309-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы мониторинг және тәуекелдерді
бағалау
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік жарақаттануды азайту
және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.
Ескерту. 309-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
310-бап. Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін
кепілдіктер
1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті
қоса алғанда, еңбек
өндірістік факторларды
жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан Республикасының
және ұжымдық шартта
заңнамасында
осындай жағдайлардағы жұмыс үшін
берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы
көзделген
төлемдері көрсетілуге тиіс.
2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар
жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат
өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
алдын ала медициналық тексеруден
мемлекеттік органның
белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық
нормативтік
құқықтық актілерінде
жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендігі айқындалғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс.
311-бап. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына
берілетін кепілдіктер
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары ұлттық стандарттарға,
еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
талаптарына сәйкес болуға тиіс.
ережелер
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы
салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы
сақталады.
3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған
жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе)
материалдық
жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы
жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал
киіммен қамтамасыз етпеген
жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы
мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.
5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген
жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық
көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.
заңнамасында
Ескерту. 311-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10
№ 31-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
312-бап. Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру
1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе)
қауіпті еңбек
жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы
заңнамасында
белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты
есебінен ұйымдастыруға міндетті.
2. Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда
істейтін қызметкерлер
куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы
ауысым алдындағы медициналық
медициналық куәландырудан өту талап етілетін
денсаулық
сақтау саласындағы
кәсіптердің тізімін
уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
313-бап. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру
және білімдерін тексеру
1. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды,
нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс
беруші өз қаражаты есебінен
.
жүргізеді
2.
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын
ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа
жіберілмейді.
4. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мерзімділікпен, үш
жылда бір реттен сиретпей
кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге
асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және
білімін тексеруден өтуге міндетті.
Оқудан және білімін тексеруден өтуге тиіс адамдардың тізімі жұмыс берушінің актісімен
бекітіледі.
Ескерту. 313-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап
қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК
ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ
314-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау құқықтары
Қызметкердің:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық