Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет67/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   134

солардың  негізінде  жұмыс  беруші  қабылдаған  актілерде 

белгіленген  еңбек  үрдісі  барысындағы  жүріс-тұрыс  ережелерін 

міндетті тəртіпте орындау міндеті. 

Басқаша  айтқанда,  еңбек  тəртібі – бұл  жеке  еңбек  шартының 

тараптарының,  яғни,  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  өзара 

міндеттері жəне осы міндеттерді бұлжытпай орындау. 

Еңбек тəртібі мəселесі ғылымның əр түрлі саласының (мысалы, 

психология, социология, еңбек экономикасы жəне т.б.) өкілдерінің 

де зерртеу пəні ретінде орын алған. 

Еңбек  құқығында  еңбек  тəртібі  мəселесі  төрт  аспектіде 

қарастырылады. 

Бірінші  аспект.  Еңбек  тəртібі  еңбек  құқығының  негізгі 

қағидаларының  бірі – еңбек  тəртібін  орындау  міндеті  ретінде 

қарастырылады.  Жұмыс  беруші  жəне  оның  əкімшілігі    еңбек 

тəртібін  орындауды  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Олар  өндірістегі 

тəртіптің орындалуының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге міндетті. 

Екінші  аспект.  Еңбек  тəртібі  іс  жүзіндегі  əрекет  ретінде 

қарастырылады.  Іс  жүзіндегі  əрекет – бұл  кəсіпорындағы, 

мекемедегі,  ұйымдағы  еңбек  қатынастары  барысындағы  жүріс-

тұрыс  ережелерін  нақты  жəне  бұлжытпай  орындау.  Іс  жүзіндегі 

əрекетті еңбек тəртібінің талаптарын сақтау деңгейі ретінде атауға 

болады. 


Егер 

еңбек 


құқығы 

қатынастарының 

барлық 

қатысушылары  еңбек  тəртібін  сақтаса,  бұл  деңгей  жоғары  болуы 



мүмкін.  Егер  еңбек  құқығы  қатынастарының  басым  көпшілік 

қатысушылары  еңбек  тəртібін  сақтаса,  алайда,  жекелеген 

қызметкерлердің 

жүріс-тұрысында 

еңбек 

тəртібінен 



ауытқушылықтар,  құқық  бұзушылықтар  байқалса,  бұл  деңгей 

орташа болуы мүмкін. Ал егер еңбек тəртібін, ішкі еңбек тəртібінің 

ережелерін жиі жəне жаппай бұзушылықтар орын алса, бұл деңгей 

төмен  болуы мүмкін. 

Үшінші  аспект.  Еңбек  тəртібі  еңбек  құқығының  институты 

ретінде,  яғни,  ішкі  еңбек  тəртібін,  жұмыс  берушінің  жəне 

қызметкердің,  оның  əкімшілігінің  міндеттерін,  жазалау  жəне 

көтермелеу  шараларын  реттейтін  нормалар  жүйесі  ретінде 

қарастырылады. 

Төртінші  аспект.  Еңбек  тəртібі  қызметкердің  жəне  жұмыс 

берушінің    ұйымда  белгіленген  жүріс-тұрыс  ережелерінің  тəртібі 

ретінде  қарастырылады.  Бұл  жағдайда  еңбек  тəртібі  адамдар 

арасындағы  қоғамдық  байланыстың  нысаны  ретінде  көрініс 



табады. Осыған байланысты  басшылықтың ерекше функцияларын 

белгілеу  жəне  басшылыққа  бағынған  тұлғалардың  еңбегін 

қадағалау жəне бақылау қажеттігі туындайды. 

Еңбек 


тəртібі 

технологиялық 

жəне 

өндірістік 



тəртіп 

түсініктерімен тығыз байланысты. 



Технологиялық  тəртіп  –  бұл  еңбек  тəртібінің  өндірістегі 

техникалық 

ережелерді 

сақтаумен 

байланысты 

бөлігі. 


Технологиялық  тəртіптің  құрамына  станокпен,  машиналармен, 

құрылғылармен,  агрегаттармен,  өзге  де  механизмдермен  жəне 

құралдармен жұмыс істеу ережелері кіреді. 

Өндірістік  тəртіп  –  бұл  өндірістегі  тəртіпті  сақтау.  Оның 

құрамына еңбек тəртібі кіріп кетеді, тіпті, өндірістік тəртіптің шегі 

еңбек тəртібіне қарағанда əлдеқайда кең. Сонымен қатар, өндірістік 

тəртіпке  ұйымның  нақты,  белсенді  жəне  үздіксіз  жұмысын 

қамтамасыз ету, қызметкерлерді шикізатпен, электр энергиясымен, 

құралдармен,  материалдармен,  үздіксіз  жұмыспен  уақтылы 

қамтамасыз  ету  де  енеді.  Байқағанымыздай,  өндірістік  тəртіп  көп 

жағдайда  жұмыс  берушіге  жəне  оның  əкімшілігіне  тəуелді  болып 

келеді.    

Еңбек тəртібін қамтамасыз етудің əдістері. 

Еңбек  тəртібін  қамтамасыз  ету  еңбек  үрдісінің  басшыларының  басты 

функцияларының  бірі  болып  табылады  жəне  бұл  мəселеге 

əрқашанда ерекше көңіл бөлінетін. Тіпті, аталған мəселеге қатысты 

əр  түрлі  қызық  оқиғалар  да  орын  алап  жататын.  Мысалы, 80-

жылдардың  басында  өндірістің  ұйымдастырушылық  жағы  жəне 

еңбек  тəртібі  өндірістік  жаққа  қарағанда  басты  болып  саналатын. 

Андроповтың  басшылық  еткен  кезінде  жұмыс  уақытында 

дүкендерде,  моншаларда,  кинотеатрларда  жəне  өзге  де  жерлерде 

жүрген  адамдарды  бақылау  органдары  өкілдерінің  ұстап,  оларды 

еңбек  тəртібін  бұзғаны  үшін  жазаға  тарту  жағдайлары  жиі  орын 

алатын. 


Бұған дейін, социалистік экономика уақытында еңбек тəртібі ең 

алдымен  моральдық  əдістермен – сендірумен,  көтермелеумен, 

тəрбиелеумен қамтамасыз етілуі тиіс деген көзқарас үстемдік еткен 

болатын. Еңбек тəртібін қамтамасыз етудің материалдық əдістеріне 

мүлдем  көңіл  бөлінбеді.  Бұл  ақшаға,  заттай  игіліктерге  құмарлық 

ретінде түсініліп, сынға алынатын. 

Қазіргі  кезде  еңбек  тəртібін  қамтамасыз  етудің  төрт  негізгі 

əдістері ерекше мəнге ие: 




1) Қалыпты жұмыс үшін қажетті ұйымдастырушылық жəне 

экономикалық жағдайлар жасау. Қалыпты жұмыс жағдайы ретінде 

еңбекті қорғауға қатысты ережелер мен нормалардың талаптарына 

сай  қауіпсіз  жағдайлар  жəне  өндірістік  жарақаттарға,  кəсіптік 

ауруға шалдығуға не еңбекқабілеттілігінің төмендеуіне алып келуі 

мүмкін  зиянды  жəне  қауіпті  өндірістік  факторлардан 

қызметкердің  қорғануын  қамтамасыз  ететін  жағдайлар 

түсіндіріледі.  Сонымен  қатар,  қалыпты  жұмыс  жағдайы 

мыналардан  көрініс  табады:  машиналардың,  станоктардың  жəне 

құрылғылардың  ақаусыздығы,  материалдардың  жəне  құралдардың 

тиісті  сапасы  жəне  оларды  уақтылы  ұсынып  отыру,  электр 

энергиясын жəне өзге де қуат көздерімен уақтылы қамтамасыз етіп 

отыру, техникалық құжаттармен уақтылы қамтамасыз ету жəне т.б. 

Еңбек 

тəртібін 



қамтамасыз 

ету 


үшін 

экономикалық 

жағдайларды  жасау  жалақыны  уақтылы,  толығымен  жəне  əділ 

беруден,  еңбек  тəртібін  сақтаған  жағдайда  қызметкердің  қосымша 

материалдық  сыйақы  алуы  үшін  мүмкіндік  жасаудан  жəне  еңбек 

тəртібін жоғары деңгейде сақтағаны үшін арнайы сыйақы беруден 

көрініс табады. 

Бұл  əдістің  маңыздылығына  дəлел  ретінде  мына  жайтты  атап 

өтуге  болады, 1988 жылы  Еңбек  туралы  заңдар  кодексінің 140-

бабының 1-тармағына  маңызды  толықтыру  енгізілді,  оған  сəйкес, 

қалыпты  жоғары  өнімдік  жұмыс  үшін  еңбек  тəртібі  қажетті 

ұйымдастырушылық  жəне  экономикалық  жағдайларды  жасаумен 

қамтамасыз етілуі тиіс болды. 

  Өкінішке  орай,  мойындайтын  бір  жағдай,  қазіргі  кезде 

экономикадағы  шиеліністерге  байланысты  бірқатар  өндіріс 

орындарында  жұмыс  үшін  қалыпты  жағдайлар  жасалмаған.  Бұл 

көп  жағдайда  материалдардың,  энергиялық  жабдықтағыштардың 

жеткіліксіздігі, ал кей кезде басшылардың немқұрайдылығы немесе 

өзге  де  мүдделері  салдарынан  орын  алып  жатады.  Мұндай  саясат 

өндірістің  тоқтауына,  ұзақ  мерзімді  төленбейтін  демалыстарға 

əкеліп  соғады,  бұлар,  өз  кезегінде,  еңбек  тəрітібінің  деңгейінің 

төмендеуіне  əкеледі.  Алайда,  соған  қарамастан,  жұмыстан 

айырылу, жұмыссыздық жағдайына ұшырау қаупі қызметкерлердің 

өз  жұмыс  орнын  бағалауына  жəне  еңбек  тəртібін  мұқият 

орындауына мəжбүр етеді. 

2)  Еңбекке  қатысты  саналы  қатынас.  Əрине,  көптеген 

қызметкерлер еңбек тəртібін орындау қажеттігін түсінеді жəне оны 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау