Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет58/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   134

өнімдер  үшін  кесімді  бағаның  өсуі  орын  алады.  Бірдей  операция, 

бөлшектер жəне т.б. үшін əр түрлі ақы төленеді, норманы орындау 

жоғары  болған  сайын  орындалатын  жұмыс  бірлігі  үшін  төленетін 

ақы да өсе түседі. 

Кесімді-прогрессивтік  ақы  төлеу  кезінде  қызметкердің 

жалақысы орындалған жұмысқа қарағанда жылдамырақ өседі. Бұл 

жағдай кесімді-прогрессивтік жүйесін жаппай жəне тұрақты түрде 

қолдану  мүмкіндігін  болдырмайды.  Бұл  жүйе  жоспарды 

орындаумен  байланысты  қандай  да  бір  себептермен  қолайсыз 

жағдайлар  орын  алған  жəне  нормаларды  орындауда  қосымша 

материалдық  мүдделілікті  туындату  қажеттігі  туған  кездегі 

учаскелерде шектелген мерзімге (3-6 ай) енгізіледі. 



Еңбекке  ақы  төлеудің  кесімді-сыйақылық  жүйесі  белгіленген 

еңбек шарасына сəйкес есептелетін негізгі жалақыға қоса қосымша 

ақы – сыйақыларды  енгізуді  білдіреді.  Сыйақыларды  төлеу 

белгіленген  нормалармен  салыстырғанда  қосымша  нəтижелерге 

жетумен байланысты. Əдетте сыйақы негізгі жалақының алдын-ала 

белгіленген бөлігі ретінде белгіленеді. 



Еңбекке  ақы  төлеудің  аккордтық  жүйесі  кезінде  жекелеген 

операциялар мен жұмыс түрлерін орындаған үшін емес, аккордтық 

тапсырмаға  кіретін  белгілі  бір  жұмыстар  кешенін  орындаған  үшін 

ақы  төленеді.  Аккордтық  тапсырма  бойынша  есептелетін 

жалақының сомасы уақыт нормасы мен осы кешенге кіретін жұмыс 

түрлерін бағалауды ескерудің нəтижесінде анықталады. Əдетте еңбекке ақы 

төлеудің  аккордтық  жүйесі  қызметкерлер  ұжымы  үшін  белгіленеді 

жəне іс жүзінде бригадалардың еңбегінің соңғы нəтижесі бойынша 

еңбекке  ақы  төлеудің  ұжымдық  жүйесінің  бір  түрі  ретінде 

қарастырылуы  мүмкін.  Сонымен  қатар,  аккордтық  жүйе  кесімді 

ақы төлеудің басқа түрлерінен мынасымен ерекшелінеді: бұл кезде 

тапсырманы  орындау  үшін  берілетін  жалақының  жалпы  сомасы 

қызметкерлерге жұмыс басталғанға дейін жарияланады. 

Кəсіпорында  немесе  ұйымда  еңбекке  ақы  төлеудің  нақты 

жүйесін белгілеу еңбек нормаларына (жұмыс істеу, уақыт, қызмет 

көрсету  нормалары)  негізделеді.  Еңбек  нормалары  дегеніміз  не 

жəне еңбек нормаларының қандай түрлері болуы мүмкін? 

Еңбек нормасы ретінде қызметкер үшін белгіленген жұмыстың 

уақыт бірлігіндегі (сағат, ауысым, күн, апта, ай) көлемі. Жұмыстың 

бұл көлемін қызметкер қалыпты жұмыс жағдайларында белгілі бір 

уақыт бірлігінде орындауы  тиіс. 




Жұмыстың  қалыпты  жағдайларын  қамтамасыз  ету  міндеті 

басшылыққа  жүктеледі.  Басқаша  айтар  болсақ,  басшылық 

құралдардың,  механизмдердің,  жабдықтардың,  құрылғылардың 

ақаусыз күйін қамтамасыз етуге, қызметкерді шикізатпен, жұмысқа 

қажетті  материалдармен,  техникалық  құжаттармен,  аспаптармен, 

электр энергиясымен, сонымен қатар, қауіпсіз жəне қалыпты еңбек 

жағдайларын уақтылы қамтамасыз етуге міндетті. 

Еңбек нормаларына мыналар жатады: 

· жұмыс істеу нормалары; 

· уақыт нормалары; 

· қызмет көрсету нормалары; 

· ірілендірілген жəне кешенді тапсырмалар. 

Еңбек нормалары бірыңғай, типтік, салааралық (ведомстволық) 

жəне  локальдық  болуы  мүмкін.  Əдетте  тəжірибеде  типтік  немесе 

салааралық 

нормалардың 

негізінде 

жасалатын 

локальдық 

нормаларды қолданады. 



Жұмыс істеу нормалары – бұл қызметкердің белгілі бір уақыт 

нормасында  (сағат,  күн,  ауысым,  апта,  ай)  орындауы  тиіс  жұмыс 

операцияларының  немесе  өнімнің  бірлігінің  белгілі  бір  саны. 

Мысалы,  жұмыс  ауысымында  токарь 6 бөлшек  жасауы  тиіс  делік, 

бұл жерде 6 (бөлшек) – жұмыс істеу нормасы. 

Уақыт  нормасы – бұл  қызметкердің  осы  кезде  белгілі  бір 

жұмыс  операцияларын  немесе  өнім  бірлігінің  белгілі  бір  санын 

жасауы тиіс жұмыс уақытының саны. Мысалы, наубайшы 8 сағатта 

тəтті  өнімдер  шығаратын  пешті  №  рет  қосуы  тиіс  делік,  бұл 

жердегі 8 сағат – уақыт нормасы. 

Уақыт  нормалары  мен  жұмыс  істеу  нормалары  бұрыннан 

қолданылып  келе  жатқан  жəне  нормалардың  кең  тараған  түрлері 

болып табылады. Олар кесімді қызмет атқаратын қызметкерлердің 

еңбек  тапсырмаларын  анықтау,  мерзімді  қызметкерлерге  беретін 

тапсырмаларды  есептеу,  қызметкерлер  мен  инженер-техник 

қызметкерлердің тұрақты жұмысын нормалау үшін қолданылады. 

Қызмет көрсету нормасы – бұл бір қызметкер жұмыс істейтін 

немесе  қарайтын  алаңдардың,  станоктардың,  құралдардың,  механизмдердің 

саны. Мысалы, бір еден жуушы қызметкер күн сайын № метр еден 

мен  баспалдақ  жууы  тиіс  десек,  онда  №  метр – қызмет  көрсету 

нормасы болып табылады. 

Қызметкерлер  санының  нормасы – бұл  өздерінің  еңбек 

учаскесінде жұмыс істеуі тиіс, белгілі бір мамандыққа жəне/немесе 




біліктілікке  ие  қызметкерлердің  саны.  Мысалы,  тігін  цехында  № 

қызметкерлер жұмыс істеуі немесе № оқушыға R оқытушы болуы 

тиіс  делік.  Бұл  жердегі  №, R – қызметкерлер  санының  нормасы. 

Ескеріп  өтетін  бір  жайт,  сандық  норма  мен  қызмет  көрсету 

нормасы  өзара  байланысты.  Қызмет  көрсету  нормасы  сандық  

норманы анықтайды жəне керісінше. 

Қызмет  көрсету  нормалары  мен  сандық  нормалар  қызметкер 

белгілі бір уақыт бірлігінде (уақыт нормасында) жұмыс істеуі тиіс 

жабдықтардың, станоктардың, құралдардың,  жұмыс орындарының 

жəне т.б. бірлігінің санын анықтау үшін қажет. Сонымен қатар, бұл 

нормалар  белгілі  бір  жұмыс  көлемін  орындау,  цехтағы 

станоктардың  тиімді  жұмысын  қамтамасыз  ету  жəне  т.б.  үшін  

қажетті қызметкерлердің санын анықтау үшін қажет. 

Ірілендірілген  жəне  кешенді  тапсырмалар – бұл  бригаданың 

белгілі  бір  уақыт  бірлігінде  (күн,  апта,  ай)  орындауы  тиіс  жұмыс 

көлемі.  Мұндай  ірілендірілген  жəне  кешенді  тапсырмалар 

өндірістік  бригадалардың  ұжымдық  еңбегінде,  мысалы, 

еңбегі  ұжымдық  сипатқа  ие  құрылысшылар  бригадасы  үшін 

белгіленеді. 

Нормаланған  тапсырмалар  еңбекке  ақы  төлеудің  мерзімді 

жүйесі  кезінде  белгіленеді  жəне  қызметкерлердің  еңбегінің 

тиімділігін  арттыру мақсаттарында қолданылады. 

Еңбек  нормалары  жалақыны  ұйымдастыру  элементтерінің  бірі 

ретінде де ерекше мəнге ие. Себебі, жалақыны анықтау үшін еңбек 

шарасын  нақты  анықтап  алу  қажет.  Бұл  рөлді  еңбек  нормалары 

атқарады, себебі олар бір мезетте еңбек үшін марапаттау шарасы да 

болып  табылады.  Осы  арқылы  олар  қызметкерлердің  өз  еңбегінің 

нəтижесіне  қатысты  материалдық  мүдделілігін  тудырады  жəне 

еңбекке адал қатынасты күшейте түседі. 

Қазіргі кезде еңбекті нормалау бірқатар маңызды функцияларды 

атқарады. Олар: 

· еңбекті ұтымды ұйымдастырудың негізі; 

· материалдық игіліктер өндірісі саласындағы да, өндірістік емес 

саладағы  да  қызметкерлердің  барлық  санаттары  үшін  жалақыны 

ұйымдастырудың элементі; 

· еңбектің (ұжымдық əрі жеке) нəтижелерін есепке алудың құралы; 

· алдыңғы қатарлы тəжірибені бекіту жəне тарату құралы болып 

табылады. 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау