Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет16/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34

61
Қарлығаш САБЫРБЕКОВА,
Шығыс Қазақстан облысының
Аягөз қаласындағы                                                                
№3 жалпы орта білім 
беретін мектептің мұғалімі.   
КӨЗ ЖАЗЫП ТУҒАН ЖЕРДІҢ 
КЕЛБЕТІНЕН...
(8-сынып, 2-сағаты)
Мақсаты:  білімдік  –  Қабдеш  Жұмаділовтің  «Қаздар 
қайтып барады» әңгімесі негізінде шет елдегі қазақтардың  
туған  жерге,  елге  сағынышын  көрсету,  пәнаралық 
байланыстар  арқылы  білім  мазмұнын  тереңдету,  өмірмен 
байланысын  арттыру;  дамытушылық  –  оқушыны  жеке 
тұлға ретінде  ала отырып, оларды өзіндік, дербес ізденуге 
баулу,  өз  беттерімен  көркем  туындыны  оқу,  талдау, 
бағалауға  жетелеу,  логикасын,  эстетикалық    талғамдарын, 
шығармашылық қабілетін дамыту; тәрбиелік – елін, жерін 
сүюге,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезімге  баулу,  ақыл-ой, 
эстетикалық,  адамгершілік,  патриоттық  тәрбиелер  беруге 
ұмтылу. 
Типі:  талдау  сабағы.  Әдісі:  әңгімелесу,  топтық  жұмыс, 
модель  қорғау,  шығармашылық  жұмыстар.  Техникалық 
құрал: интерактивті тақта. Көрнекілік: автор суреті, кітап 
көрмесі. Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география. 
Пайдаланылған  материал:  1)  Қ.Жұмаділов.  ХII  томдық 
шығармалар жинағы; 2) «Ана тілі» газеті. №3, 17-23 қаңтар 
2008;  3)  «Жас  алаш»  газеті,  31  қаңтар  2008;  4)  «Франция 
қазақтарының өмірі». Қазақ радиосының алтын қорынан; 5) 
Қ.Бітібаева. «Әдебиетті оқытудың инновациялық негіздері».


62
Сабақтың барысы.
Өткен  сабақта  Қабдеш  Жұмаділовтің    «Қаздар 
қайтып  барады»  әңгімесі  өтілгендігі,  соған  орай  талдау 
жұмыстары,шығармашылық 
тапсырмалар 
берілгені 
айтылады.
Көз жазып туған жердің келбетінен,
Сағыныш, шетте жүрсем шөлдетіп ең.
Интерактивті  тақтадан  Қабдеш  Жұмаділов  суреті  мен 
тақырып жазылған көрнекілік көрінеді. 
Сабақтың үш бөлімге бөлінгендігі,алғашқы бөлім
«Жат жерде күнін санаған 
Арманды жандар бар қанша...» деп аталатыны айтылады. 
Одан  әрі  таспадан  Шынболат  Ділдебаевтың  «Шындық 
туралы толғауынан»үзінді тыңдалады. Үзіндідегі 
«...Америка, Түркияға, Қытайға
Жетіскеннен шашылды ма тарыдай?» деген жолдардың 
мәні  ашылады.  Мұғалім  қазақ  халқының  басынан  кешкен 
қиын-қыстау күндер, халықтың шетел асып, тарыдай шашы-
лу  себептері  туралы  әңгімелейді.  Сол    қандастарымыздың 
көбі  әлі  де  туған  жерге  жетуді  армандайтыны  айтылып, 
таспадан  Францияда  жүрген  осындай  қазақтардың  өмірін 
суреттейтін хабардан үзінді тыңдалады.
Сабақтың екінші бөлімі
«Алдыма түс,мені алып ұш,
Аппақ  желкен  –  Сағыныш»  деп  аталады.  Бұл 
бөлімде  оқушыларға  Қабдеш  Жұмаділовтің  өмірі  мен 
шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылады.
«Қаздар қайтып барады»әңгімесінің кейіпкері кім? Қайда 
сапар шегіп барады? Осы сұрақтарға жауап алынады. Одан 
әрі тақырыпты талдау үшін сынып оқушыларының үш топқа 
бөлінгендігі  айтылады  да,  әр  топ  өз  тобының  неге  олай 
аталғандығын түсіндіреді.


