Денсаулық сақтау ұйымы
тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке
белгіленген
қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан,
жазатайым оқиға туралы актімен
ресімделеді.
Ескерту. 324-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.04.2014
№ 195-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы
тергеп-тексеру ерекшеліктері
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган
мынадай құрамда құратын комиссия жүргізеді:
төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері – жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді
.
3. Қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі
мемлекеттік инспектор
кіреді.
Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде үш адамға дейін қайтыс болған жағдайда
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі
арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда
мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да
көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру
жөніндегі комиссияның
төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары
қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны,
қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
нысандағы арнайы тергеп-тексеру
белгілеген
актісімен ресімделеді.
7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден,
куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген
біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер
жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
8. Ұйым
объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттің және басқа да
жағдайлардың салдарынан зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (
жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия
авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы басшысының және сарапшы мамандардың
қорытындысы
негізінде айқындайды.
Ескерту. 325-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013
№ 102-V
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11.04.2014
№ 189-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
326-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру
материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу
1.
толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау
Жазатайым оқиға туралы акт
қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды
және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
2. Улану жағдайларында
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
жазатайым оқиға туралы актіге
салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып,
оған жұмыс
беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның туындауына
немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас
жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін процентпен айқындайды.
Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі комиссияның (
көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді пікірін тергеп-тексеру
материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге
қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды.
4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен
кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына
жазатайым
оқиға туралы актіні
беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру
ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына қағаз және электронды жеткізгіште
жіберіледі.
Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі.
5. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе
уақтылы
жазатайым оқиға туралы акт
ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген адамы, ұйым
қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы, жұмыс беруші олардың
өтінішін он күн
ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға міндетті.
6. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс
берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өндірістік объектілерде
болған оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі
мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас
мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен
қаралады.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттік
еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда
түрінде ресімделеді.
қорытынды
7.
материалдарының көшірмелерін жұмыс
Жазатайым оқиғаны
арнайы тергеп-тексеру актісі
беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары
көшірмелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол
заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей
хабарлайды.
8. Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды және
денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады. Журнал еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі. Еңбекке уақытша
жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика
саласындағы
уәкілетті орган бекіткен
сәйкес беріледі.
статистикалық әдіснамаға
9.
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
Заңымен.
10. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кісі өліміне
әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті
мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы