21
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Қорыта келе,сөзімді былай аяқтасам деймін.Белгілі орыс жазушысы К.Д.
Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге
деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін,
күш - жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Н.Ж. Құрманова Дамыта оқыту технологиясы. Астана 2007
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.
3.
«Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003 жыл.
4.
«Бастауыш мектеп» журналы 2010 ж.
5.
«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде»
М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.
БОЛАШАҒЫ ЗОР БОЛСА, ҮМІТІ ДЕ МОЛ
Мұхтар Кәрімов, Сауле Кунапиянова
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі
Мақалада гуманитарлық-техникалық колледжінің заманауи ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып тереңдете білім беру мәселелері қарастырылған.
Сонымен қатар, облыстық білім, жастар саясаты мәселелері және басқа да
басқармалармен бірлесіп өткізген шаралары туралы жазылған.
В данной статье анализируются вопросы углубленного обучения студентов с
использованием новых информационных технологий в гуманитарно-техническом
колледже. Также рассматриваются мероприятия, проведенные совместно с
областными управлениями образования и молодежной политики.
This article analyzes the issues in-depth training of students with the use of new
information technologies in humanitarian and technical college. It also covers the
activities carried out in conjunction with the regional offices of education and youth
policy.
Кілт сөздер: ақпараттық технологиялар, білім беру, колледж, студент,
педадгогика.
Қай заманда болсын болашақтан үміт күткен талабы зор орта алар жеңісі мен
жемісі мол болмақ. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың
көрсеткіші - білім деңгейімен өлшенеді. Әлемдік білім кеңістігінде білім беру
жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Өйткені,
өмірдің заңы даму,
ілгерілеу, озу.
Адам санасы жақсы мен жаманды айырып қана қоймай, жақсылығын өз
бойына қалай дарыта алса, өзгенің ойын да соған жетелей білу керек. Сонда ғана
білікті ұрпақ өсіп жетіледі.
Білікті ұрпақ деп жан-жағын болжай алатын, техника тілін өз ана тіліндей
меңгерген маман болуы шарт. Міне, осындай мамандар даярлайтын облысымыздағы
колледждердің бірі тамыры тереңге жайылған Талдықорған гуманитарлық-
техникалық колледжі.
Қазіргі кездегі заман талабы - жоғарғы деңгейдегі техника саласындағы жан-
жақты маман дайындау болса, колледж ұжымы мен оның басы-қасында жетекшілік
жасап жүрген директор Джумадилов Әсет Қазиұлы Елбасының «Еліміздің болашағы
- жастардың қолында, ал жастардың болашағы-ұстаздардың қолында» - деген сөзін
22
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
берік ұстанған басшылардың бірі. Болашаққа нық қадам адымдаған басшы ретінде
колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу кабинеттері мен
өндірістік оқыту шеберханаларының жаңа заман талаптарына сай безендіруіне
ерекше көңіл бөліп, көп еңбек етуде.
Қазіргі таңда колледжімізде он мамандық жұмысшы кадрларын даярлайды.
Осы жаңадан ашылған мамандықтар үшін барлық материалдық база толығымен
қамтылған. Соңғы үлгідегі технология жетістіктерін қолдана отырып жасалған
станоктардың әр түрлері бар. Шеберхана толық ағымды жөндеуден өтіп, мұнда
сапалы кәсіби білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Жоғары білімді
оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің өз жұмыстарына жауапкершілікпен
қарап, әрбір өтетін сабаққа жүйелі түрде дайындалып, сабақты инновациялық жаңа
әдістерді пайдалана отырып өткізуі - болашақ мамандық иелерін дайындауда, оң
нәтижелерін беруде. Қазіргі заман талабына сай өз мамандықтары бойынша
машықтануды игерген жастарға сұраныс жоғары.
Заман талаптарына сай өндіріс орындарының сұраныстарын қанағаттандыру
мақсатында колледжбен төмендегі мекемелер арасында екі жақты келісім - шарттар
жасалынған. Мәселен, Ескелді аудандық «Қазтелеком» АҚ, ЖШС «Жиһаз
фабрикасы» МКҚК «Жетісу водоканал», ММ «Алматы облысының білім берудегі
жаңа ақпараттық технология орталығы, ЖШС «Мақсат», ЖШС «Ал-Же-Тен», АҚ
«Азия - электрик», ЖШС «Жетісу жарнама» секілді мекемелер колледждегі
мамандарға өз сұраныстарын беруде.
Мұндай шаралар студенттерінің алдағы уақытта жұмысқа орналасуына
септігін тигізетіні анық. Қазіргі кездің өзінде бітірушілердің жұмысқа орналасу
көрсеткіші 80 пайыз. Білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік қарым-
қатынасқа қатысушылар мемлекет өндіріс, кәсіптік-техникалық оқу орындары екені
белгілі. Колледжде осы тұрғыдағы игілік істер аз атқарылып жатқан жоқ, сонда да
бір орнында тоқтап қалуға әрине болмайды. Сондықтан да алдағы мақсаттар мен
жоспарлар жоқ емес, бар. Соның дәлелі ретінде тағы да мамандықтар ашып
отырмыз. Ол «Автогрейдер машинисі», «Радиоэлектроника және байланыс»
мамандықтары. Бұл да уақыт талабынан туындап отырған мамандықтар, қазіргі
таңда бұл мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберханалары толық
жабдықталып,
оқу бағдарламасы құрылып, қажетті құрал-жабдықтары алынуда.
Болашақта
әлеуметтік
серіктестіктерді
нығайта
отырып,
колледж
студенттерінің өндірістік тәжірибесінің жоғарғы деңгейде өтуіне жағдай жасалуда.
Ол ЖШС «Гордорстрой», ЖШС «Талдықорған жолдары» ЖШС «ҚазақТелеком»
мекемелерімен үш жақты келісім - шарт жасалынуда. Бітіруші түлектердің
болашағына қамқорлық жасай отырып, қос мамандық алып шығуы үшін «В», «С»
категориясын оқытатын жүргізуші мамандығы бөлімін ашып отырмыз.
Біздің колледж бітіруші түлектеріміз еліміздің жоғары оқу орындарының
студенті атануы - біздер ұстаздар үшін үлкен қуаныш екені белгілі. Сонымен қатар
олардың қала оқу орындары арасында өтетін іс-шаралардың рейтингтік жүйесіне
белсене қатысып, колледж студенттері үнемі марапатқа ие болуы да айтарлықтай
зор мәртебе.
Алматы облысының «Жастар Саясаты орталығы» Ұлы Отан соғысы
Жеңісінің 70 жылдығына және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай
ұйымдастырған «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық жарысқа қатысты. Бұл
жарыстың мақсаты өскелең ұрпақ бойына жаңа қазақстандық париотизмнің терең
сезімін және Отан қорғаудағы азаматтық парызына деген беріктігін қалыптастыру,
әскри қолданбалы тәртіпті практикада игерту, әскерге шақырылған жастардың
моральдік, жігерлік және физикалық қасиеттерін нығайту болатын. Жарыс төрт
кезеңнен тұрды. Осы жарысқа қатысқан колледж студенттері пневматикалық