептегі деректерді салыстырып тексеру: 
 
Банктегі шоттардың көшірмесімен, 
 
Кассалық кітап бойынша шыққан қалдықтармен. 
 
Шығыс сметаларды сақтауын қадағалау. 
 
Ақпараттың сақталуын, құпиялылығын қамтамасыз ету.  
 
d.  Ішкі бақылау және тәуекелдікті басқару  
Мектептің  шаруашылық  қызметіндегі  негізгі  тәуекелділік  түрлерін  бақылауды  жеке 
деңгейде ұйымдастыруға болады. 
Жеке деңгейде (жұмыскер деңгейінде) тәуекелдіктің келесі түрлері болады: 
 
құндылықтарды ұрлау тәуекелдігі; 
 
зиян тигізетін мәмілелер тәуекелдігі; 
 
ұйымды сыбайлас жемқорлыққа тарту тәуекелдігі. 


46 
 
Аталған тәуекелдіктерді бақылау үшін келесі шараларды қолдануға болады: 
1.  Алдын-ала бақылау 
a.  қаржылық шешімдерді қабылдауға өкілетті жұмыскерлердің мінез-құлқы мен 
біліктілік өлшемдерінің болуын бақылау; 
b.  еңбек шартының мазмұнын бақылау; 
c.  лауазымдық нұсқаулықтардың бар болуын және оның мазмұнын бақылау. 
2.  Ағымдыға бақылау 
a.  бір  тұлғамен  берілетін,  төленетін  немесе  тартылатын  ресурстардың  көлемін 
бақылау; 
b.  анықталған  лимит  сомасынан  асып  кететін  шаруашылық  операциялар  мен 
мәмілелердің көлемін бақылау 
3.  Кейінгі бақылау 
a.  жұмыскерлердің бастапқы құжаттарды дұрыс толтыруын бақылау; 
b.  бекітілген  салыстырып  тексеру  процедураларын,  сонымен  қатар  келісім  және 
төлем құжаттарына бұрыштама қою толық көлемде бақылау
c.  есепке  алу  және  есептілік  деректерінен  тұратын  бастапқы  құжаттар  базасында 
қалыптастыру процедурасын бақылау 
7.4. Қаржылық тәртіп және бухгалтерлік есепті біркелкі үлгіде бұзу  
Бақылау  органдары  (Прокуратура,  Қаржы  полициясы,  Қаржылық  бақылау  комитеті, 
облыстардағы  ҚР  Есеп  комитеті)  білім  беру  ұйымдарында  жүргізген  тексерістердің 
талдауы қаржылық тәртіп және бухгалтерлік есепті бұзудың  көп үлесі келесі нормативтік-
құқықтық және реттейтін құжаттарда кездесетіндігін көрсетті: 

 
Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  «Азаматтық  қызметшiлерге,  мемлекеттiк 
бюджет  қаражаты  есебiнен  ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлерiне,  қазыналық 
кәсiпорындардың  қызметкерлерiне  еңбекақы  төлеу  жүйесi  туралы»  2007  жылғы  29 
желтоқсандағы №1400 Қаулысы. 

 
«Орташа  жалақыны  есептеудің  бірыңғай  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 Қаулысы. 

 
«Мемлекеттiк  бюджет  қаражаты  есебiнен  Қазақстан  Республикасы  органдарының 
қызметкерлерiне  сыйлық  беру,  материалдық  көмек  көрсету  және  лауазымдық 
жалақыларына  үстемеақылар  белгiлеу  ережесiн  бекiту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы 
Үкiметiнiң 
қаулысы 
2001 
жылғы 
29 
тамыз 
№1127  
(31.12.2003ж. №1385 , 13.05.2004ж.  №532 Қаулыларымен өзгеріс енгізілген).  

 
«Мемлекеттік 
бюджеттiң 
есебiнен 
ұсталатын 
мемлекеттік 
мекемелер қызметкерлерiнiң,  сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасының  Парламенті 
депутаттарының  Қазақстан  Республикасының  шегіндегі  қызметтiк iссапарлары 
туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 
қыркүйектегі № 1428 Қаулысы. 

   «Өзгерістер  енгізу  туралы»  ҚР  Үкіметінің  2008  жылғы  31  шілдедегі  кейбір 
шешімдеріне толықтырулар. 

 
«Мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы. 

 
«Тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді  сатып  алу  кезінде  жергілікті 
мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және 


47 
 
талдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 
жылғы 30 желтоқсандағы №647 бұйрығы. 
 
Біркелкі  үлгідегі  бұзушылыққа  еңбекақыны  және  үстеме  ақыны  дұрыс  есептемеу, 
бухгалтерлік  есепті  жүргізу  нұсқаулығын  бұзу,  ұялы  телефонды  қолдану  арқылы  негізсіз 
шығынға  ұшырату  және  басқалары  жатады.  Мемлекеттік  сатып  алу  мәселелерін  жеке 
атаған  жөн.  Өткізу  формасы,  қажет  конкурстық  құжатты  дайындау,  мақсатқа  сай  30% 
алдын-ала төлеу,  арам  пиғылды жабдықтаушыға шара қолдану, қазақстандық  мазмұндағы 
есепке  алу  –  осының  барлығы  мектеп  директорларында  қиындық  туғызып,  көбінесе 
қателікке ұшыратады.  
 
 
 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау