Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет8/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37

20 
 
1)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  қайшы  келмейтін  ақылы  қызметтер 
көрсетуден түскен кірістер; 
2) екінші деңгейдегі банктер кредиттері
3)  демеушілік  және  қайырымдылық  көмек,  өтемсіз  аударымдар  мен 
қайырмалдықтар, гранттар болып табылады. 
ҚР мектептері қаржы ұйымдарының кредиттерін қолданбаған. 
a.  Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер 
көрсетуден түскен кірістер  
ҚР  «Білім  туралы»  заңының  63-бабына  сәйкес  мемлекеттік  білім  беру  мекемелері 
білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс төмендегі 
қызметтерді ақылы негізде беруге құқылы: 
1)  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  (балалар  және  жасөспірімдер 
шығармашылығын,  спорт,  мәдениет  және  өнер  саласындағы  бейімділіктер  мен 
қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру
2)  оқу  жоспары  мен  бағдарламалары  бойынша  бөлінген  оқу  уақытынан  пәндер 
(сабақтар  және  сабақтардың  циклдері)  бойынша  жекелеген  білім  алушылармен  қосымша 
сабақтар ұйымдастыру; 
3)  пәндер  (сабақтар  және  сабақтардың  циклдері)  бойынша  білім  алушылармен 
ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру; 
4)  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілер,  педагог  қызметкерлер  мен  ересек 
жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, 
сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру 
және өткізу; 
5)  музыка  аспаптарын  пайдалануға  беру  және  Интернет-байланыстың  қосымша 
қызметтерін ұсыну; 
6)  жазғы  демалысты  ұйымдастыру,  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің,  білім 
беру  ұйымында  өткізілетін  түрлі  іс-шараларға  қатысушылардың  тамақтануын  қамтамасыз 
ету; 
7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу
8)  кәсіптік  оқытуды  ұйымдастыру  (техникалық  және  қызмет  көрсетуші  еңбек 
мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру); 
9)  оқу-өндірістік  шеберханалардың,  оқу  шаруашылықтарының,  оқу-тәжірибе 
учаскелерінің  өнімдерін  өндіру  мен  өткізуді  ұйымдастыру  бойынша  тауарларды 
(жұмыстарды, қызметтер көрсетуді). 
 
Мемлекеттік білім беру мекемесі Сыныптауышқа сай жоспарланып отырған ақылы қызмет 
түрін  анықтайды
12
.  Мемлекеттік  білім  беру  мекемелерінде  ақылы  түрде  ұсынылатын 
тауарлар (жұмыс, қызмет) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасы бекіткен тәртіпте 
бекітілуі керек. Алайда бұл тәртіп қандай құжаттармен реттелетіндігі туралы нақты дерек 
жоқ.  Төменде  осы  Нұсқаулықтың  авторлары  білім  беру  ұйымдарында  кездесетін 
практиканы ұсынып отыр. 
                                                           
12
"Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде 
қалатын мемлекеттiк
 
мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң 
сыныптауышын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 
215 бұйрығы.
 


21 
 
Кірісті  есептеу  үшін  мекеме  бухгалтері  ұсынылатын  қызмет  құнының  калькуляциясын 
жасайды. Бұл есептеулер мен түсіндірме жазба ақылы қызметтің әр түрінің ақша түсімдері 
мен  шығындары  жоспарына  қоса  беріледі.  Бұл  құжат  Қамқоршылық  кеңестің  қарауына 
ұсынылады.  Содан  кейін  оны  бюджеттік  бағдарламаның  әкімшісіне  (білім  беру  бөліміне) 
бекітуге ұсынады.  
 
1.  Ақылы қызмет көрсету түрлерін анықтау 
Мектеп, Қамқоршылық кеңес 
2.  Ұсынылатын қызмет құнының калькуляциясы 
Мектеп бухгалтері 
3.  Есептеулер мен түсіндірме жазбасы бар ақылы қызметтің әр 
түріне ақша түсімдері мен шығындарының жоспары 
Мектеп  
4.  Ақша түсімдері мен шығындарының Жоспарына келісім алу 
Қамқоршылық кеңес 
5.  Ақшалай түсімдер мен шығындардың Жоспарын бекіту 
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі (білім беру бөлімі) 
Осылайша, ұсынылатын ақылы қызметтің баға прейскуранты пайда болады, ол әр мектепте 
әр түрлі болуы мүмкін.  
Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасын  жасау  және 
дамыту  бюджет  қаражаттары,  ақылы  негізде  көрсетілетін  қызметтерден  түскен  кірістер, 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  тыйым  салынбаған  өзге  де  көздер  есебінен 
жүзеге асырылады (ҚР «Білім туралы» заңы, 64-бап). 
 
Қазақстан  Республикасы  Бюджет  кодексінің  70-бабының  2  тармағына  сәйкес  тауарларды 
(жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  өткізуден  түсетін  ақша  өз  иелігінде  қалатын 
мемлекеттік  мекемелердің  оларды  өткізу  бойынша  ақылы  қызмет  түрлерін  көрсету  және 
олардың  тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  өткізуден  түскен  ақшаны 
жұмсау тәртібін мемлекеттік білім беру мекемелері анықтайды.
13
 
 
Осы Ережелерге сай мекемелерде арнайы орында келесі ақпараттарды көрсету керек:  
1)  Мемлекеттік  білім  беру  мекемесі  ұсынатын  тауарларды  (жұмыстарды,  көрсететін 
қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізімін; 
2)  заңмен  бекітілген  тәртіп  бойынша  ұсынатын  тауарлардың  (жұмыстардың, 
көрсететін қызметтердің) баға прейскуранты; 
3)  үлгілік шарт нысаны.
14
 
 
Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының өзара қатынастары шартпен 
реттеледі.  Ақылы  негізде  тауарлар  (жұмыстар  және  қызметтер  көрсету)  ұсынуға  арналған 
үлгілік  шарттың  нысанын  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  бекітеді. 
Интернет-байланыстың  қосымша  қызметтеріне  төлем  жасау  үшін  шарт  жасаспай-ақ 
түбіртекті  (шот-фактураны)  төлеу  арқасында  ұсынылуы  мүмкін.  Мемлекеттік  білім  беру 
                                                           
13
ҚР Үкіметінің 2009 жылы 20 шілдеде №1102 қаулысымен бекітілген. 
14
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылы 18 қаңтарда №21 бұйрығымен бекітілген 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау