72
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
сөйлеудің негізгі композициялары (құрылысы, қарқындары) сонау антикалық
заманда Платонмен қаланған. Сол кездерде жақсылап ойластырылған сөз,
қарқынынсыз жақсы сот сөзі болмайтындығын мойындаған. Істің мән-жайына
кіріспей тұрып оған судьяны (айтатұғын сөз) дайындау өте қажет. Одан кейін сөз
арналған істі байыптау (баяндау), дәлелдер келтіру (бекіту), оппонентті опалау
(келіспеу) және сөзді аяқтаушы ымыра келтіру (қорытынды).
Антикалық заманда ең күшті деп қарапайым, айқын, түсінікті және терең
мағыналы ойға толы сөздерді санаған. Міне қандай, сот сөздері және оның
қарқынына байланысты нұсқаулар бойынша әр заманда өмір сүрген осы сөз
шешендерінің ойлары пайда болып отырған.
Сот шешендеріндегі үш міндеттер:
-сөзді дәлелдеу;
-жылыжағымдау;
-өз жағына баурау;
Сот талқылауының жақсы аяқталуы тараптарды сендіре білудің арқасында
болады. Нақ осы соттағы ұғымды және сендіре сөйлеудің қажеттілігі риториканың
пайда болуы мен дамуының бірден-бір себебіне айналды.
Сот сөздерінің ұғымды және сендіре алу әсері рационалды және эмоционалды
бастамаларда құрылады. Олардың соттағы сөздер үшін, алғашқысы қисынды
болжауларды, фактілерді, дәлелдерді кеңінен қолдану сипатында. Сотта сөз
сөйлеуші, тыңдаушылардың ойы мен сезіміне әсер етуге тырысады, сөз шешенінің
ойымен келісуге тыңдармандарды сендіртеді.
Сенімсіздікті жеңу үшін, сөз шешендері қорытынды жасауға тыңдармандардың
өздерін қатысушы етіп қоюға тырысады. Тәжірибелі сөз шешендері өздерінің сөз
айтылымдарын, процессуалдық және қисындық дәлелдемелерін сөзді аяқтау туралы
өтініш түскенге дейін барынша сенімділік өсе түсетіндей етіп қатарластырады.
Соттағы сөздің эмоционалдық буы тыңдаушылардың сезімін оятады. Сөз шешені
тыңдаушыларда, өзінің дұрыс сөйлеп тұрғандығына сендіруге көмек болатын көңіл-
күйді туғызуға тырысады.
Біздің еліміздегі заңгер мамандығын таңдаған азаматтар үшін бірден-бір
қызығушылық тудыратын ол, орыс сот қызылтілділігі.Орыс сот қызылтілділігі өзінің
даму кезеңін XIX ғасырдың екінші жартылығынан яғни, 1846 жылғы сот
реформасынан кейін, сотқа алқа билерді кіргізіп және адвокатураның алқа отырысы
бекітілгеннен кейін бастайды.
Сотөндірісіндегі әдептілік туралы ғылым ретіндегі сот этикасының атасы
есебінде, 1994 жылы 150 жылдығы тойланған Анатолий Федорович Кониді
толығынан санауға болады. Петербор сот палатасының хатшысынан кассациялық
департамент Сенатының обер-прокуроры және Мемлекеттік Кеңестің мүшелігіне
дейін, саралы жол кешіп, сот және прокурорлық жұмыста алуан тәжірибені иемдене
отырып, А. Ф. Кони қашанда қылмыстық әділсот ісіндегі этикалық бастамалардың
мығым және сенімді зерттелуі мен оқытудың жақтасы болды. Ұзақ уақыт бойы
өзекті мәселелерді шешуге қатысты сот этикасы заңсыз болып саналды. А. Я.
Вышинскийдің кәсіби этикаға деген теріс қатынасы көпшілікке мәлім болатын.
Ондаған жылдар бойы әділсот мәдениетіне қарасты этикалық сұрақтарды шешу
кейінге қалдырылып отырды, сондай-ақ соған қарасты өзге де пәндердің дамуы да.
Заң әдебиетінде кәсіби этика және оның ғылыми мәртебесінің негізділігіне күмән
келтіру әрекеттеріне оқталғандығы орын алды.
Сот этикасының ұғымы, пәні және қағадалары
Сот этикасы – бұл идиалдарда, қағидаттарда және нормаларда әділсоттылықты
жандандырушы әдептілік туралы ілімді құраушы, сондай-ақ сотөндірісіне