77
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ӘӨЖ 638.1.(574)
АЙМАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ
НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
Кантуреев М.Т., э.ғ.д., профессор
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған
Абдиманап Н., магистрант
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы
В статье выявлены основные элементы оценки развития региональных
социально-экономических систем, предложена методы оценки социально-
экономического развития региона.
Мақалада
аймақтың
әлеуметтік-экономикалық
дамыту
бағасының
негізгі элементтері көрсетілген және әдеуметтік-экономикалық дамыту бағасының
әдістері ұсынылған.
The paper identified the main elements of the assessment of regional socio-
economic systems, proposed methods for assessing the socio-economic development of the
region.
Кілт сөздер: экономикалық кеңістік, аймақ, аймақтағы дағдарыс,
агломерация, инновациялық даму
Әрбір қоғамның дамуы белгілі бір аумақпен байланысты болады. Қоғамның
дамуының кеңістіктік аспектілері көптеген ғылымдармен зерттеледі. Олардың
қатарына география, демография, әлеуметтану, аймақтану т.б. жатады. Аймақты
дамытудың ең маңызды өзекті мәселелеріне экономикалық мәселелер жатады.
Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі
шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан
құралады. Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен
оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.
Аймақтық экономикада өзекті мәселеге келесідей ұғым жатады. Проблемалық
аймақ - бұл өзі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын
немесе жоғары әлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан
белсенді қолдауды талап ететін аймақтар.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы
тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес
республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады: 1) шаруашылықтарының
құрылымы экспортқа бағытталған; 2) индустриялық дамыған; 3) агроөнеркәсіптік;
4) дағдарыстық.
1-ші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай
қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті
9 мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта
қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар.
Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және
тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер
кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен
өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай
жерлерді интенсипті игеру;