15
1-кезең. Оқушыларға жаңа сабақтың алдында мына
сөздерді графопроектор арқылы көрсетіп оқытамын:
Талапты жас! Сен сан есімдердің түрлі сөйлем мүшесі
қызметінде кездесетінін жақсы білесің, өзің оқыған
сөйлемдерден, күнделікті өмірден үнемі кездестіресің. Ал
оны жақсы біле түсуге бүгінгі сабақ мол мүмкіндік тудыра
түспек!
2-кезең. «Ойлан, тап!»
Сөйлем мүшелерін ата. Тұрлаулы мүшелерді айт.
Тұрлаусыз мүшелерді атап шық.
Түсіну. Сызба-кестені графопроектор арқылы көрсетіп
талдау.
Сөйлем
мүшелері
Ережесі
Мысалдары
Бастауыш
Сан
есім атау септікте
тұрып бастауыш қызметін
атқарады.
Екеуі – ауылдың
мақтанышына
айналған жұп.
Анықтауыш
Сөздің санын, мөлшерін,
ретін білдіріп анықтауыш
қызметін атқарады.
Бес
килограмм бидай
сатып алды.
Толықтауыш
Барыс, табыс, жатыс шығыс,
көмектес септікте тұрып
толықтауыш болады.
Мыңмен жалғыз
алыстым, кінә қойма...
Пысықтауыш
Септеліп те, септелмей де
етістіктің
алдынан келіп
пысықтауыш болады.
Досым он төртке
толды.
Баяндауыш
Жіктік тұлғада көмекші
етістікпен тіркесіп баяндау-
ыш қызметін атқарады.
Өтемістен туған он
едік.
Күрделі мүше болады: үш жүзге жуық,
жиырма бес пайызға өсті,
т.б.
3-кезең. Дамытушылық кезеңі (Мақал-мәтелдің жал-
ғасын тап).
1. Білекті ... жығар, білімді ... жығар;
16
2. ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды;
3. ... бірі – қыдыр;
4. ... атасын білген ер ... жұрттың қамын жер;
5. Ер жігіттің ... сөйлегені – өлгені.
6. ... кесірі ... тиеді;
7. ... ала болса ауыздағы кетеді,
... түгел болса төбедегі келеді;
8.Білгенің – ... тоғыз, білмегенің – ... ;
9. ... шешен, ... көсем;
10. ... өлшеп, ... рет кес.
4-кезең. Жаңылмай жауап бер. Жаңылтпаштарды жатқа
оқы. Сан есімдерді сөйлем қызметіне қарай ажырат.
1. Жүз қырық үш қызғыш құсқа
Жүз қырық үш
қызғыш құс қосса,
Қанша жүз қызғыш құс болады?
2. Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда қарт арқар бар,
Алты арқарда марқа арқар бар.
Барлығы қанша арқар бар?
5-кезең. Кім жылдам? Семантикалық карта.
Сөздерден сан есімдер
шығару, құрамын анықтау
Сандарды
жазу
Дара сан
есім
Күрделі сан
есім
Оның
кекілі қысқа
қиылыпты.
2
+
Ауызбірлікті нығайту
керек.
Алтын жүзік.
Алтынай секірмемен
секірді.
Жүзім біркелкі пісіпті.
Тонның ішкі бауындай
Тоғызқұмалақ ойнау
Дербес ел
17
Жүзбай – күшті адам.
Әлдебір алаулаған
сезім.
Желтоқсан айында күн суық
болады.
6-кезең. Поэзия минуты. Бес саны арқылы көп мағына,
көп тағылым алуға болады (тақтамен жұмыс).
Бес асыл істі ата.
Бес дұшпанды ата.
1.
2.
3.
4.
5.
1.
2.
3.
4.
5.
Абайдың қай өлеңдерінде сан есімдер кездеседі?
«Қыс» өлеңінің бір шумағында екі сан есім бар.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
7-кезең. «Ойтолғаныс». Ойтолғаныс стратегиясы.
Сан есімдерді қатыстырып «Біздің сынып» деген
тақырыпта ойтолғау жаз.
8-кезең. «Топтық жұмыс» /жаттығулармен жұмыс/
Сан есімдердің қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып
тұрғанын анықта.
Ер кезегі үшке дейін.
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығар.
Тоқсанымыз жабылып тоқты жыққан батырмыз,
сексеніміз жиылып серке жыққан батырмыз.
Ер көрмеймін деген жерін үш көреді, ат баспаймын деген
жерін үш басады.
18
Сабақты бекіту.
Жеті байлықты ата.
Әуелгі байлық – денсаулық.
... байлық – еркіндік.
... байлық – тіл байлық.
... байлық – қайрат-күш.
... байлық – ақ жаулық.
... байлық – балаңыз,
... байлық – жүз саулық.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Ереже жаттау, 82-жаттығу . Сан
есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. Сан есімді пайдаланып
жұмбақ құрастыру.
Рита СЕЙІТМАҒАМБЕТОВА,
Ақтөбе облысының
Шалқар ауданындағы
«Тоғыз» орта мектебінің
мұғалімі.
ЕСІМДІК. ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ
(6-сынып)
Мақсаты: 1) есімдік туралы жалпы түсінік, жіктеу
есімдігінің анықтамасы, тұлғалық ерекшелігі жағынан
білім беру; 2) оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдану
арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; 3)
оқушыларды сөздердің қолдану ерекшеліктерін байқау
арқылы сөз құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу.
19
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, ажырату,
салыстыру, топтау, жинақтау, дәлелдеу, ізденушілік.
Көрнекілігі: тірек- сызба, интерактивті тақта, ойын түрлері,
гүлдер, суреттер, оқулық.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау. Сан есімнің емлесі. 188-жаттығу.
Сөйлем құрау.
Бекіту. «Кім білімді?» ойыны (тест).
1. Күрделі сан есім қалай жазылады?
а) бірге; б) үтір арқылы;
ә) бөлек; в) дефис арқылы.
2. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе қалай
жазылады?
а) бірге; б) бөлек;
ә)
дефис арқылы; в) қойылмайды.
3. Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдерге
дефис қойыла ма?
а) қойылады; б) қойылмайды;
ә) нүкте; в) дефис арқылы.
4. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда
қосымшалар қалай жазылады?
а) бірге; б) бөлек;
ә) дефис арқылы; в) нүкте.
5. Қосарланып айтылған топтау сан есімдер қалай
жазылады?
а) бірге; б) бөлек;
ә) нүкте; в) дефис арқылы.
I. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Психологиялық дайындық жұмыстары:
- Балалар, сөз таптары дегеніміз не?..
- Оның қандай түрлері бар?..
- Сіздер нешеуін оқып таныстыңдар?..