23
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
винтовкадан атудан 3 орынға, автоматты бөлшектеп және жинаудан І орынға,
турникке тартылудан 3 орынға ие болды. Ал жалпы колледж командалық жүлделі ІІІ
орын алып, марапатқа ие болды.
Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар саясаты
орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастырумен
мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, облыс көлеміндегі мәдени өмірдің және
өнер мен өркениет мәдениетінің дамуына белсене араласу, жастардың
шығармашылықтарына қолдау көрсету, талантты жас дизайнер-суретшілерді
анықтау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және діни экстремизм мен
терроризмге жол бермеу мақсатында колледжде 19 мамыр күні Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Жас маман-2015» атты жас дизайнер-
суретшілер байқауы өтті. Бұл байқауға облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 12
суретші студенттер қатысты. Атап айтсақ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
Академиясының, А. Кастеев атындағы Көркемсурет мектебінің студенттері қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, тест, шығармашылық жұмыс т.б. Бұл
байқаудың қорытындысы бойынша І-ші жүлделі орынды Талдықорған
гуманитарлық-техникалық колледжінің «Көркемсурет жұмыстарын орындаушы»
мамандығы бойыша оқитын ІІІ-курс студенті Бақытнұр Абылай (жетекшісі ө/о
шебері А.Т.Асқаров) иеленсе, ІІ-ші жүлделі орынды тағы да осы колледждің
«Көркемсурет жұмыстарын орындаушы» мамандығының ІІ-курс студенті Уркинбаев
Сағым Құсайынұлы (жетекшісі ө/о шебері Ж.Қ.Беков) иеленді. Жеңімпаз студенттер
«Құрмет грамотасымен», бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар
биылғы оқу жылында колледж рәміздерін қабылдады, осыған орай «Колледж
рәміздері-колледждің мақтанышы» атты Гимн байқауы өтті. Кез-келген мемлекеттік
рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Біздің Гимн-колледжіміздің салтанатты әні. Оның
сөздерінде колледждің 35 жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы
айтылған. Колледждің әр студенті, әрбір қызметкері осы Гимнді жатқа білуі тиіс.
Бұл Гимн колледж жастарының жүрегіне жақын, бәрінің көңілдерінен шыққан, терең
отаншылдық сезімдегі бейресми гимні болмақ. Гимнің сөзін жазған колледжіміздің
есепшісі Исаханова Назерке, әнін жазған Сүйінбай атындағы облыстық
филармонияның дәстүрлі әншісі Есенгельдинова Сая екені біреу білсе, біреу білмеуі
мүмкін.
ҚР Білім және ғылым қызметкелерінің Талдықорған аймақтық кәсіподақ
ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына» орай
қала оқу орындары арасында спорттың 4 түрінен (волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ,
жеңіл атлетика) спартакиада жарысы ұйымдастырылды. Оған колледж ұжымынан
құралған команда қатысты. Бұл спартакиадада ұжым – тоғызқұмалақтан – ІІ орынға,
Жеңіл атлетикадан – ІІІ орынға, волейболдан – ІІІ орынға, шахматтан – ерлер ІІ
орынға, әйелдер арасынан – ІІІ орынға ие болып, ақшалай сыйлықпен, мақтау
қағазымен марапатталды. Сонымен бірге колледж ұжымы қалалық, облыстық іс-
шараларға белсене қатысады. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында
Талдықорған политехникалық колледжінің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған
«Ұлтым басқа-тілім қазақ» атты колледждер арасындағы өткен қалалық байқауында
оқытушы А.М. Абельданованың жетекшілігімен колледж студенті Бедарева
Виктория І орынға ие болса, облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастырумен
өткен «Қоғамдағы ақпараттандыру жағдайындағы инновациялық оқыту»
тақырыбында өткен облыстық педагогикалық оқуларда шығармашылық жетістігімен
ерекшеленгені үшін колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Б.А. Самалбаева
«Алғыс хатқа» ие болды. Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойына арналған
әдеби музыкалық композицияға белсене қатысқандары үшін колледждің музыка
24
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
жетекшісі Ұ.Ә. Джакубаева мен студенті Малисова Гүлсім грамотамен мараптталса,
Көксу Ауылшаруашылық колледжінде Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің
ұйымдастыруымен Ұлы Отан жеңісінің 70 жылдығына орай «Екі жұлдыз» атты
патриоттық әндер байқауында «Жүректі әншілер» номинациясына ие болды.
