15
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Республикасы егемендігінің күзетінде қарулы күштер туралы ойлау, есте сақтау,
көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау,
оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын
аша білу.
Алғашқы әскери дайындық мұғалім үшін бір басты мәселе – тәртіпті сақтауға
үйрету үшін педагогикалық шарттарды жасау. Жасалынған педагогикалық шарттар
арқылы алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушының жеке тұлғалық күшін
арттырып, шығармашылық ойының дамуында, тәртіпті сақтауға үйренуде басты рөл
атқарады.
Педагогикалық шарттарды жасау - мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына, оқушыларды тәртіпті сақтауға үйретуге көмектеседі.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген
В.Сухомлинскийдің [3] сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде
ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір
оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды,
әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным
әрекеттерін жасайды және тәртіпті сақтауға үйренеді.
Сонымен, біздің алдымызда тағы бір проблема туындап отыр, ол -
педагогикалық шарттарды анықтау.
Зерттеу барысында біз байқадық, педагогикалық шарттарды қарастырған
ғалымдардың бар екенін ((М.В. Зверева [4], А. Алимбаев [5], С.Ш.Әлімбекова [6],
Г.Т.Шарипбаева [7], М.Е.Сыдыков [8], С.Т.Сиргебаева [9], Г.М. Сабденалиева [10],
Р.Б. Маженова [11], Г.Е Самашова [12], М.Қ.Құрсабаев [13], Д.С. Ешмұратов[14],
А.О.Исабекова [15] т.б.).
Сонымен жоғары аталған педагогтар педагогикалық шарттарға оқыту және
тәрбиелеу үрдісінде мақсатқа жету үшін тиімді формалары мен әдістерді
пайдалануда оқушыларға жағдай жасауды жатқызады.
Оқушыларды тәртіпті сақтауға үйрету үшін алдымен әскери жетекшінің өзі
жоғары идеялық-ғылыми және әдістемелік деңгейде болуы қажет, алғашқы әскери
дайындық және азаматтық қорғаныс бойынша оқу, факультативтік және сабақтан
тыс жұмыстарды жоспарлай, ұйымдастыру және өткізуді білу керек. Әскери-
техникалық дайындық, азаматтық қорғаныс, санитарлық жасақшыларды дайындау
бойынша мұғалімдердің жұмыстарын басқара алу,
оқушылардың үлгерімдеріне және
сабаққа қатысуларына есеп жүргізе алу. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру үшін
ұсыныстар кіргізеді, ең тиімді формларды, әдістерді, құралдарды еңгізеді. Оқушы-
жігіттердің жеке тұлғалық сапаларын және жеке ерекшеліктерін зерттейді, оларды
әскер қызметке даярлайды. Әскери қызметтің негізін зерттеу үйірмелерін басқарады,
әскери-спорттық ойындарды ұйымдастырып өткізеді. Дене мәдениеті мұғалімдермен
бірлесіп ату, граната лақтыру, противогаз кию және т.б. жарыстар өткізеді. Мектепте
әскери-патриоттық тәрбие шараларды өткізуге жоспар құруға қатысады және
оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие жүргізеді. Әскери бөліммен алушылық
ұйымдастырады және оның көмегін оқу және оқушылардың әскери-патриоттық
тәрбиесін жетілдіруде барынша қамтамасыз етеді. Алғашқы әскери дайындық
бойынша оқу-материалдық базасын ұйымдастыруда және жетілдіруде қамтамасыз
етеді. Қаруларды, әскери мүліктерді жөндеуді, сақтауды ұйымдастырып, есеп
жүргізеді. Қарулармен, соғыс техникамен, оқ-дәрілермен сабақ өткізгенде
қауіпсіздік
ті сақтауда көмек көрсетеді. Анықталған форма бойынша есеп жасайды.
Сонымен қатар педагогикалық шарттарға, біздің ойымызша, «Жүз рет
естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, алғашқы әскери
16
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
дайындық
сабақтарымызда
мүмкіншілігіне
қарай
белсенді
әдістермен,
мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп
ойлаймыз. Осы технологияны алғашқы әскери дайындық сабақтарында
пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының «Алғашқы әскери дайындық» пәнге деген жеке қызығушылығын
оятады;
- алғашқы әскери дайындық сабақтарында танымдық қабілеттілігін
қалыптастырады;
- алғашқы әскери дайындық сабақтарында әскери-патриоттық тәрбие береді;
- алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушыны шығармашылық
жұмысқа баулиды;
- алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқытушының уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді және оқушыларды тәртіпті сақтауға үйретеді.
Мультимедиялық проекторды пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
- барлық баланы оқытады;
- «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруға көмектеседі;
- білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқарады;
- алғашқы әскери дайындық сабағында оқушының жеке қабілетін
айқындатады, іздендіреді.
Яғни, әр алғашқы әскери дайындық сабақтарын слайдтар қолдану арқылы
өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тек әскери-патриоттық тәрбиеге
деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз емес сонымен қатар тәртіпті де
сақтауға үйретеміз сөзсіз.
Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің болашақ Отан
қорғаушыларды тәрбиелеуге қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту
технологиясын пайдаланып педагогикалық шарттарды келтіру. Сатылай комплексті
талдаудың маңызы зор деп ойлаймыз:
- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;
- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;
- ізденуге жетелейді, қызықтырады;
- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;
- өзіндік пікірі қалыптасады және тәртіпті де сақтауға үйретеді.
Зерттеу барысында біздің байқағанымыз, педагогикалық шарттарға дұрыс
пайдалану әдістер жатады. Ал, бүгінгі таңда әдістердің өзінің бір неше түрлері бар:
педагогикада белсенді емес, белсенді, интербелсенді әдістер байқалады.
Белсенді емес, белсенді, интербелсенді әдістерді пайдалануда қарым-
қатынастар атқарушы роль орындайды. Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі
тұрғысынан бұл – бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және
ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ
стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны
дамытудың күрделі,көп жақты процесі.
Сонымен, белсенді әдістер - оқушының
іс-әрекеті
өнімді, шығармашылық,
ізденіс
сипат
таситын
окыту
әдістері;
оқушының
танымдық
іс-әрекетін
ынталандырушы және қандай да болсын
мәселенің
шешу жолдары жөнінде
еркін
пікір
алмасуды
көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга
әңгіме
,
диспут,
тақырыптың
семинар, іс
ойын
, тренинг жатқызуға болады.
Белсенді әдістердің өзгеше ерекшеліктері – оқушыларды ұзақ мерзімді оқу
үрдіске қатыстыру арқылы оқушы өзі белсенді боламын деп ынтасы болмаса да,
онын ойың мәжбүрлі түрде белсендіру, олардың белсенділіктері қысқаша емес ұзақ
және бір қалыпты болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |