жалақысынан кем емес ақы төлей отырып, жеке еңбек шартында
келісілмеген жəне оның денсаулық жағдайына зақым келтірмейтін
сол жердегі, сол ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.
Бұл ретте кепілді қосымша ақыны бұрынғы жұмысындағы орташа
айлық жалақы мен жаңа жұмысындағы жалақының арасындағы
айырмашылық құрайды.
Іркіліс жағдайында жалақысы төмен жұмысқа ауысқан кезде
еңбек нормаларын орындайтын қызметкерлердің бұрынғы
жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақталады, ал еңбек
нормаларын орындамайтын немесе ақысы мерзімді төленетін
жұмысқа ауысқан қызметкерлер үшін тарифтік ставка (лауазымдық
жалақы) сақталады. Бұл жерде де кепілді қосымша ақыны бұрынғы
жұмысындағы орташа айлық жалақы (немесе тарифтік ставка) мен
жаңа жұмысындағы жалақының арасындағы айырмашылық
құрайды.
Өтемақылық төлемдер жəне олардың түрлері. Өтемақылық
деп қызметкерге еңбек міндеттерін орындаумен немесе басқа жерге
жұмысқа ауысуы себепті көшуімен байланысты шығындарды өтеу
мақсаттарына ие төлемдер аталады.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 83-бабы
Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар
Қызметтік іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) іссапарда болған уақыты үшін тəулікақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша
шығындары;
3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары төленеді.
Қызметтік іссапар ретінде жұмыс берушінің өкімі бойынша
қызметкердің белгілі бір мерзімге қызметтік тапсырманы орындау
үшін жұмыс орнынан тыс жерге жол жүруі танылады. Қызметтік
іссапардың мерзімі, жолға кеткен уақытты санамағанда, 40 күнмен
шектелген. Қызметкерлердің монтаждық, жөндеу жəне құрылыс
жұмыстарын жүргізу мақсаттарына арналған қызметтік іссапары 1
жылдан аспауы тиіс.
Еңбек қызметтері тұрақты жүріп-тұрумен байланысты
қызметкерлердің (мысалы, локомотив машинистерінің, алыс жерге
жүретін автобус жүргізушілерінің, ұшқыштардың, кондукторлардың,
жолсеріктердің жəне т.б.) қызметтік істер бойынша (тұрғылықты
жері мен жұмыс орнынан тыс) жолға жүруі қызметтік іссапар
болып табылмайды. Мұндай қызметкерлердің жалақысына
жолдағы шығындар үшін өтемақылар алдын-ала енгізіледі.
Қызметтік іссапардың бүкіл уақытында қызметкерлердің жұмыс
орны (лауазымы) жəне орташа жалақысы сақталады. Сонымен
қатар, оларға мыналар төленеді:
1) іссапарда болған уақыт үшін тəулікақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша
шығындары;
3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары.
Тəулікақылар демалыс жəне мереке күндерін, кеткен жəне
келген күнді қосқанда, қызметтік іссапардың əрбір күні үшін
төленеді. Егер қызметкер бір күн ішінде өзінің тұрғылықты жеріне
қайтып келу мүмкіндігіне ие болса, онда қызметтік іссапар үшін
тəулікақылар төленбейді.
Қызметтік іссапар орнында болған уақыт қызметтік іссапар
куəлігіндегі қызметтік іссапар орнына кеткен жəне қызметтік
іссапар
орнынан
шыққаны
жөніндегі
жазбалар
арқылы
анықталады. Егер қызметкер əр түрлі елді мекендерге қызметтік
іссапаға жіберілсе, онда елді мекенге келген жəне одан кеткен күні
туралы жазба əрбір елді мекенде жазылады жəне кəсіпорынның
мөрімен куəландырылады.
Қызметтік іссапарға кететін кезде қызметкерге жолға, тұрғын
үйді жалдауға кететін шығындардың жəне тəулікақылардың
мөлшеріндегі сомадағы ақшалай аванс беріледі. Қызметкер
қызметтік іссапардан оралғаннан кейін үш күн ішінде жұмсалған
сомалар туралы аванстық есеп
беруі тиіс, бұған қызметтік
іссапарлық куəлік, тұрғын үйді жалдағаны жəне жол шығындары
туралы құжаттар тіркеледі.
ҚР « ҚР еңбек туралы» заңының 84-бабы
Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жердегі жұмысқа
ауыстыру кезіндегі шығындарды өтеудің тəртібі мен мөлшері
тараптардың келісімімен белгіленеді.
Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жердегі жұмысқа ауыстыру
кезінде оған өзін жəне отбасын, мүлкін көшіргеніне қатысты
шығындар өтеледі. Өтелетін шығындарға мыналар жатады:
· қызметкердің өзін, отбасын жəне мүлкін көшірудің құны;
· көшу кезіндегі уақыттың барлығы үшін тəулікақылар;
· қызметкердің өзіне жəне оның отбасының əрбір
көшетін мүшесіне берілетін бір жолғы жəрдемақы;
· қызметкердің көшуден бастап жұмыс басталғанға дейінгі
жалақысы (тараптардың келісімі бойынша төленеді).
Егер жұмыс беруші қызметкердің көшуі үшін көлік берсе, онда
жол жүру жəне мүлікті көшіру құны төленбейді.
Əлеуметтік жəрдемақылар. Заңдарда еңбекке уақытша
жарамсыздығы бойынша, жүктілік жəне босану бойынша
əлеуметтік жəрдемақылар, сонымен қатар бала асырап əйелдерге
(еркектерге) əлеуметтік жəрдемақылар тағайындау көзделген (ҚР
«ҚР еңбек туралы» заңының 85, 86, 87-баптары).
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 85-бабы
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша əлеуметтік
жəрдемақылар тағайындау
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша əлеуметтік
жəрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға,
жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты,
туберкулез немесе кəсіптік ауру себебінен уақытша басқа
жұмысқа
ауыстырылған
кезде)
еңбекке
уақытша
жарамсыздық жағдайларында жəне заңдарда белгіленген басқа
да жағдайларда тағайындалады.
Байқап отырғанымыздай, еңбекке уақытша жарамсыздық
бойынша əлеуметтік жəрдемақылар жалпы ауруларға қатысты да,
заңдарда көзделген өзге жағдайларда да тағайындалады. Жұмыс
берушіге өз қаражаты есебінен қызметкерлерге жалпы аурулармен,
еңбекте мүгедек болуына жəне кəсіптік аурумен ауыруына
байланысты əлеуметтік жəрдемақылар төлеу жүктеледі. Егер
еңбекке уақытша жарамсыздық еңбектегі мүгедектікпен немесе
кəсіптік аурумен байланысты болса, онда жұмыс беруші əлеуметтік
жəрдемақыны еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен
бастап, жұмысқа шыққанға дейін мүгедектігі анықталғанға дейін
орташа жалақысының жүз проценті мөлшерінде төлейді.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық жұмыс кезеңінде, соның
ішінде, сынақ мерзімінде туындаса, жұмыстың ұзақтығына жəне
Достарыңызбен бөлісу: |