Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет59/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   134

Атап  өтетін  бір  жағдай,  аталған  функциялардың  əрқайсысы 

еңбекті  нормалауда  маңызды  міндеттерді  шешетініне  қарамастан, 

олардың  ешқайсысы  басым  сипатқа  ие  емес.  Бұл  нормалардың 

барлығы 


техникалық 

прогресстің 

деңгейіне, 

технология 

жетістіктеріне, өндіріс жағдайларына жəне т.б. сəйкес белгіленеді. 

Уақыт  өтуімен  олар  қаралып,  өзгертіледі,  жаңа  нормалармен 

ауыстырылады. 

Жаңа  техника  немесе  технологияның  енгізілуіне,  жұмыс 

орындарының  аттестациясы  жүргізілуіне  қарай  еңбек  нормалары 

міндетті  түрде  ауыстырылуы  тиіс.  Еңбек  нормаларын  ауыстыру 

басшылықтың бастамасымен жүргізіледі жəне енгізілгенге дейін 1 

айдан кешіктірмей қызметкерлерге жеткізілуі тиіс. 

Қазіргі  кезде  көптеген  кəсіпорындарда  еңбекті  нормалау 

біршама  нашарлап  кеткен.  Бұны  өндірістің  дамуындағы 

іркілістермен  түсіндіруге  болады.  Алайда,  ескеретін  бір  жайт, 

еңбек нормаларын уақтылы қараудың еңбек өнімділігін өсіру үшін 

ерекше маңызы бар. 

Қалыпты  еңбек  жағдайларынан  ауытқыған  кезде  еңбекті 

қорғау.  Тарифтік  ставкалар,  лауазымдық  еңбекақылар  еңбектің 

қалыпты  жағдайларына  жəне  режиміне  арналған.  Қалыпты 

жағдайдан  ауытқу  кезінде  жұмыс  орындау  барысында  ұйым 

қызметкерлерге  тиісті  қосымша  ақыларды  төлеуі  тиіс.  Қосымша 

ақылардың  мөлшері  мен  оларды  төлеудің  жағдайларын 

ұйымдардың өздері анықтайды жəне ұжымдық шарттарда көрсетіп 

өтеді. Алайда, олар заңда көзделгеннен кем болмауы тиіс. Қалыпты 

еңбек  жағдайынан  ауытқу  кезінде  қосымша  ақылар  мынадай 

жұмыстар  үшін  төленеді:  қызметкерді  қоса  атқару  жəне  жұмыста 

уақытша  болмаған  қызметкердің  міндеттерін  орындау,  мерзімнен 

тыс жұмыстар, түнгі уақыттағы, мереке жəне демалыс күндеріндегі 

жұмыстар. Енді осы жағдайларды қарастырып өтейік. 

Белгілі  бір  ұйымда  өзінің  негізгі  жұмысымен  қатар  өзге 

мамандық  (лауазым)  бойынша  басқа  қызметті  қоса  атқарған 

кезде немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін 

орындау  кезінде  еңбекке  ақы  төлеу  осы  үшін  қосымша  ақы  төлеу 

жолымен  жүзеге  асырылады.  Мұндай  қосымша  ақылардың 

мөлшерін басшылық қызметкерлермен келісе отырып белгілейді. 

Мерзімнен тыс жұмыстар үшін ақы бір жарым есе мөлшерінен 

кем  төленбейді.  Мерзімнен  тыс  жұмыстарды  қызметке  келмеумен 

өтеуге  жол  берілмейді.  Мерзімнен  тыс  жұмыстар  үшін  ақы  бұл 



жұмыстың  бұйрықпен  (өкіммен)  тиісті  түрде  ресімделген-

ресімделмегеніне қарамастан төленеді. 



Мереке  жəне  демалыс  күндеріндегі  жұмысқа  ақы  екі  еседен 

төмен  болмайтын  мөлшерде  төленеді: 1) кесімді  қызметкерлер 

үшін – екі  есе  кесімдік  бағадан  төмен  емес; 2) еңбегі  сағаттық 

(күндік)  ставка  бойынша  төленетін  қызметкерлер  үшін – екі  есе 

сағаттық  немесе  күндік  ставкадан  төмен  емес; 3) ай  сайынғы  лауазымдық 

еңбекақы  алатындар  үшін – егер  бұл  күнгі  жұмыс  айлық  норма 

шегінде  кестеге  сəйкес  болса,  лауазымдық  еңбекақыдан  тыс  бір 

сағаттық  немесе  күндік  ставкадан  төмен  емес.  Егер  жұмыс 

айлық  нормадан  асып  кетсе,  лауазымдық еңбекақыдан тыс екі 

есе  сағаттық  немесе  күндік  ставкадан  төмен  емес  мөлшерде 

төленеді. Өтемақы қызметкердің қалауы бойынша демалыс күнімен 

(алайда, бір мөлшерде) ауыстырылуы мүмкін. Бұл  ретте жұмысқа 

келмеген уақыт үшін ақы төленбейді. 

Демалыс  күндеріндегі  жұмыс  тараптардың  келісімі  бойынша 

жұмысқа  келмеумен  ауыстырылуы  мүмкін  немесе  бұл  күн  үшін 

ақы  екі  еседен  төмен  болмайтын  мөлшерде  төленеді.  Бұл  ақы 

мереке күндеріндегі жұмыс үшін төленетін ақы сияқты есептеледі. 



Түнгі  уақыттағы  еңбекке  ақы  төлеу.  Түнгі  уақыт  болып 22 

сағаттан  бастап  таңғы  сағат 6-ға  дейінгі  уақыт  есептеледі.  Еңбек 

заңдары  түнгі  жұмысқа  еңбекақы  төлеудің  жоғарылатылған 

мөлшері ұжымдық шарттарда белгіленетінін көздейді. Алайда, бұл 

мөлшерлер  заңдарда  көзделгеннен  төмен  болмауы  тиіс. 

Қолданыстағы заңдарға сəйкес түнгі уақыттағы жұмыстың əрбір 



сағатына ақы бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді. 

Жалақыны төлеу тəртібі. Жалақы бір айда кем дегенде бір рет 

төленеді.  Жалақыны  төлеу  күндері  жеке  еңбек,  ұжымдық 

шарттарда көзделеді. Жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке 

күндеріне  тура  келген  жағдайда,  оны  төлеу  олардың  қарсаңында 

жүргізіледі. 

Жұмыс  берушінің  кінəсінен  жалақы,  ал  қызметкермен  жеке 

еңбек  шарты  бұзылған  кезде – оған  тиесілі  басқа  да  төлемдер 

белгіленген  мерзімдермен  салыстырғанда  кешіктірілген  кезде 

жұмыс  беруші  қызметкерге  берешек  пен  өсімақы  төлейді. 

Өсімақының  мөлшері  жалақы  төлеу  жөніндегі  міндеттемелерді 

орындау  күніне  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  қайта 

қаржыландыру  ставкасы  бойынша  белгіленеді  жəне  төлем 

жүргізілуге  тиіс  болған  күннен  кейінгі  күннен  бастап  əрбір 



кешіктірілген  күнтізбелік  күн  ішінде  есептеліп  төленген  күнмен 

аяқталады.  Бұл  ретте  еңбек  демалысы  үшін  ақы  төлеу  ол 

басталғаннан  бастап  күнтізбелік  үш  күннен  кешіктірмей 

жүргізіледі.  Жеке  еңбек  шарты  бұзылған  жағдайда  қызметкерге 

тиесілі  барлық  сомаларды  төлеу  соңғы  жұмыс  күннен 

кешіктірілмей  жүргізіледі  (ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 76-

бабы). 

Жалақыны  құқықтық  қорғау,  кепілдік  жəне  өтемақылық 



төлемдерді  қоспағанда,  жалақыдан  ұстап  қалудан,  сонымен  қатар 

оны төлеу тəртібі мен мерзімдерінен тұрады. 

Жалақыдан  ұстап  қалу  жалпы  ереже  бойынша  қызметкердің 

жазбаша  келісімінің  негізінде,  ал  келісім  болмаған  жағдайда – 

соттың шешімімен жүргізіледі. 

Басшылық  қызметкердің  келісімінсіз  жалақыдан  мыналарды 

ұстап қала алады: 

1) зейнетақы қорына салықтар мен салымдарды; 

2)  сот  шешімдерін  жəне  өзге  де  атқарушылық  құжаттарды, 

соның ішінде, айыппұлды орындау үшін; 

3)  жалақы  есебінде  берілген  жұмсалмаған  авансты  қайтару 

үшін, қате есептің нəтижесінде артық төленген сомаларды қайтару 

үшін; 

4)  қызметкерді  кінəсі  бойынша  қызметтен  босатқан  кезде 



жұмыс істемеген күндері үшін; 

5)  егер  зиянның  мөлшері  айлық  жалақыдан  аспаса, 

қызметкердің  кінəсі  бойынша  өндіріске  келтірілген  зиянды  өтеу 

үшін. 


Қызметкердің  жалақысынан  ұстап  қалудың  жалпы  мөлшері  əр 

жалақыны төлеу кезінде 20 %-дан, орындау қағазы кезінде – 50 %-

дан аспауы тиіс. Бірнеше орындау қағаздары бойынша жалақыдан 

ұстап  қалу  кезінде  қызметкердің  жалақысының 50 %-ы  сақталуы 

тиіс.  Алайда,  бұл  шектеу  түзету  жұмыстары  кезіндегі  жалақыдан 

ұстап қалуға таралмайды. 

Қызметкерлерге  жалақы  төлеу,  егер  жеке  еңбек,  ұжымдық 

шарттарда,  жұмыс  берушінің  актілерінде  өзгеше  көзделмесе, 

əдетте,  олардың  жұмысын  орындайтын  жерінде  жүргізілуге  тиіс. 

Тұрақты  жұмыс  орнынан  тыс  жерде  (қызметтік  іссапарда, 

тапсырысшының  ұйымдарында  жəне  т.б.)  жұмыс  берушінің 

тапсырмасын  орындаушы  қызметкердің  жалақысын  жеткізуді 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау