11
ІІІ. Корелляцияға және дәйектілікті анықтауға
бағытталған тапсырмалар.
Фонетика тарауы.
Фонетикалық
талдаудың
жүйесін
дәйектілікпен
орналастыр:
Буын, екпін, дыбыс, тасымал, әріп, буын үндестігі,
дыбыс үндестігі, буын түрлері.
Лексика тарауы.
1. Берілген шешендік сөз үзіндісінің құрамындағы
сөздерді мағынасына қарай орналастыр:
Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,
Судан терең дегенім – оқу-ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,
Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.
заттық
сындық мағынасы жоқ
Сөзжасам тарауы.
2. Морфемаларды орын тәртібіне қарай орналастырып,
мағыналы сөз жаса:
-ша, кітап, -ы, -ға, -лар, -мыз;
-лық, орда, -дың, қызыл, -тар;
-не, ата, -лар, -дікі, баба, -ы, -мыз.
ІV. Пайымдау мен дәлелдеуге бағытталған
тапсырмалар.
Фонетика тарауы.
1. У дыбысының қолдану ерекшелігін пайымдап дәлелде.
2. Буын мен тасымалдың өзіндік ерекшеліктері мен ортақ
тұстарын дәлелде, пайымда.
Лексика тарауы.
1. «Оқу инемен құдық қазғандай» ұғымы мақал-мәтел,
әлде тұрақты тіркес екенін дәлелдеп жаз.
Осындай логикалық тапсырмалар оқушыларддың сабақ-
қа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, Тапқырлыққа,
жылдамдыққа, байқағыштыққа баулиды. Ойлау қабілетін
12
дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, шығармашылық
қабілетін ұштайды.
Күтілетін нәтиже: оқушылар түрлі дәрежедегі
сайыстарға қатысады; баланың бойында өзіне деген
сенімділік қалыптасады; кез келген ақпаратты талдау, өз
ойымен қорытынды жасауға үйренеді; зат, құбылыстарды
салыстырады, талдайды, өзі қорытынды жасайды;
ұлттың рухани мұрасын қадірлеу, дәріптеу, ұлттық болмыс,
рух, намысты сақтауды, салт-дәстүрді жалғастырады;
ғылыми еңбектермен жұмысқа дағдыланады.
Айнагүл КҮЗЕНОВА,
№263 «Шөміш» негізгі
мектебінің мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
«Шөміш» елді мекені.
ҚҰРАН КӘРІМДЕГІ
ӘҢГІМЕЛЕРДІ ОҚЫТУ
Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған
оқулықтың мазмұнына еніп отырған діни әңгімелерді оқыту,
әрине, қиынға соғатын болар, себебі осы кезге дейін діни
шығармалар мазмұнымен оқушылар ғана емес, мұғалімдердің
өзі де таныс емес. Ешбір жоғары оқу орындарында Құран
Кәрім пән ретінде оқытылған жоқ. Сондықтан мұғалім өзі
үшін бұл діни әңгімелерді не мақсатпен оқытатынын білу
керек. Құран Кәрім жөнінде сабақ барысында оқушылар
көптеген сұрақтар қоюлары мүмкін. Мұғалім сол үшін
оқулықтан өзге діни кітаптардың мазмұнын білгені дұрыс
болады. Екіншіден, діни әңгіме болғандықтан көп сөздер
14
Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Мейрамгүл КҮЗЕМБАЕВА,
№36 Қ.Сағындықов атындағы
орта мектептің мұғалімі.
Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы,
Мәди ауылы.
САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ
ҚЫЗМЕТІ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға сан
есімнің сөйлемдегі қызметін игерту, сөйлем ішіндегі сан
есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату
арқылы меңгерту;
дамытушылық – оқушылардың
дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін, сөйлеу
мәдениетін жетілдіру;
тәрбиелік – оқушыларды бірлесіп
еңбектенуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Түрі: «Сыни түрғыдан
ойлау және жазу технологиясы», ізденіс сабағы, жарыс.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру.
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, математика.
Көрнекілік: графопроектор,
мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, семантикалық карта, сызба-
кестелер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру: оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тиянақтау: а) сан есімнің түрленуі;
ә) сан есімнің түрленуіне байланысты мақал-мәтелдер,
жаңылтпаш, әдеби шығармалар жазып келу.
III. Жаңа сабаққа ену кезеңі.