Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет45/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68

     
 
 
96 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
жорғаға  жабысады  екен,  ал  ол  көнбейді.  Енді  Балабай  «сол  боз  жорғаны  Ахмеди 
берсе ғана қызымды шығарамын Тұрсынға» деген соң, бүкіл ел дал болады. Түптің 
түбінде досының көңіліне қарап Ахмеди сол боз жорғасын Тұрсын үшін Балабайға 
қияды. Тұрсын үйленіп, көңілі жайланған соң қалың малға мал қосып бергендердің 
көңілін  табуға  кіріседі.  Той  жасап,  жасаудан  түскен  шашағы  жерге  сүйретілген 
түйенің  үстіндегі  бас  кілемді  Болатшынң  әйелі  Толпышқа  бөледі.  Ал  Ахмедидің 
ауызға  ілінбей  қалғанын  ұнатпаған  жұрт  арасында  күңкіл  сөз  шығады.  Бір  той-
томалақта ел Ахмедиден ән айтуды қалапты, сонда ол былай деп жырлаған екен:   
  
          “Базына замандасқа жарасқан да, 
           Көмбеге жан ұшыра таласқанда. 
          Озған кім, шабаны кім, қалғаны кім, 
          Амал не, ажыратпай адасқанға. 
 
          Балабай қалап алды жалғыз бозды, 
          Жалғыз боздан айырылып табан тозды. 
          Атты, жаяу жалбаңдасып жарысқанда, 
          Болатшының әйелі Толпыш озды» [3,176 б.]   
 
-деп  Ілияс  бала  кезінде  осы  жайтты  жиі  ауызға  алып  отырады  екен.  Сонда  Ілиясқа 
Ахмедидің  тоқмейілсіген  досы  Тұрсынға  айтқан  жеңіл  астар  мен  күлкі  тудырар 
теңеулері көңіліне ұнағандықтан, ұзақ уақытқа дейін есіне сақтап жүреді. Одан керек 
болса, ішкі ойды астарлата жеткізуді, досының қателігін мойындату үшін, сонымен 
қатар, ренжітіп алмауы үшін де қандай сөз пайдалану керектігін үйренеді.  
Тағы бірде Құсайын Шөкенов екеуі Сарқанға бірге барғанда Ілиястың тауып 
айтқан бір сөзін былай есіне алады:  «Сарқанда Рахым молданың үйіне келіп, оның 
тамақ жегендегі «ынсаптығын» көреді. Имам тамақ жегенде екі көзі жұмулы болады 
екен, шынысын дастарқанға қойып, бір бауырсақты әлденеше рет бөлшек етіп, оған 
сары май жағып аузына салғанда көзін бір ашып қояды екен де, көзін қайта жұмып 
түйенің  сүтін қатқан қызыл  күрең  шайды  ұрттап  отырады.  Сонда  айналадағы  жұрт 
«ынсапты  екен,  қасиетіңнен  айналайын  шариғатты  ұстап,  нәпсісін  тиған  ғой»  деп 
таңырқасады. Сонда Ілияс имамның бұл мінез-құлқын былай деп келеке-мазақ етіп, 
Құсайынның  құлағына  сыбырлайды:  «  -  Әмісе  көзін  жұмып  отыратыны  –  дүниеге 
көзім  түссе,  күнә  болады  деп  сақтанатын  шығар?»  [4,16  б.]      -  дейді,  оның  үстіне 
күніне бір семіз қой мен бір тегене қымыз ішетінін еске алып. Ілияспен бірге өсіп, 
оқыған  Ыбырайым  Маманов  оның Қарағаштағы  «Мамания»  мектебінде  білім  алып 
жүргендегі бір сәтін былай деп баяндайды: «Қарағаш мешітінің имамы Хасен молда 
«Мамания»  медресесінде  оқушыларға  дін  және  құран  үйрететін.  Хасен  молда  араб 
сөзіне  тілін  орамалмен  ұстап  тұрып  созатын  әдеті  бар  еді.  Соған    Ілияс  қабырға 
газетіне екі шумақ мынадай өлең шығарады:    
“Молдекем Тұтқышбайды мазалап тұр,  
Тілін созып жылатып жазалап  тұр.  
Дін үйретіп балаға зорлықпенен, 
Баратын жұмақ жолын тазалап тұр. 
 
Тұтқышбай молдекеме бағынып тұр,  
Оқудан көңілі қалып, ошағын сағынып тұр.  
Молдекең жас баланы аяр емес,  
Қызарып екі көзі қағынып тұр”[5,266 б.]  -деп Хасен молданы мазақ етіп, 


     
 
 
97 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
күлкілі образын жасайды. Өзін мазақтаған кімге жақсын, суретті көрген Хасен молда 
авторы  Ілияс  екенін  біліп,  оны  оқудан  шығаруға  әрекет  жасайды,  бірақ  Есенқұл 
Мамановтың  (Қарағаштағы  «Мамания»  мектебінің  негізін  салушы)  араласуымен 
Ілияс оқуда қалады» деп есіне алады. Сонымен, Ілиястың жас кезінде, қай отырыста 
болмасын айналасын күлкіге толтырып, кез келген жайды ретіне қарай әзіл-қалжың, 
келемеж, мазаққа айналдыруы оның әдет-дағдысына айналғанын байқаймыз.   
 Ел  арасында  жай  айтылған  сөзден  де  күлкілі  бір  мән-мағына  тауып  алып,  оны 
боямаламай-ақ  қисынын  келтіріп  айтып,  елді  күлдіріп  отыруы  да  –  мінезіндегі 
қалыптасқан әдет. Мәселен, жанжалдасып қалған екі адамның біреуі ұл баласы жоқ 
біреуге «ә, қубас!» десе, екіншісі оның сөзіне шамданып «май бас екенсің ғой?!» деп 
дырау  қамшымен  май  басын  қан  жалатып  екі  тартқан  көрінеді.  Мұны  Ілияс  жас 
кезінде  жиі  айтып  күлдіріп  отырады  екен.    Ілиястың  жас  кезінде  сатираға  жақын 
болуын оның айтыспен байланыстылығынан да іздеу қажет. Олай деуіміздің себебі – 
Ілияс бозбала, жігіт шағында айтысқа талай рет түскен жампоз айтыс ақыны болғаны 
мәлім. Ауылда өтетін той-думандардан қалмай, өз жанынан өлең шығарып, айтысқа 
әуес  талай  жігіт,  қыздармен  сөз  таластырады,  мұны  өзі  кейінірек  былай  деп  еске 
алады: «Хат білген соң өлең оқығыш болдым. «Қыз Жібек» қиссасын мен оқығанда 
талай  жан  жылайтын.  Кейін  аймағымыздың,  ауыл  бозбаласының  өлеңшісі  мен 
болдым. Жарып той бастап, таңдап әріптес алып айтысып, «құтырған» күндер өтті. 
Түнгі тойды таңға тарқатпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан күндер өтті», - дейді.  
       Ілекең,  сөз  жоқ,  талай  ақындармен  айтысқа  түсті  ғой,  ал  қолдағы  бар 
деректерге сенсек, оның бұл өнерде өзіндік қолтаңбасы ерекше көңіл қоярлық екенін 
айтпасқа  болмайды.  Айтыс  өнеріндегі  қазіргі  кезде  көп  мән  берілмей  жүрген 
олқылықтар,  салқындық,  жіңішкелеп  әзіл  қыстыру,  қапысын  тауып  жер  қақтырып 
мысын  басу,  қажетіне  орай  кекесін-мысқыл,  сатиралық  элементтерді  шебер 
пайдалану  қасиеттері  Ілияста  басым  болғанын  бірді-екілі  көз  көрген  қариялардың 
естеліктері жоққа шығармайды.    
Ілияс Жансүгіров Жетісу мемлекеттік  университетінің оқытушысы  болған,  өнер 
зерттеушісі  Бүркеева  Алтын  өзінің  «Көз  көрген»,  «Ақынның  үнін  тыңдаған»  деген 
зерттеу мақалаларында 84 жасқа келген Ысқаққызы Айтолықтың 17 жасында Ақсу 
ауданындағы  Жайпақ  деген  жерде  23  жасар  Ілияспен  айтысқандығы  құнды  дерек 
келтіреді.  Онда  Ілекең  «Шилі  өзен  қамыс-ай»  деген  халық  әнінің  әуенмен 
айтысқандығы,  сөзі  өткір,  салған  мақамы  жүрекке  тиіп,  мейірімді  көзқарасы 
жадында қалып қойғаны туралы айтылады.  
 Екінші «Ақынның үнін тыңдаған» деген мақалада Ілиясты көрген, тәлімін алған 
Ақсу  ауданы,  «Қаракемер»  совхозында  Қабдолдаев  Жұман  өз  естелігінде  1935 
жылдың қыс айында ақынның үйіне келгендігі туралы айтады. Аты шыққан ақынды 
ауыл  құшақ  жая  қарсы  алады.  Сол  түні  және  келесі  күні  Ілияс  «Мұңлық-Зарлық», 
«Еңлік-Кебек  жырларын  ерекше  ырғақпен  әндетіп,  түрлі  әуенге  салып  жырлайды. 
Оның  күмбірлеген  үні,  домбыра  тартуы  өте  тартымды  шығады.  10-15  шақырым 
жердегі  ауылдардан  адамдар  тойға  жиналады.  Үйге  ел  сыймай  кетеді.  Солардың 
ішінде  ерекше  көзге  түскені  –  Тойымбала  дейтін  ұзын  бойлы,  бота  көзді,  сұлу 
келіншек  «жас  ақынмен  айтысамын»  деп  бірер  ауыз  өлеңді  тастап-тастап  жібереді. 
Айтысудан тайынатын Ілияс па? Екеуі біраз сөз таластырады. Ілияс сол кезде асып-
саспай, әр сөздің мән-мағынасы, ішкі құпиясы, түп-төркініне зер сала, ойлап-пішіп, 
оған  дәл  жауап  қайтарып  отырады.  Ондағы  айтыстың  кілт  тоқтап  қалуының  бір 
себебі – айтыста әзіл-қалжың айта отырып, енді қыз бен жігіт арасындағы бір-біріне 
тиісу, қағыту, сезімге барардан бұрын, өз-өздерін таныстыра келе, бір рудың елінен 
екендіктерін  білген  соң  Ілияс  «Тойымбала  менің  қарындасым  болып  шықты,  енді 
мен  айтыспаймын»  деген  сөзі  итермеші  болады.  Тойымбала  да  «Ілияс  өз  ағайым 
екен, енді мен айтысты доғарамын» деп кейін сырғып отырады.   


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау