98
ІІІ кезең – «Әдебиет әлемінде».
Әр топқа сұрақ қойылады. Дұрыс жауап берсе 500 ұпай
беріледі. Егер жауап бере алмаса, 3 рет мүмкіндік беріледі,
яғни, 400, 300, 200 ұпайдан. Қай мүмкіндікте дұрыс жауап
берсе, сол ұпай қосылады.
500. Оның әңгіме, повестері негізінен ел ішіндегі еңбекті,
жас адам тағдырын арқау етеді.
400. 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында
туған.
300. Жазушының көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар
Рысқұлұлының өмір жолына арнап жазған кітабы бар.
200. «Қызыл жебе» романының авторы. Жауабы: Шерхан
Мұртаза.
500. 1924 жылы Арал теңізінің жағасында дүниеге келген.
400. «Курляндия», «Күткен күн» романдарының авторы.
300. Арал балықшыларының ХХ ғасыр басында Қазан
төңкерісі жылдарындағы ауыр өмірін суреттеген.
200. «Қан мен тер» романының авторы.
Жауабы: Әбдіжәміл Нұрпейісов.
500. Мұхтар Әуезов “Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу
ақындарының алтын діңгегі” деп кімді айтты?
400. Жамбыл ұстаз тұтқан.
300. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы жазған
ақын.
200. Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Өлеңнің авторы кім? Жауабы: Сүйінбай Аронұлы
ІV кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр». Қазақ тілінен
логикалық және грамматикалық тапсырмалар. Әр тапсырмаға
10 ұпайдан қосылады, уақыты – 3 минут.
99
І топқа. 1. Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен
тіркестіріп жаз.
1 асым, 1 жайым, 1 елі (тұз, қамыр, сөз, су, ет, қазы, нан),
(1 асым ет, 1 жайым нан, 1елі қазы)
2. Берілген сөздердің жұрнақтарын ажыратып жаз.
Отырғыз, жүздеген, табыскер, ескер, қарағалы
3. Берілген сөздер қай сан есіммен мағыналас? Сыңар,
жалқы, жалғыз (бір, есептік сан есім)
ІІ топқа. 1. Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен
тіркестіріп жаз.
1 ауыз, 1 шымшым, 1 үзім (тұз, қамыр, сөз, су, ет, қазы,
нан), (1ауыз сөз, 1шымшым тұз,1 үзім нан).
2. Берілген сөздердің жұрнақтарын ажыратып жаз.
Жазғыз, тоқсандай, білгіш, молай, бермес.
3. Берілген сөздер қай сан есіммен мағыналас? Қос,
жұптасып, қосарлап (Екі-екіден, топтау сан есімі)
ІІІ топқа. 1. Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен
тіркестіріп жаз.
1 ұрттам, 1 қайнатым, 1 асым (тұз, қамыр, сөз, су, ет,
қазы, нан), (1 ұрттам су, 1 қайнатым шай, 1 асым ет).
2. Берілген сөздердің жұрнақтарын ажыратып жаз.
Тіктір, елулеп, үйсіз, шегеле, жазбақ.
3. Берілген сөздер қай сан есіммен мағыналас? Тұспалдау,
жорамалдау (мыңға тарта, елулерде, болжалдық сан
есім)
V кезең. «Ойлы болсаң озып көр». Бұл кезеңде екі топ
өздерінің ұпайын алдын ала белгілеп алады. Содан кейін
сұрақ қойылады және кілтті сөздер беріледі. Егер бір топ
жауап бере алмаса, келесі топқа мүмкіндік беріледі. Екі
топта жауап бере алмаса, белгіленген ұпай саны жалпы
ұпайдан шегеріледі. Ал дұрыс жауап берсе, сол топқа өздері
белгіленген ұпай қосылады.
100
1. «Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің, қазақ
поэзиясының күншуақты асқар биігі» деген атаққа ие болған
тұлға. Кілтті сөздер: әжесі Зеренің ертегілерін тыңдаған,
шығыс классиктерін оқыған. Жауабы: Абай.
2. Әкесінен жастай айырылған, тумасынан талантты
болған ақын.
Кілтті сөздер: қажылық, қапаста ұсталады. Жауабы:
Шәкәрім.
3. Ұлтын тереңнен сүйген, азаматтық лирикаға
жататын қуатты жырларды мол жазған ақын және
өлеңінің атын ата. Кілтті сөздер: жалынмын, тұлпармын,
жолбарыспын. Жауабы: Мағжан.
4. Ол өзін ғана қайрап қоймай, жастарды да “адам
болып шығуға” үндеп жар салған ақын.
Кілтті сөздер: тірі болсам, 27 жас, жарық күн. Жауабы:
Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Барлық ұпай санын есептеп, жеңімпаздарды марапаттау.
Сағыныш ШОЛПАНБАЕВА,
«Қарқара орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.
Алматы облысы,
Райымбек ауданы.
«СӨЗ СЫРЫ» ТАНЫМДЫҚ
САЙЫСЫ
Мақсаты: білімділік – оқушыларды өз ана тілінің
қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, оның адам
101
өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; дамытушылық – тіл
әуезділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл
сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын,
ой-өрісін дамыту;
тәрбиелік – тіл тазалығын сақтау,
мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына
сіңіре отырып тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру,
мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
–
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сөз сыры»
танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін,– деп Мағжан ақын айтқандай,
еліміздің
болашағы – тек
жас ұрпақтың қолында.
Құрметті оқушылар, бүгін біз үш топ болып
(«Тапқырлар», «Зеректер», «Жүйріктер») «Қазақ тілі»
еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі.
Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ
тілінің жанашырлары » атағын жеңіп алады.
Қазылар алқасын сайлау.
Ана тілім – әрекеттің азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой-санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні.
Сайысымыздың 1-бекеті
–
«Тапқыр болсаң тауып көр».
1. Бауыр
Жүрек алып ұшты
Бүйрек
(Жүрегі алып ұшты)
Достарыңызбен бөлісу: |