19
131 «Техникалық персонал еңбекақысын төлеу» және 159 «Өзге де қызметтер мен
жұмыстар төлемі»ерекшеліктері бойынша шығыстар көрсетілген жағдайда еңбекақы
төлеу бөлігінде келесі жағдайларды ескеру қажет:
1) егер жұмыскер (штаттан тыс лауазым) еңбек келісімшарты негізінде жұмысқа
қабылданатын болса, осы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі 131 «Техникалық персонал
еңбек төлемі» ерекшелігі бойынша көрсетіледі;
2) егер жұмыскермен белгілі бір қызметтерді көрсетуге келісімшарт жасалса және
олардың төлемі орындалған жұмыстар актісі негізінде іске асырылатын болса, осы
жұмыскерлер қызметін төлеу 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар төлемі» ерекшелігі
бойынша іске асырылатын болады.
Қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарына
орналасқан бағдарламаларға қатысушылардың еңбекақыларын қаржыландыру бөлігінде
қолданыстағы заңнама нормаларын зерделей отыра, келесіні хабарлаймыз:
1) қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
өкілетті орган және жұмыс берушілер арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға
үлгілік шарт негізінде іске асырылады. Сондықтан, қоғамдық жұмыстарды
қаржыландыру 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар төлемі» ерекшелігі бойынша
көрсетілуі керек.
2) жастар саясатын қаржыландыруды өкілетті орган жасалған шарт негізінде жұмыс
берушімен бірге іске асырады. Сонымен қатар, жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс
орындарына орналасқан түлектерге еңбекақы төлемін өкілетті орган екінші деңгейлі
банктерде ашылған жастар тәжірибесіне қатысушылардың жеке есеп – шотына
ақшалай қаражатты аудары жолымен іске асырады. Жастар тәжірибесіне
қатысушылар жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органның штаттан тыс
жұмыскерлері болып табылмайтындықтан, жастар тәжірибесін қаржыландыру
шығыстарын 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар төлемі» ерекшелігі бойынша іске
асыру мүмкін деп есептейміз.
3) Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, Үкіметтің 2011 жылғы 18
шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмысқа тұрған Бағдарлама қатысушыларының еңбекақысын субсидиялау механизмі
қоғамдық жұмыстар мен жастар тәжірибесін қаржыландыру механизмдеріне ұқсас.
Ерекшелігі – аталған жағдайда уәкілетті орган жұмыспен қамту Бағдарламасына
қатысушыларға еңбекақының тек бір бөлігін төлейтіндігінде. Сол себепті, Бағдарлама
қатысушыларының еңбекақысын субсидиялауға кететін шығындарды 159 «Өзге де
қызметтер мен жұмыстар төлемі» ерекшелігі бойынша да жүзеге асыруға болады деп
есептейміз.
Экономикалық сыныптамасының белгілі бір ерекшелігін қолдану жөніндегі кейбір
сұрақтарға ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті жауап берді.
11
(Нұсқаулықтың 8-қосымшасын
қараңыз).
3.2 Мектептерді қаржыландырудың басқа көздері
Білім беру жүйесі қаржыландыру көздері ҚР «Білім туралы» заңының 61-бабына
сәйкес:
11
№КК-1-21/937 - 02.05.2013ж.