Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет27/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

102
2. Жіп
     Ине                         қазу
    Тарақ
        (Инемен құдық қазғандай)
3. Асық
    Қоржын                   түсті
    Айна 
        (Асығы алшысынан түсті)
4. Көз
    Мұрын               шығу
    Құлақ
       (Көзі шарасынан шығу)
5. Ит
    Мысық               төгілді
    Тауық
       (Ит басынан іркіт төгілді)
6. Таяқ 
     Шыбық                 тастам жер
     Бұтақ 
       (Таяқ тастам жер)
– 
Осымен біз сайысымыздың бірінші бекетінен өтіп, өз 
мақсатымызға жеттік. 
Осы тілде Абай атам жырлаған,
Мұқағали шаққандай ма мұң маған?
Осы тілде «Отан» деген сөз жазып,
Осы тілде бесік жырын тыңдағам.
Енді «Өлең – сөздің патшасы» бекетіне сапар шегеміз. 
Бұл бекеттің сіздерге берер тапсырмасы – тіл, Отан, туған 
жер туралы өлеңді мәнерлеп оқу. 


103
3-бекет «Әзіл – көңіл кілті» деп аталады. Мұнда сіздер 
әзіл  сұрақтарға  жауап  берулеріңіз  қажет.  Олай  болса 
мұқият  тыңдаңыздар  әрі  ойланып  дұрыс  жауап  беруге 
тырысыңыздар.
1. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? (Бетің қисық 
болса) 2. Қорқақ неден қорқады? (Көлеңкесінен) 3. Тауық 
түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді) 4. Аппақ қарға 
бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді) 5. Қар жанады 
ма?  (Қалауын  тапса  қар  жанар)  6.  Шошқа  үре  ме?  (Ит 
жоқта  шошқа  үреді)  7.  Отқа  түсіп  күймеуге  бола  ма? 
(Отан үшін отқа түс, күймейсің) 8. Қандай кілт аспанда 
болады? (Кісідегінің кілті) 9. Неменеге өкпелеп жүргенде 
не шықты? (Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты).
4-бекет  «Киелі  сандар  сыры»  деген  атаумен  өз 
тапсырмаларын ұсынады. 
1. «Үш бәйтеректі» атаңыз  (Ілияс, Бейімбет, Сәкен).
2.  «Бес  арыс»  деп  кімдерді  атаймыз?  (Ахмет 
Байтұрсынұлы, Міржақып, Мағжан, Шәкәрім, Жүсіпбек).
3. Жеті күн (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, қасиетті 
күн, соңғы күн, азына).
4. Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).
5. Үш арсыз (күлкі, ұйқы, тамақ).
Жүргізуші: 

 Ана тілім – күшім менің, қуатым,
   Жырым сендік жүрегімнен туатын.
   Тауысар ма ырысыңды, қорыңды,
   Тізерлесіп қатар жазса мың ақын?!
5-бекетке  де  келіп  жеттік.  Бұл  бекетте  жеңіске 
жетулеріңіз  үшін  тұрақты  сөз  тіркестерінің  мәнін 
ашуларыңыз керек.


104
1.  Қас  пен  көздің  арасында  (лезде)  2.  Қара  қылды 
қақ жару  (әділ) 3. Төбе шашы тік тұрды  (шошыды) 4. 
Тайға таңба басқандай (анық) 5. Ауызына құм құйылды    
(үндемеу) 6. Көзге түртсе көргісіз  (қараңғы) 7. Тонның 
ішкі  бауындай      (тату)  8.  Бет  моншағы  үзілу    (ұялу)  9. 
Жарғақ құлағы жастыққа тимей   (мазасыздану) 10. Күн 
тигізбей өсірген  (мәпелеу)
– 
Соңғы бекет – ойтолғау. 
Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл, 
Ізгі  ойларды  әр  жүрекке  жалғай  біл.  «Егер  мен 
президент  болсам...»  деген  тақырыпта  өз  пікірлеріңізді 
айтуға шақырамыз. 
– 
Осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. 
Жеңімпаз  топты  анықтау  үшін  сөзді  қазылар  алқасына 
береміз. 
Сайыс жеңімпаздары марапатталды.
Жүргізуші: 

  Тіл  қасиетті,  құдіретті,  киелі.  Бұл  қасиеттер  бойға 
ананың  ақ  сүтімен  дариды.  Тіл  өшпейді,  қандай  қиын-
дықта  да  тіл  өз  ұрпағының  қанына,  жанына  өз  ұрығын 
егіп, өміршең күй кеше береді. 
Үміт күтіп кейінгі ұрпақ – жастардан,
Сенім арту бабалардан басталған.
Қазақ тілін мойындату әлемге 

Жастар  үшін  болса  екен  басты  арман!  –  деп  біз  де 
жастарымызға  үміт  арта  отырып,  «Сөз  сыры»  атты 
сайысымызды аяқтаймыз.


105
Өнеге сағаты                                                         
                                                      Гауһар ШАТАНОВА,
   Шығыс Қазақстан облысының 
                                                              Үржар ауданындағы
                                                         «Қаратұма орта мектебі 
және балабақша»
                                                           КММ мұғалімі.
ҒАСЫР АДАМЫ
Мақсаты: қазақтың біртуар текті ұлы, көрнекті мемлекет 
қайраткері  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  туралы,оның 
артында  қалған  зор  істері  жайындағы  оқушылардың 
көзқарасын кеңейтіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жабдығы:  Дінмұхамед  Қонаевтың  портреті,  нақылға 
айналған  сөздері,  ол  туралы  қабырға  газеттері,  пікірлер 
жазылған плакаттар.
Кеш барысы.
Сахна  5-сынып  оқушыларының  орындауындағы 
«Шаттық» биімен ашылады.
1-жүргізуші:    Аса  құрметті  қауым!  Көрнекті  және 
ұлтымыздың  ардақты  азаматы,  мемлекет  пен  қоғам 
қайраткері  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаевтың  туғанына 
101  жыл  толуына  орай  ұйымдастырылып  отырған  «Ғасыр 
адамы» танымдық әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:    5-сынып  оқушыларының  орындауында 
Дінмұхамед Қонаевқа арнау өлеңдер оқылады.
1-оқушы: – Қазақтың көгіндегі жарық жұлдыз,
                     Тұлпарың күнде сенің таң асқандай,
                      Мөлдірсің, биіксің сен көк аспандай.
                     Сүйемін сен отырған кабинетті,


106
О дағы жақсы ойларға жол ашқандай.
Күледі ел, қуанады ел, құлпырады ел,
Қой қоздап,бие туып, шұрқыра бел!
Қазақтың үмітіндей жарық жұлдыз,
Көгінде жап-жарық боп сен тұра бер!
2-оқушы: 
 Жұлдыз боп шындығында жарқырадың,
   Елден ерек жасадың жарқын адым.
   Халқым деп тынбай соққан ақ жүрегің,
   Алдында ұрпағыңның аппақ арың.
                 Дыбысың шартарапқа шарықтаған,
                 Дән риза қазір тегі халық саған.
                 Таныттың бар әлемге қазақ атын,
                 Өз үйінен ұзамай қалып қалған.
3-оқушы: 
– Атаның баласы боп бөлінбедің,
   Ілеспей жетегіне көрінгеннің.
   Үш атаның ұрпағын өгейсітпей,
   Аялап жүрегіңнің төрін бердің.
                Аңсаушы ең қазағыңның еркіндігін,
                Мінеки туған халқың еркін бүгін.
                Бар елменен терезе теңестірдік,
                Арманың жүзеге асты кетпей тегін.
1-жүргізуші:  Үнді мемлекетінің негізін қалаушы Неру 
«Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан 
асқан бақыт жоқ. Сол халық – қазақ халқы. Елінің өткенін 
ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар 
халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев» деген 
екен.
2-жүргізуші:  Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда 
Алматы қаласында дүниеге келген. 1930 жылы Алматыдағы 


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау