Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет57/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134

Басқаша  айтар  болсақ,  жалақы – бұл  жұмыс  істеп  тапқан  ақы 

жəне  осы  қасиетімен  ол  жəрдемақылардан,  қосымша  ақылардан, 

үстеме  ақылардан,  кепілдік  жəне  өтемақылық  төлемдерден, 

сонымен  қатар,  еңбектің  нəтижесінде  алынатын  табыстан 

ерекшеленеді. 

Бұл  жерде  ескеретін  маңызды  жайт,  жалақы – бұл  қызметкер 

жұмыс  істеп  тапқан  өнім  құнының  бір  бөлігі  ғана.  Оның  басқа 

бөліктеріне  қызметкер  емес,  жұмыс  беруші  (табыс  ретінде)  мен 

мемлекет  (жұмыс  беру  мен  қызметкерге  табыс  салығын  салу 

арқылы) билік жүргізеді. 

Қызметкерге  еңбек  шарты  бойынша  төленетін  жалақы 

азаматтық  шарттар  бойынша  төленетін  еңбек  ақысынан 

мыналарымен ерекшеленеді: 

·  істелінген  жұмыс  үшін  жүйелі  түрде  төленеді,  ал  еңбекпен 

байланысты азаматтық шарттар бойынша – бұл еңбектің заттанған 

нəтижесінің, яғни, бір рет төленетін еңбектің соңғы өнімінің құны; 

·  негізгі  жəне  қосымша  бөліктерге  (үстеме  ақылар,  қосымша 

ақылар, сыйақылар жіне т.б.), ал азаматтық шарттар бойынша еңбекақы бұлай 

бөлінбейді; 

·  белгілі  бір  құқықтық  ұйымдастырушылық  сипатқа  ие,  ал 

азаматтық  шарттарда,  мысалы,  өзіндік  мердігерлік,  тапсырма 

шарттары бойынша еңбекке ақы төлеуге мұндай сипат тəн емес; 

·  қызметкер  өзінің  жалақысы  қалай  өсуі  немесе  төмендеуі 

мүмкін екенін алдын-ала біледі, бұл қызметкерді белсендете түседі, 

ал бұл  азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеуге 

тəн емес; 

·  ең  төмен  жалақы  мөлшері  белгіленген,  еңбекпен  байланысты  

азаматтық шарттарда ешбір шектеулер белгіленбеген. 

Жалақыны  құқықтық  ұйымдастырудың  екі  əдісі  бар: 

орталықтандырылған  (мемлекеттік)  жəне  орталықтандырылмаған 

(локальдық).  Қазіргі  кезде  жалақыны  орталықтандырылған 

мемлекеттік  реттеу  тек  бюджеттік  ұйымдар  үшін  қалған. 

Нарықтық  қатынастардың  қалыптасу  жағдайында  жалақы  

мөлшерін  шарттық  реттеудің  негізінде  белгілеу  күннен-

күнге  ерекше  мəнге  ие  болып  келе  жатыр.  Еңбекке  ақы  төлеуді 

белгілеудің шарттық əдісі жеке еңбек жəне ұжымдық шарттардан бастап басты 

əлеуметтік-əріптестік  келісімдерге  дейінгі  шарттардың  барлық  деңгейлерінде 

орын алады. 




Еңбекке  ақы  төлеуді  орталықтандырылған  мемлекеттік  реттеу 

еңбекке  ақы  төлеудің  тарифтерін,  қызметкерлердің  барлық 

санаттары  үшін  еңбекке  ақы  төлеуде  Бірыңғай  тарифтік  жүйені 

қолданудың негізгі ережелерін, қызметкерлердің біліктілік топтары 

арасында 

түрлерге 

бөлінген 

разряд 


аралық 

тарифтік 

коэффиценттерді жəне т.б. мемлекеттің белгілейтінін білдіреді. Жалақыны 

орталықтандырылған  реттеу  мемлекеттік  нормалау  əдісін  білдіреді. 

Басқаша  айтар  болсақ,  мемлекет  белгілі  бір  мамандық,  кəсіп, 

лауазым  қызметкерлерінің  жалақысын  олардың  біліктілігіне  қарай 

белгілейді. 

Мемлекеттік  емес  меншік  нысанындағы  ұйымдар 

тарифтік  ставкаларды  еңбекке  ақы  төлеудің  ең  төмен 

мөлшері ретінде пайдалана алады. 



Жалақының жүйесі жəне еңбекті нормалау – бұл еңбек үшін 

ақының 


мөлшерін 

оның 


нақты 

шығындарымен 

немесе 

нəтижелерімен  өлшеудің  белгіленген  тəсілі.  Еңбекке  ақы  төлеудің 



əр түрлі жүйелері бар, алайда, негізгілері ретінде екі жүйені атауға 

болады: мерзімді жəне кесімді. 

Еңбекке  ақы  төлеудің  мерзімді  жүйесі  жұмыс  істелінген  уақыт 

үшін ақы төлеуді тарифтік ставканың негізінде жүргізуді көздейді 

яғни  бұл  жүйеде  қызметкердің  жалақысы  оның  тарифтік 

ставкасына  жəне  іс  жүзінде  жұмыс  істелген  уақытқа  байланысты 

болады.  Мұндай  жалақының  мөлшерін  келесі  формула  бойынша 

анықтауға болады: 



 

Жм = Тс х У 

 

Бұл жерде: 



Жм– мерзімді қызметкердің жалақысы; 

Тс – тарифтік ставка; 

У – қызметкердің  іс  жүзінде  жұмыс  істеген  уақыты  (күндер, 

сағаттар, айы). 

 

Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесі қызметкерлер үшін айлық 



лауазымдық еңбекақы мөлшері түрінде белгіленеді, сонымен қатар, 

еңбекті  ұйымдастыру  нысаны  сағаттық  (айлық)  тарифтік  ставка 

немесе  лауазымдық  еңбекақы  мөлшері  ретінде  жеке  жұмыс 

нормасын  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  қызметкерлер  үшін  де 




белгіленуі  мүмкін.  Кесімді  жүйеге  негізделген  жалақының 

мөлшерін мына формуламен анықтауға болады: 



 

Жк = R х Ө 

Бұл жерде: 

Жк – қызметкердің кесімді жүйеге негізделген жалақысы; 

R - өнімнің (орындалған жұмыстың) бірлігінің кесімді бағасы; 

Ө - өндірілген  өнімнің  (орындалған  жұмыстың)  белгіленген 

өлшемдерге сəйкес саны. 



Кесімді  жалақы  іс  жүзінде  өндірілген  өнім  үшін  алдын-ала 

белгіленген  кесімді  бағаға  сəйкес  жүргізіледі.  Жалақының  кесімді 

жүйесі  жалақының  еңбек  нəтижелеріне  тікелей  тəуелділігін 

белгілейді,  сол  арқылы  қызметкердің  еңбек  өнімділігін  арттыруға 

материалдық мүдделілігін арттырады. Бұдан шығатын қорытынды, 

кесімді  жүйе  кезінде  қзыметкердің  жалақысы  тек  орындалған 

жұмыс  нормасына  тəуелді  болады  жəне  ешқандай  шектермен 

шектелмейді. 

Еңбекке  ақы  төлеудің  кесімді  жүйесі  келесі  түрлерге  бөлінеді: 

жеке,  ұжымдық  (бригадалық),  жанама,  кесімді-прогрессивтік, 

кесімді-сыйақылық, аккордтық. 

Еңбекке  ақы  төлеудің  жеке  кесімді  жүйесі  кезінде  жалақы 

əрбір  қызметкердің  жұмыс  істеген  нормасы  үшін  жеке-жеке 

анықталады.  Бұл  жүйе  əрбір  қызметкердің  еңбегін  нақты  есепке 

алу  мүмкіндігі  бар  жұмыстарда  қолданылады.  Бұл  кезде  жалақы 

нақты қызметкердің жасаған жарамды  өнімінің санына жəне өнім 

бірлігінің кесімді бағасына тəуелді болады. 



Еңбекке  ақы  төлеудің  ұжымдық  кесімді  жүйесі  жұмысты  бір 

қызметкердің орындауы мүмкін болмаған кезде қолданылады. Бұл 

жүйе  кезінде  жалақы  ұжым  (бригада)  мүшелерінің  разрядтарына 

жəне жұмыс істелген уақытқа сəйкес ұжым (бригада) мүшелерінің 

арасында бөлінеді. 

Еңбекке ақы төлеудің жанама кесімді жүйесі кезінде көмекші 

немесе  қосалқы  қызметкердің  еңбегіне  ақы  төленеді. 

Оның 

жалақысы 



ол 

қызмет 


көрсететін 

кесімді 


қызметкердің (негізгі қызметкердің, кесімді қызметкерлер 

тобының) еңбегінің нəтижесіне тəуелді болады. 



Еңбекке  ақы  төлеудің  кесімді-прогрессивтік  жүйесі  кезінде 

нормаларды  орындаудың  алдын-ала  белгіленген  белгілі  бір 

деңгейінен  бастап  орындалған  операциялар,  бөлшектер  жəне 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау