83
Бердібек Соқпақбаев
«Менің атым – Қожа»
1. Өз есімің өзіңе ұнай ма?
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
2. Мына кестені толтыр.
р/с
Белсенді кейіпкер
Тасадағы кейіпкер
3. Қожаның сотқар бала болуына себеп нәрселер.
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
4. Қожаның әдепті жолға түсуіне себептер.
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
5. Венн диаграммасы
Қожа
Ортақ
Жантас
Есіңе сақта!
Хикаят – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы
көркем шығарма.
6. «Бақытты балалық шақ» атты ойтолғау жазу.
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
(Жалғасы бар).
84
Рахат ЕЛУБАЕВА,
п.ғ.к., доцент.
МАЙЛЫҚОЖА
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
САТИРА
Белгілі ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы әзіл-оспақ,
сын-сықақ, шенеу-мінеу шебері болған. «Майлықожа –
өзі өмір сүрген дәуірдің ең маңызды деген мәселелерін
қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан терең пайымдап, оны өз
жыр-толғауларына өзек ете білген ақын» [1].
Ол – көзімен көрген, көңілінде қаяу боп қатқан
патшалық Ресейдің күшпен отарлауын, елді зарлатып
сүлікше сорған ел мықтыларын, сол кездегі шарасыз
халықтың зар-мұңын, жалпы адамгершілік жайындағы
сатиралық бейнелі ойын өзіне тән ащы запыранды жыр
жолдарымен өрнектеп, қазақ сатирасына өз үлесін қосқан
ақын.
Ел қайғысын ойлап, олармен бірге қасірет шеккен ақын
«Шалқып жатқан, елім-ай» деген өлеңінде:
Замана шіркін болды қу,
Масаттың басы – Күреңсай,
Жайнаушы еді кілемше-ай!
Гүлдер өскен сол жерді
Орыс алды-ау, құдай-ай! [2. 533-б.]
деп құнарлы қонысынан айырылған халықтың өкініш-
ренішін, мұң-шері мен күйзелісін ызалы күйінішпен
суреттеу арқылы ел тұнығын лайлап, тыныштығын
кетірген отаршылдар туралы жиренішті ой өрбіткен.
85
Халықтың Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісінен
жадап-жүдеген, ыдырап, бірлігі мен тірлігін қалыптастыра
алмай әбден тұралаған кезінде қазақ даласының
батысынан күнгей аймағына қарай қырдағыны қырып,
ойдағыны ойсыратқан отаршыл патша әскерінің қаһарын
«Заман қырын боп келді» толғауында
«Жыландай орыс ысқырды-ай,
Жиырылды қазақ тыныш тұрмай.
Қанаты қысқа тауықтай
Әсіре сартқа күш қылды-ай» [3], – деп ысқырған
жыланға теңеп, сұсты, суық кейпін, жойқын күшін көз
алдыңа елестете сатиралық бейнесін бедерлеген.
Майлықожа патшалық Ресейдің қазақтың жерін қа-
зыналық етіп әбден отарлағанын, патша әкімдігінің жа-
саған зорлық-зомбылығын, қара халыққа рухани қысым-
шылығын тіліп түсер турашылдықпен әшкерелеген.
Патшаның озбыр пиғылы күн өткен сайын тереңдей
түскенінен халқының дертті күйге душар болғанын, халық
басына түскен зобалаңды ақын үлкен қынжылыспен
«Құйқылжыды замана
Құйынның ұшқан шаңындай...
Мұсылманның жақсысы
Абақтыда кетті табылмай...
Жапырақтай тітіреп халық жатыр
Зәресі енді қалынбай...
Жұрт бұрынғы жұрт болмас...
Қарлығаш болып қашсаң да
Қасарса орыс құтқармас» [3], – деп толғаған. Қоғамды
аздырып, елді кедейлендіріп жатқан бұзықтар билеген
заманның шындығын бар көрінісімен айқын да дәл
бейнелеген. Поэтикалық тәсілдерді ұтымды қолданып,
қапа болған ел қасіретін көркем жеткізе білген. Жұрт
86
наразылығын өршітер ащы шындықты халық ұғымына
жақын образды сөзбен бүкпесіз толғаған.
«Есі кеткен ел байғұс
Ақылынан адасар.
Адасқаны емес пе,
Бірін-бірі шағысып,
Тепкілесіп, қағысып
Өкіметке таласар» [2. 547], – деп ел ішіндегі
бар адамдардың бірін-бірі шаяндай шағысып, жан
шошырлықтай арамзалыққа барып, болыстыққа таласқан
қалпын қынжыла суреттеген. Елін сүлікше сорып, жиған
мал-мүлкін орыс ұлықтарына беріп, паралап болыстыққа
жеткен пысықайлардың күлкілі бейнесін
«Оңлы болған болыс-би
Киеді құрлы шекпенді.
Шекпен киген бар болса,
«Осымыз озды!» деп келді.
Күміс мөрді қойды да,
Содияның ауды шойынына.
Жалтыратып танадай
Тақтырды шынжыр мойынына», –
деп кекті қынжылыспен өрнектеді. Заман сықпытының
келеңсіз жайын наразылық үнмен әшкерелеген.
Жалпы, сол кездегі қоғамдық өмір кескіні «Қонысты
орыс алғаны», «Шалқып жатқан елім-ай», «Қабіріңе айтар
зарым бар», «Датқалардың Петірбор барғаны», «Заманың
қырын боп келді» атты өлең, жыр, толғауларында өзіндік
шындық кейпін тапқан.
87
Бұл туындыларында халықтың қайғысын қалыңдат-
қан отаршылдарды әшкерелеу, елді еркіндіктен айырған,
ел дәулетін судай шашқан аждаһаларға деген халықтың
наразылығын, ызалы арман-зарын, өкініш-ренішін,
күйініш, қынжылысын танытатын суреттеулер мол болса,
ақынның ендігі біраз өлеңдерінің дені – сынау, мінеу,
кекете мысқылдау, мазақ ете шенеу, сықақтау, әжуалау,
ащы тілмен аяусыз түйреуге арналған.
Ақын сын жебесін ел жуандарына қадайды. «Қоян
жылы жаумады көктен жаңбыр» деген өлеңінде жұт
болған жылдың ауыртпалығынан аштық пен күйзеліске
ұшыраған шаруалардың ауыр тұрмысын халық басына
түскен қиыншылықты
«Қысы жұт, жазы қымбат арты болды,
Сұрағаны азықтың нарқы болды.
«Қайғың – қара тамағың» деген мақал,
Ашаршылық алаштың дерті болды» [4. 33] – деп
күйзеле өрнектесе,
«Бай-мырзалар жегізді мерекесін,
Жақсы ауылға тоқтамай көре өтесің.
Үй басына үлесіп жеген пара –
Қысқартты қыдырлының берекесін» [4. 33], – деп
күйзелген халыққа қамқорлық жасаудың орынына бай-
мырзалардың «үй басына үлесін жеген параларын»
тоқтатпағанын уытты ызамен баяндап береді.
Майлықожа о баста Қоқан ханының бек-мырзаларына,
енді орыс ұлықтарына әбден арқа сүйеп, жалпы халықты
аяусыз тонап, ұры ұстап, арамнан жеп, оларға теңдік
беруден кеткен дала жебірлерін батыл сынап әшкерелеген.
Сол заманда болыстыққа ұрлық пен зорлықтан мал
тапқан «малдылар», «дәулеттілер» сайланған. Табиғат
берген талантты, көрген-білгені, өмірден түйгені мол,
Достарыңызбен бөлісу: |