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Жырым сенсің-мәңгілік Ел» атты қалалық
әскери-патриоттық әндер бауқауында колледжіміздің І курс студенті Хасенов Мирас
жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, колледждің математика пәнінің
оқытушысы А.М. Абельданова Талдықорған агротехникалық колледжінде
ұйымдастырылған қала оқу орындары арасында математика пәні бойынша
олимпиадаға студенттер қатыстырып, жүлделі І, ІІ орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған қала оқу орындары жас
оқытушылары арасындағы «Тәуелсіздік-тірегім!» атты рефераттар байқауында
колледж оқытушысы Д.Қ. Идрисова жүлделі бірінші орынды иеленді.
Алматы облысы жастар саясаты орталығы «Жас Отан» облыстық
филиалының ережесіне сәйкес Талдықорған колледждер арасында «Денсаулық-зор
байлық» атты денсаулық күніне арналған спорттық іс-шараға колледж студенттері
қатысып жүлделі орындарға ие болды.
ХХІ ғасыр – білімділер мен бәсекелестік ғасыры. Қазіргі жаһандану заманының
басты мақсаты – білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру, білім беруде жоғары
сапаны қамтамасыз ету. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның
қалыптасуы ұстаздан басталады. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндеттің бірі -
білім беру жүйесін жаңарту болып отыр.
Осы мақсатта Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде Алматы
облысының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы білім беру және
арнайы пәндерді оқытудағы білім беру кеңістігінің сабақтастығы» тақырыбында
облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты - жалпы білім беру және арнайы
пәндерді оқытудағы білім беру кеңістігінің сабақтастығын іс-тәжірибе арқылы
насихаттау. Семинарды Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі
Қабдұлова Алуа Жанатайқызы ашып, қонақтар мен семинарға қатысушыларды
семинардың мақсаты мен міндеттерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, колледж
директоры Жұмаділов Асет Қазиұлы колледж тарихымен, оның материалдық-
техникалық базасымен таныстырып, колледж бойынша қысқаша экскурсия жүргізіп
өтті. Колледждің орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің оқытушысы
А.К.Джумадилова шебер сынып көрсетсе, сызу пәнінің оқытушысы Б.З.
Адильбекова, химия пәнінің оқытушысы А. Ахметова, информатика пәнінің А. М.
Бюлюкеева семинарға қатысушыларға өздерінің ең үздік ашық сабақтарын өткізді.
Онда оқытушылар студенттердің танымдық қабілетін дамыту, шығармашылық
белсенділіктерін жетілдіру мақсатында жалпы білім беретін пәндермен
мамандықтың байланысының тиімді әдістері мен тәсілдерін көрсете білді.
Пән оқытушыларының өткізген ашық сабақтары мен шебер сыныптары
жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Студенттермен жұмыс жүргізуі барысында
интербелсенді тақтаның тиімділігі ерекше аталып өтілді. Әр түрлі әдіс-тәсілдерде
өткізілген ашық сабақтардың жаңашылдығы, студенттердің шығармашылық
қабілеттерінің артуынан, өзін және өзара бағалаудың ұтымдылығынан көрінді.
«Үйренсем, қызмет сапасын арттыруға әсер ететін ұтқыр шешімдерді көрсем, өз
тәжірибеме қолданатын құнды жұмыстармен таныссам», - деген мақсатпен келген
оқытушылар семинардың мазмұны терең, тәлімі мол екендігін жоғары деңгейде
бағалап, өз пікір-тілегін білдірді. Семинар соңында Алматы облыстық әдістемелік
кабинеттің әдіскерлері Г.Н.Боранбаева және Ш.Қ.Исаханова семинардың
қорытындысын
шығарып,
өз
іс-тәжірибелерін
таратқан
оқытушыларға
сертификаттар тапсырды. Колледж педагог қызметкерлері өз білімдерін үнемі
Достарыңызбен бөлісу: |