28
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өздігінен алған құзыреттілігін
қалыптастырады.
Сурет 1 – Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық
мәдениеті
Ескурту:
автормен құрастырылған
Бүгінгі білім алушы ертеңгі маман екенін ескерсек, ақпараттық-кәсіби
құзыреттілігі қалыптасқан мұғалім болуы үшін автордың ұсынып отырған
құзыреттілігін толық меңгеруі тиіс деп есептейміз.
Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілілігі оның кәсіби құзыреттілігінің бір бөлігі
болғандықтан, бүгінгі күні білім беру үдерісінің сапасын арттыратын құралдардың
негізгісі ретінде танылады. Ақпараттық құзыреттілік педагогтың ақпараттық
ортамен әрекеттесуін қамтамасыз ететін білімдер, біліктер, дағдылар және
рефлексивтік бағыттардан түзіледі. Бұл мәселені қарастырған авторлар зерттеген
ғылыми салаларына байланысты әртүрлі құрылымда қарастырады [5].
Атап айтсақ, С.В.Тришинаның еңбегінде ақпараттық құзыреттіліктің
төмендегідей компоненттерін айқындалған:
1) когнитивтік – ақпаратты талдау, өңдеу, алу, жіберу, болжау, сақтау. Басқаша
айтқанда, кәсіби әрекетте ақпаратты пайдалана алу жайлы
білімдердің болуы;
2) құндылық-мотивациялық – тұлғаныңөзін өзі жетілдіруіне әсер ететін
ақпаратқа деген қызығушылықтар мен оны
меңгеруге деген құндылықтары
3) техникалық - технологиялық – негізгі құрал компьтер арқылы ақпараттық
оқу мақсаттарына сай материалдармен жұмыс жасай алу;
4) коммуникативтік – қарым қатынас орнату, хабарды жеткізу үшін тілдерді
(вербальді, вербальді емес)
пайдалана алу;
5) рефлексивтік – тұлғаның ақпараттық ортада өз орынын айқындайтын өзіндік
санасы мен өзіндік бағасы, басқалар жайлы пікірі. Сонымен қатар, төмендегідей
компоненттерді де қарастырады:
1) құндылық-мотивациялық компонент – компьютерлік технологилар арқылы
білім
алуға қызығушылықтың болуы;
2) когнитивтік компонент – ақпаратпен жұмыс жасау білімдері
мен біліктері;
3) іс-әрекеттік компонент – ақпарат алу үшін ақпараттық технологияларды
пайдалана алу;
4) педагогикалық рефлексия – кәсіби әрекет барысындағы өзіндік сын мен өзін
өзі жетілдіру [6].