63
I  топ  –  «Тағдыр»,  II  топ  –  «Соңғы  көш»,  III  топ  – 
«Атамекен». Әр топқа тапсырмалары беріліп, топ басшысына 
бағалау парақтары ұсынылады.
 «Тағдыр» тобы әңгіме кейіпкері  Байтас  қартты  жолға 
алып шыққан сағыныш сезімі туралы модель құрастырып, 
оны қорғайды.  
«Соңғы көш» тобы әңгіме  негізінде Байтас қарт бейнесін 
ашып, модель құрастырып қорғайды.
«Атамекен»тобына  туған  жер  моделін  құрастыру 
тапсырылады. 
Алдыңғы  екі  топ  модель  қорғау  жұмысын  аяқтаған 
соң  әңгімеде  кездесетін  көркем  сөз  қолданыстары  туралы 
айтады.
Төменгі  сыныптарда  Қабдеш  Жұмаділовтің  қандай 
шығармасын оқығандығы сұралады.
«Сәйгүліктер  »  повесінен  алынған  үзінді  «Қозыкүрең» 
әңгімесі екендігі айтылады. 
Екі-үш  оқушы  компьютерде  салыстыру  жұмысын 
орындайды. 
Үлгі:
Ұқсастығы
Ерекшелігі
1. Қаздар қайтып барады 1. Қаздар қайтып  барады
2. Қозыкүрең
2. Қозыкүрең
Шетелдегі  қандастар  жайлы  жазылған  тағы  қандай 
шығарма,түсірілген  фильмдер  білесіңдер?  (Оқушылар 
жауабы)
Еліміздің  тәуелсіздік  алуымен  шетелдегі  қандастары-
мызға  бүгінгі  күнде  арнайы  квота  бөлініп,  түрлі  жеңілдік-
тер жасалып елге оралуда.
Ауданымыздағы  оралмандардың  жай-күйі  туралы  ой 
толғаған  Әсемнің  бейнематериалын  көрейік.  Соңынан 


64
мұғалім тұжырымдайды.
Сабағымыздың үшінші бөлімін
«Тұрсаң болды, Туған жер, көктеп кілең,
Арманымды асаудай ерттеп мінем» деп атадық.
Байтас  қарттың  қиялына  қанат  бітіріп,құстай  алып 
ұшқан,қол жетпес сағымдай бұлдыраған сағыныш сезімі еді.
Ол сағыныш – туған жер.
Атамекен  дегенде  көз  алдымызға  не  елестейді? 
«Атамекен» тобы моделін қорғайды.
Туған жер          
Туған  жерге  арнап  жазылған    өлеңдер,  оқушының  өзі 
шығарған  өлеңі  оқылады.  Сабақты  мұғалім  қорытынды-
лайды.  Қабдеш  Жұмаділовтің  «Қызыл  сызық»  өлеңі 
оқылады.
...Шекара бойын бөктерлеп 
Көріп пе ең ала бағанды? 
Көріп пе ең арғы беттен кеп 
Қадалып тұрған адамды? 
           Қарайды неге сол адам
           Көзінің нұры талғанша? 
           Жат жерде күнін санаған 
           Арманды жандар бар қанша. 
Дауылды күні теңізден 
Бөлініп қалған тамшы бар. 
Оның да әттең дегізген 
Себебі, сірә, бар шығар. 
           Тағдырдың ғаріп құрбаны  
           Қайтеді басқа құрыса амал? 
           Кеудесін тосып тұрғаны 
           Бұл жақтан соқса бір самал. 
 


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау