Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет32/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

125
Жас маманға жәрдем
Қамар ҚҰРМАНОВА,
Дарынды балаларға арналған 
№3 облыстық мамандандырылған 
мектеп-интернатының мұғалімі.
Көкшетау қаласы.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНЕН 
ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ
(8-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың сөйлем 
мүшелері  туралы  алған  білімдерін  практикалық  тұрғыда 
тексеру,  кеңейту;  дамытушылық  –  ынта  қойып  тыңдау, 
жазу,  талдау  машықтарын  қалыптастыру,  сөздік  қорын 
байыту,  сөз  байлығын  арттыру,  талдау  және  салыстыра 
білу  дағдыларын  дамыту;  тәрбиелік  –  берілген  мысалдар 
арқылы оқушыларға сөз қадірін білуге, ұлттық салт-дәстүрді 
қадірлеуге,  еңбекті  сүюге,  тіліміздің  байлығын  орынды 
пайдалана білуге тәрбиелеу.
Түрі:  білімді  пысықтау  сабағы.  Әдіс-тәсіл:  қайталау, 
сұрақ-жауап,  талдау,  тест,  сәйкестендіру.  Көрнекілігі: 
слайд,  интерактивті  тақта,  оқулық,  кестелер.  Пәнаралық 
байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру:  сәлемдесу,  оқушыларды  түгелдеу, 
оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару,  сабақтың  жоспа-
рымен таныстыру.
              Жоспар
1. Жорға (сұрақ-жауап).
2. «Сәйкестендіру» кестесі.


126
3. Сөйлем мүшесіне талдау жұмысы.
4. Тестік тапсырмалар.
Жорға (сұрақ-жауап).
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не? 2. Сөйлем мүшесі болудың 
негізгі  белгілері  қандай?  3.  Сөйлем  мүшесі  атқаратын 
қызметіне  қарай  неше  топқа  бөлінеді?  4.  Қандай  мүшені 
тұрлаулы мүше дейміз? 5. Қандай мүшені тұрлаусыз мүше 
дейміз?  6.  Сөйлем  мүшелері  құрамына  қарай  неше  түрге 
бөлінеді? 7. Қандай сөздер өз алдына сөйлем мүшесі бола 
алмайды?
«Сәйкестендіру» кестесі.
Сөйлем
мүшелері:
Анықтамалары:
Бастауыш
Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда 
жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған 
мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік 
жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.
Баяндауыш
Баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-
оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру 
үшін жұмсалатын сөйлем мүшесі.
Анықтауыш
Сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, 
қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта 
болғанын білдіретін сөйлем мүшесі.
Толықтауыш
Етістіктен болған баяндауышты мекен, 
мезгіл, қимыл-сын мен себеп, мақсат 
жағынан айқындайтын тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш
Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін 
білдіретін сөйлем мүшесі.
Семантикалық картамен жұмыс.
Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
Зәулім  ағаштардың  сары  жапырақтары  ауада  қалқып 
жүр. («Дала дауылпаздары»)
Не істеді – қалқып жүр (баян.)
не (нелері) қалқып жүр? – жапырақтары (баст.) қалқып 


127
жүр.
қайда қалқып жүр? – ауада (пыс.) қалқып жүр.
ненің 
жапырақтары? 
– 
ағаштардың 
(анық.) 
жапырақтары.
қандай жапырақтары? – сары (анық.) жапырақтары.
қай жапырақтары? – үзіліп түскен (анық.) жапырақтары.
қандай ағаштардың? – зәулім (анық.) ағаштардың.
Тестік тапсырмалар:
1. Бастауыштың сұрағын табыңыз.
А) кімнің?;       Ә) кімің?;       Б) кімге?;     
В) қай?;             Г) не істеді?.
2. Бастауыш қай сөз табынан болған?
Бұл – ауылдың ең көрікті жерлерінің бірі.                     
А) Зат есім;           Ә) Сын есім;   Б) Есімдік;  
В) Етістік;             Г) Одағай.
3. Баяндауыштың сұрақтарын табыңыз.
А) не істеді, қайтті;      Ә) кімнің, ненің;
Б) қанша, неше;            В) қашан, қандай;
Г) кім, не.                                                               
4. Күрделі бастауышты табыңыз.
А) Мәдени демалыс паркі;
Ә) Бәріміз жиналдық;
Б) Бұлтты аспан;
В) Мынау қоян жепті ғой;
Г) Кеше әке-шешем келді.
5. Сызықша қойылмаған сөйлемді табыңыз.
А) Жұрт тынышталды;
Ә) Күн көзі тым өткір;                                                
Б) Қой бағу қиын кәсіп;
В) Ендігісін өздерің біле бер;
Г) Ел ертеңіне алаңдайды.
6. Тұрлаулы мүшенің белгісін табыңыз.
А) белгілі бір сұраққа жауап бермейді                         


128
Ә) сөйлем мүшесіне талданбайды
Б) сөйлемдерді байланыстырады
В) мағыналы сөзбен тіркесіп келеді
Г) сөйлем құрауға негіз болады
7. Бастауышты табыңыз.
А) Кеше келді.            Ә) Кеш келді.
Б) Қар жауды.            В) Жазда келді.
Г) Кешігіп келді.
8. Қайсысы пысықтауыштың түрі емес?                     
А) мекен;       Ә) мөлшер;          Б) себеп;
В) мақсат;      Г) ашық. 
 9.  Сөйлем  құрауға  негіз  болатын  сөйлем  мүшелерін   
табыңыз.
А) есім сөз;
Ә) бастауыш, баяндауыш;
Б) толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш;
В) одағай, шылау;
Г) қаратпа сөз, қыстырма сөз.
10. Тура толықтауышты табыңыз.                                           
А) Қызға қараған күйі үйге кіріп кетті.                                                    
Ә) Сен мені танимысың?
Б) Аспанда бозторғайдың үні естіледі.
В) Үстелдің үстінде дәптер жатыр.                                            
Г) Марат қағазға қарап отыр.
11. Анықтауышты табыңыз.
А) Ерінбеген етікші болады.
Ә) Мейрам шахтаға кетті.
Б) Оған намыскерлігі жібермеді.
В) Бұл – Еркіннің сөзі.
Г) Ерте келгендер төрге шығып жайғасты.
12. «Қашан» қай сөйлем мүшесінің сұрағы?
А) мекен пысықтауыш;
Ә) мезгіл пысықтауыш;


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау