Құрметті студент!
Сіздер оқитын физика курсы екі семестрден тұрады. Әр семестр басында сіздерге екі бөлімнен тұратын электронды оқулық беріледі.Оның ішінде физиканың негізгі бөлімдері мен курсы келтірілген. Физика курсын оқу шарты түрде келесідей жұмыс түрлеріне бөлінеді:
теорияны оқу, есептерді шығару және зертханалық жұмыстарды орындау.
Семестр бойы сіз теориямен танысып, Физика 1 пәні бойынша 20 есеп және Физика 2 пәні бойынша 10 есептен тұратын 0-19 нұсқалары бойынша берілген бақылау жұмыстарын орындауға тиіссіз.
Физика 1 пәні бойынша сіз мына бөлімдерін зерделейсіз: механика, молекуларлық физика, термодинамика, электростатика, тұрақты тоқ, электрмагнетизм. Физика 2 бөлімі бойынша электромагниттік толқындар, оптика, кванттык, атомдық физика бөлімдерін зерделейсіз.
Қосымша ақпараттарды оқулықта берілген қолданылған әдебиеттер тізімі бойынша таба аласыздар.
Оқулық бойынша сіз бақылау жұмыстарын орындайсыз. Бақылау жұмысының мазмұнын ұсынылған электронды оқулықтан аласыз. Сол оқулықтан бақылау жұмысын орындау барысымен формаға келтіру әдісімен танысасыз.
Орындалған бақылау жұмысын міндетті түрде оқытушыға электронды түрде немесе дәптерге орындап тапсыруыңыз керек. Тексеру барысында бақылау жұмысының дұрыстығы мен оның формаға келтірілуі тексеріледі.
1. Есеп шарты толық және оның қысқаша берілгені болуы керек.
2. Есептерді шығару барысында өлшем бірліктерінің болуы тиіс.
3. Есепті шығару процесінде заңдардың тұжырымы болуы керек
4. Алынған шаманың өлшем бірлігінің тексерілуі болуы керек
5. Өлшем бірлігі ХБ жүйесінде болуы керек.
Тапсырылған бақылау жұмысының тексеру нәтижесімен танысып қажетті жағдайда ондағы қателіктерді түзетіңіз. СӨЖ сабағы уақытында сіз өзіңіздің бақылдау жұмысыңызды қорғайсыз. Қорғау кезінде сіз есепті шығару жолына сәйкес оқытушының сұрақтарына жауап бересіз.
Семестр бойынша 8 зертханалық жұмыс орындалуы тиіс. Бірінші аттестация бойынша 4 жұмыс, екінші аттестация бойынша 4 жұмыс. Әрбір жұмысты орындау нәтижесінде есеп мына түрде мазмұндалады:
-жұмыстың аталуы;
-жұмыстың мақсаты;
-қарастырған жұмыстың өлшеу нәтижелері;
-қарастырған жұмыстың графиктері;
-Есептеу нәтижелері, есептеу жолдары келтірілген;
-Алынған нәтижелерді талдау;
Барлық 8 зертханалық жұмыстардың есебі әр сабақ алдында дайын болуы керек және зертханалық жұмыс уақыты кезінде қорғалуы керек . Есепті қорғау кезінде студент зертханалық жұмыстарды еркін игергендігін дәлелдеуі және теория бойынша бақылау сұрақтарына жауап беруі қажет.
Тек бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғағаннан кейін ғана сіз емтиханға рұқсат етілесіз.
|
Барлық сізге қажетті сұрақтарға жауапты мыналардан аласыз:
e-mail julia2@ok.kz;kopbalinak@kstu.kz
Web-портале ДО;
КарГТУ, физика кафедрасы Б.Мира, 56, 1-ші корпус, 408 ауд.
Достарыңызбен бөлісу: |