68
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
қолданыстағы бақылау шараларын екі негізгі топқа бөлуге болады. Қаржылық
бақылау шаралары көп жағдайда осы бақылаудың жүзеге асырылуы үшін арнайы
уәкілеттік берілген мемлекеттік органдармен Қаржы полиция агенттігімен, Қаржы
министрлігімен, Мемлекеттік салық комитетімен, Қазақстан ұлттық банкімен,
министрліктер
мен
мекемелердің
аудиторлық,
тексеруші,
бухгалтерлік
бөлімшелерімен және т.б.), құқық қорғау органдарымен қабылданатын жедел-
іздестіру,қылмыстық-процессуалдық,әкімшілік-құқықтық сипаттағы шаралар
қолданылады.
ҚР «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15-қыркүйектегі Заңы
(кейінгі өзгертулер және толықтырулармен) осы органдардың құқықтарын белгілі
бір жағдайларда азаматтардың сұрауларын жүзеге асыруды, анықтамаларды
енгізуді,
пошталық жөнелтілімдерді қадағалау және бақылау, телефондық келіссөздерді
тыңдауды және т.б. қарастырады.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы
кұрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын айта кету керек. Соның ішінде ҚР
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы»
арнайы Заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы
дайындалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда
айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Мысалы,
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдану
кезінде азамат салық қызметі органдарына кірістері және өзінің жеке меншік
құқығына жататын, салық салу объектісі болып табылатын мүлігі туралы мәлімет
ұсынуы тиіс. Осы баптың 4-бөлімінде әкімшілік мемлекеттік қызметті тек арнайы
тексеруден өткеннен кейін ғана атқаруға болатындығы туралы айтылған.
Көрсетілген заңда мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер
қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер тарапынан
болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік
міндеттерді орындауға уәкілетті және оларға тең барлық тұлғалар тұрғылықты жері
бойынша салық қызметкерлеріне өзінің мүліктік және кіріс жағдайы туралы
мәліметтерді ұсынуға тиісті. Осындай ереже жоғарыда айтылған ҚР «Мемлекеттік
қызмет туралы» Заңыңда да бар.
Билік болған жерде адамдардың қызмет бабын жеке мүддесі үшін
пайдалануы түбегейлі жойылған емес. Бірақ, бұл көрініс бір елдерде әбден
тамырланып жүйелі сипат алса, ендігі бір елдерде ол жеке дара сирек кездесетін
келеңсіз оқиға ретінде қабылданады.
Осыған қарап, ол елдің даму деңгейін, азаматтардың заңды сақтауға деген
көзқарасы мен құқықтарының сақталу жағдайын байқауға болады. Бұлай дейтін
себебіміз, сыбайлас жемқорлық етек алған елде заңнан бұрын «парақорлар мен
тамыр-таныстық» үстем етеді. Сол себепті, сыбайлас жемқорлық тамырын тереңге
жайып, жүйеге айналса, мемлекетке қауіп төніп, ақырында оның іріп-шіріп,
тоқырауына әкеп соқтырады.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат
алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі ол
мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.
Сыбайлас жемқорлық – бүкіл әлемдік проблема. Сондықтан оның кез-келген
түрлерімен аяусыз күресіп, түп-тамырымен жойған дұрыс.
Соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптардың
күшейтіліп, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес нәтижесінде сыбайластық
қылмыстар әлдеқайда азайды деп айтуға болады. Мұны кез-келген мемлекеттік
органдардағы қызметкерлердің қазіргі қарым-қатынасынан да байқаймыз.
69
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қабылданып, мемлекеттік қызметке жаңа
қабылданған қызметкерлер
ант қабылдап, оған жауаптылықпен қарауда.
Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары әшкерелеп жатқан мемлекеттік
қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық
бұзушылықтың сипатын, жасалу себептері мен осыған итермелеген жағдайларға
талдау жасайтын болсақ, олардың басым көпшілігі заңды білмеуден немесе оған
немқұрайды қараудан орын алуда. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талабына сәйкес мемлекеттік міндеттер
атқаруға уәкілетті адамдар мен оған теңестірілген адамдар жыл сайын тұрғылықты
жері бойынша салық органдарына табыстары туралы мәлімдеме тапсыруға міндетті.
Алғашқы жылдары осы декларацияны уақытылы
тапсырмау сияқты әкімшілік
құқық бұзушылықтар жиі кездесетін болса, қазіргі кезде ондағы мүліктері жөніндегі
мәліметтердің толық болмайтыны орын алуда. Бұл құқық бұзушылықты мемлекеттік
қызметшілер мен оған теңестірілген адамдар әдейі жасайды деуге болмайды. Бұл
негізінен қызметкерлердің жауапсыздығынан, осы мәселеге немқұрайды қарауынан
немесе заңды білмеуінен болады.
Дейтұрғанмен қызмет бабын өзінің жеке мүддесі үшін пайдаланып жүрген
мемлекеттік қызметшілер заңды біледі және пайда табу мен игіліктер көруде оны
айналып кетудің жолын іздейді.
Өкінішке орай, кейбір жағдайда жемқорлар заңның әлсіз, жетілмеген
тұстарын немесе құқық қорғау органдарындағы мамандардың кәсіби біліктілігінің
жетіспеуін пайдаланып, жауаптылықтан тыс қалуда.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан»
партиясы Саяси кеңесінің соңғы кеңейтілген кеңесінде: «Партияның өңірлік
филиалдары жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты
ұйымдастырылған күресті өрістетуі керек. Партияның облыстық және аудандық
филиалдарындағы арнаулы кеңестер парақорлар мен қазынаға қол салушылар
үстінен тұскен арыз-шағымдарды қарауға тиіс. Партия лас қолды шенеуніктерді
қызметтен алуды және жазалауды жария түрде талап етуі керек. Сыбайлас
жемқорлықпен және парақорлықпен бірлесе отырып, бүкіл халық болып қана
күресуге болады. Біздің партия осы күрестің алдыңғы шебіңде екенін көрсетуі тиіс»,
- деп қадап тұрып айтқан еді.
Жалпы қоғамдағы қауіпті құбылыс – сыбайлас жемқорлықпен күресті
науқаншылдыққа айналдырмасақ қана жеңіске жететініміз сөзсіз. Облыстағы
барлық құқық қорғау, бақылау, қадағалау органдары, «Нұр Отан» халықтық-
демократиялық партиясы осы принципті берік ұстанып отыр. Олардың қолға
алып,
атқарып
жатқан
батыл
шараларына
халық
қолдау
көрсетіп,
сенім білдіруде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің маңызды қадамы болып қалуда. Өзінің халыққа
жыл сайынғы Жолдауында Елбасы құқық қорғау органдарының қызметін батыл әрі
түбегейлі жақсартуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты әрі маңызды
табыстарды тағыда да талап етеді.
Жолдаудағы қадап айтылған үлкен әңгіменің бірі деп жемқорлыққа қарсы
күрес шараларын жетілдіру жөніндегі стратегиялық бағыттардың нақтыланғандығын
айтар едім. Оның үстіне бүл күреске «Нұр Отан» партиясының тартылуы келешекте
істің нәтижелі жүргізілуіне пайдалы әсерін тигізеді деп ойлаймын. Жемқорлықты
тежемесе болмайды. Ол қазірдің өзінде әл бермейтін ауруға айналып барады. Жең
ұшынан жалғасқан сыбайластық пен парақорлық жайлаған қоғамда демократияның
салтанат құруы мүмкін емес. Сондықтан да қауіпті кеселдің алдын алуға
жұртшылық болып жұмылуымыз керек.