5) ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, асырап алушысының келісімінсіз, он
алты жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда, сот оны жарамсыз деп таниды.
2. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы бұрынғы
қызметкердің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған
күндері үшін өтемақы төлемін, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер алу құқығынан
айрылуына әкеп соқпайды.
3. Еңбек шартының жұмыс берушінің немесе қызметкердің кінәсінен жарамсыз деп
танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына әкеп
соғады.
4. Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек шартының
тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.
40-бап. Еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауға
тыйым салу
Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерден еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауды
талап етуге құқылы емес.
41-бап. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру
1. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп:
1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа
лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы
мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да
жағдайлар) өзгеретін жұмысты тапсыру;
3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерді басқа жұмысқа
ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті
өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
3. Қызметкерді сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегі басқа
құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс
істеуді тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында көзделген өзгерістерге әкеп
соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған қызметкердің келісімін
алу талап етілмейді.
42-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа
жерге ауыстыру
1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі
көзделмесе, жұмыс беруші жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы қызметкерге
кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
2. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған жағдайда,
жұмыс беруші қызметкердің көшуіне байланысты осы Кодекстің 153-бабында көзделген
өтемақы төлемдерін жасайды.
3. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас
тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 1)
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
43-бап. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа
уақытша ауыстыру
Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша алмастырған
жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір
айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы
жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және
денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа
ауыстыруға құқығы бар.
44-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа
уақытша ауыстыру
1. Жұмыс берушінің бос тұрып қалу жағдайында қызметкердің мамандығын,
біліктілігін ескере отырып, оның келісімінсіз, күнтізбелік жыл ішінде бір айдан
аспайтын мерзімге, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін басқа жұмысқа
ауыстыруға құқығы бар.
2. Бос тұрып қалу жағдайындағы ауыстыру кезінде қызметкердің еңбегіне ақы
төлеу орындалатын жұмыс бойынша, бірақ оның бұрынғы жұмысындағы орташа айлық
жалақысының кемінде үштен екісі мөлшерінде жүргізіледі.
Еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша
түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-
тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
45-бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа
уақытша ауыстыру
1. Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда көрсетілген
мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстырылады. Тараптардың келісімімен
қызметкердің бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталуы мүмкін.
2. Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттануына,
кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты
еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін жұмыс
беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға не Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасына, сондай-ақ еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес
залалдың өтемін төлей отырып, оны жұмыстан босатуға міндетті.
3. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған,
кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де
зақым келген кезде басқа жұмысқа ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда
қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында
көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
46-бап. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруды шектеу
Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен расталған
қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.
47-бап. Қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыру.
Лауазым (жұмыс) атауының өзгеруі
1. Құрылымдық бөлімшедегі, белгілі бір жұмыс орнындағы, механизмдегі немесе
агрегаттағы жұмыстың өзгеше еңбек жағдайлары болуын қоспағанда, қызметкерді басқа
жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға, не оған еңбек
шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде басқа механизмдегі
немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға қызметкердің келісімі талап етілмейді.
2. Қызметкер үшін еңбек жағдайларын және (немесе) еңбек шартын өзгертуге әкеп
соқпайтын қызметкер лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын
өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз
жүзеге асыра алады.
48-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі
1. Өндірісті ұйымдастырудағы, соның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі
өзгерістерге және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты,
қызметкер еңбек шартында келісілген тиісті біліктіліктегі лауазым, мамандық немесе
кәсіп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек жағдайларын өзгертуге жол
беріледі.
Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына және (немесе) ұжымдық шартқа
Достарыңызбен бөлісу: |