Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет31/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

121
(Ортаға  Абай бейнесін сомдаушы оқушы енеді).
2-жүргізуші:
 Қалдырған асыл сөзі – аманаты,
   Күн сайын жайнай түсіп жаңаратын.
   Маржандай төгілдірген өлең-жырға
   Келешек ұрпақтарың таң қалатын.
            Ақылымен сүйсіндірген ұлы дана,
            Біртуар халық ұлының бірі ғана.
            Ұрпақтарың бүгінде үлгі етеді.
            Төрлет, Мұқа, сіз келіп толсын орта.
(Ортаға Мұқағали бейнесін сомдаушы  оқушы енеді).
1-жүргізуші:
 Жырларыңа өзіңнің теңеу бар ма?
   Сол жырменен гүл өсетін таңымда.
   Бірінші боп ел басына күн туса,
   Жанашыры өзің болдың нар тұлға.
           Жауға қарсы семсермен де, сөзбен де
           Қарсы тұрған сіздей болсын бар бала.
           Мың алғыс сізге, Махамбет,
           Жырларың мәңгі жадымда.
(Махамбет бейнесін сомдаушы оқушы шығады).
2-жүргізуші:
 Озып туған заманнан
   Ойшылдардың бірі едің.
   Қараңғылықта қалмаған
   Қазақтың дана пірі едің.
   Ұрпағың сенен үлгі алып, 
   Шәкәрім деп жырлап келеді.
(Ортаға Шәкәрім бейнесін сомдаушы оқушы шығады).
1-жүргізуші:  Қош келдіңіздер, қазағымның маңдайына 
біткен  біртуар  ұлы  тұлғалары!  Төрлетіңіздер,  өздеріңіздің 


122
жырларыңыздан нәр алып өсіп келе жатқан ұрпақтарыңыз-
дың ортасындасыздар. Қонақжайға орналасайық. 
(Төртеуі қонақжайда төрде отырады).
2-жүргізуші:    Ендеше,  құрметті  көрермен,  облыста, 
республикада  аудан  атын  асқақтатып  жүрген  дарынды 
жастар  –  сіздердің  алдарыңызда.  Олардың  бірі  ақын,  бірі 
көркемсөз    шебері  болса,  енді  бірі  –  жезтаңдай  әнші.  Сол 
әншілеріміз  қазір  бұрын  сахнада  ән  айтпаған  басқалай 
талантымен  танылып  жүрген  оқушылармен  жұптасып    ән 
айтпақ.
1-жүргізуші: 
 Армандарды жақындатып тым алыс,
   Республика, облысқа жүр таныс.
   Назерке мен Ғибадат ән шырқамақ,
   О, халайық, қолдайық, тұрма қалыс.
Ән  --------------------    орындайтындар:  Республикалық 
Мұқағали  оқуларының  жеңімпазы  Қайыржан  Назерке    
және  облыстық  Махамбет  оқуларының  жеңімпазы 
Тұрғалиев Ғибадат.
2-жүргізуші:
 Облыстан олжаменен оралған,
   Аудан атын шығарды олар тек алдан.
   Айхан менен Сырымды қарсы алайық,
   Ән салмақшы бал сезімнен жаралған.
Ән  ------------------------    орындаушылар:  Облыстық 
Махамбет 
оқуларының 
жеңімпазы 
Тұрсынғалиев 
Айхан  және  аудандық  Мұқағали  оқуларының  жеңімпазы 
Жақсылықов Сырым.
1-жүргізуші:
 Жүзден жүйрік жарысқанда топ жарған,
   Облыста  аудан атын қорғаған.


123
  Жеңісбек пен Ақбидай ән салады,
  Нәзік сезім иірімін толғаған.
Ән  -------------------------  орындаушылар:  Облыстық 
Махамбет  оқуларының  жеңімпазы  Сағатов  Жеңісбек 
және  аудандық  Абай-Шәкәрім  оқуларының  жеңімпазы 
Шыңдыбаева Ақбидай.
2-жүргізуші:
 Жақсыдан  ерінбегін, тек үлгі ал,
   Бүгін көрсет өнерді ортада бал.
   Тыңдайық, көрермендер қарсы алайық,
   Ән салсаң Әйгерім мен Әдидей сал.
Ән  -------------------  орындаушылар:  Аудандық  Абай-
Шәкәрім  оқуларының  жеңімпазы  Қыздарбай  Әйгерім 
және  облыстық  Абай-Шәкәрім  оқуларының  жеңімпазы 
Жоламанұлы Әди.
1-жүргізуші:
 Республика, облысты таңғалтқан,
   Бар уақытын тек өнерге арнаған.
   Ерболат пен Медет шықпақ ортаға
   Дүйім жұртты әніменен қуантқан.
Ән --------------- орындайтындар:  Республикалық арнайы 
жүлде  иегері  Қарақойшиев  Ерболат    және    облыстық   
Абай-Шәкәрім оқуларының жеңімпазы Нұрқали Медет.
2-жүргізуші:
 Ақындықты жандары серік еткен,
   Ұлыларды өздеріне пірі еткен.
   Әділбек пен Мереке әнге орамақ
   Туған жерін  өздері мекен еткен.
Ән  ------------------  орындайтындар:  Аудандық  ақындар 
айтысының  жүлдегері  Қайыров  Әділбек  және  облыстық  
Мұқағали оқуларының жеңімпазы Нұрадин Мереке.


124
1-жүргізуші:
 Керемет қой осылар, барға шүкір,
   Алдарында ақ қанат арманы тұр.
   Ертеңгі күн елі үшін жан ауыртар
   Әрқайсысы бір тұлға болғалы тұр.
2-жүргізуші:    Иә,  баршаңызға  алғысымызды  білдіре 
отырып, енді ұлы тұлғаларға кезек береміз.
(Төртеуі тұрып кезекпен)
Абай:
 Дән разы болдым саған, ұрпағым,
   Сендерге еріп келіп кетті шырқағым!
Шәкәрім:
 Асқақтатып ата-баба арманын,
   Ізімізді одан әрмен жалғағын.
Махамбет:
 Сөздеріңе істерің сай, көз жетті,
   Алғыс айтам, көңілімді мәз етті.
Мұқағали:
 Біз шықпаған биіктерге жетіңдер,
   Небір қиын асулардан өтіңдер.
   Жерімізде әділ қоғам орнасын
   Жыламайтын жесірлер мен жетімдер!
1-жүргізуші:
 Ұрпаққа азық – бәріңіздің мұраңыз,
   Жатқа айтады, сенбесеңіз – сұраңыз.
   Жастар үшін Тынық мұхит тәрізді
   Ұлағатты ғұмырыңыз – жыр-аңыз! 
2-жүргізуші:
Бар шәкірттің өнегелі мектебі
   Болған Сіздер – мәңгі өнер көктемі!
   Аруақтарың желеп-жебеп жүрсін тек
   Бүгінгідей күн де аумалы-төкпелі!
(«Шоқ жұлдыз» әнімен аяқтау).


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау