34
V. Проблемалық сипаттағы сұрақтар арқылы әңгіме-
нің мазмұнын ашу:
1. Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай екен?
2. Тортай кім?
3. Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай
сипатталған?
4. Тортай нені армандаушы еді?Қалай үйленді?
6. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?
7. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?
VI. Суретте, бейнеле.
Тортай қандай бала?
VII. Кім жылдам?
Шығармадан жазушы қолданған мақал-мәтелдерді,
тұрақты тіркестерді, эпитет, теңеулерді, жер-су, өзен-тау
атауларын тез табуы керек.
Эпитет – заттың айырықша белгілерін, қасиеттерін
білдіретін сөздерді эпитет дейміз.
Эпитеттер: жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп
тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір,
көк мұнар дүние, қоңыр үн.
Теңеу – заттың, құбылыстың қасиет-сапасын ашу үшін
екінші бір затпен, құбылыспен салыстыру.
Теңеулер: табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап,
лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, ұядай қылып
жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, ой-етек алақандағыдай
көрінеді, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма,
Тортай
35
ай мен күндей қос ару.
Мақал-мәтел, тұрақты тіркестер. Мақалда ой
ашық, нақты, тура айтылады. Мәтелдерде ой тұспалдап,
астарлап, меңзеп жеткізіледі. Мысалы: Тоқ бала аш баламен
ойнамайды.
Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі
арқылы бір мағына беретін сөз тіркесі. Қой ауызынан шөп
алмас – жуас; ит басына іркіт төгілу – молшылық, қыздың
жиған жүгіндей –сәнді, жинақы; тақымы қотыр тайға тимеу
– ештеңеге қол жеткізбеу.
VІІІ. Гипотеза (болжам) жасау әдісі. Автордың
баяндауынан оқушының ішкі сезімі мен ойын өрбіту.
Автордың баяндауы
Оқушы болжамы
Тортай, әсіресе, мені жақсы көрді. Жаны-
нан бір елі қалдырмайтын. Әкем ферма мең-
герушісі, үйде ішім-жем мол, ит басына ір-
кіт төгіліп жатушы еді. Шешемнің қолы-
нан-бір, жолынан-екі алып,әр күн сайын
Тортайға таситынмын.Ол мені алдап,
тамақ үшін дос болмайтын,қайта «Мен аш
жүргенім жоқ, әкеле берме» деп ұрсатын-
ды.
ІХ. Көрініс. Әңгімеші бала мен Тортай рөліндегі
оқушылар.
Осы көріністен көріп отырғаныңыздай, автордың:
- Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің,- деген сөзі
қандай тұспалды ойға жетелейді?
Х. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат...» әңгімесін
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесімен салыстырып,
ұқсастығы мен айырмашылықтарын табу.
Венн диаграммасы.
36
«Жусан иісі»
Ұқсастығы
«Тортай мінер
ақ боз ат...»
1. Әңгімеші
бала.
2. Аян.
Екі шығарма да соғыстан
кейінгі балалық шаққа арналған.
Кейіпкерлері жетім, ертекшіл,
ертегісін «баяғыда бір жетім
бала болыпты...»деп бастайды,
қиялшыл, оқуға құмар.
1. Әңгімеші
бала.
2. Тортай.
ХІ. «Дискуссиялық карта» әдісі.
Ораш ел таныған азамат бола отырып, бала кезінде бірге
өскен досы – Тортай амандасқалы келгенде, шыға алмады.
Осы іс-әрекеті дұрыс па?
«Иә»
«Жоқ»
Менің дәлелім...
Менің дәлелім...
ХІІ. Авторға хат. 5 мин. эссе.
ХІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың
арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?
2. Тортай тәрізді балалар қазірде кездесе ме?
3. Тортай неге арманына жете алмады?Кітапты неге пір
тұтты?
Қорытынды. Бүгінгі сабағымызды Әбіш Кекілбаевтың
сөзімен түйіндесем: «О.Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы
қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі
ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын
елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын
азғантай тұлғалардың біріне айналды».
Үйге тапсырма: «Әңгімені қалай аяқтар едіңіз?»-шағын
ой-толғау.
Бағалау. Күтілетін нәтиже:
- Оқушылардың ойын жеткізу, сөз саптау, сөйлеу мәде-
ниеті дағдыларын дамыту;
- Өзіндік ой-пікір қалыптастыру;
- Көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту;
- Адамгершілік, мейірімділік, ұлтжандылық қасиеттерін
арттыру.
37
Гүлден ТҰҢҒЫШБАЙҚЫЗЫ,
Қарағанды қаласындағы
№36 орта мектептің мұғалімі.
ҚАЗТУҒАН ЖЫРЫ – ТАЗА
ДАЛАЛЫҚ ПОЭЗИЯ
(9-сынып)
Мақсаты: білімділік – жыраулар поэзиясының өкілі
– Қазтуған жыраудың ақындық құдіретін танытатын
шығармаларының
тақырыптық
мазмұнын
ашу;
дамытушылық – Қ.Бітібаеваның жыраулар поэзиясын
оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың
білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау,
шығармашылық қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін
дамыту; тәрбиелік – Қазтуған жырлары негізінде ұлттық
рух пен патриоттық сезімді тәрбиелеу, ерлік пен елдікті
дәріптеу.
Түрі: шығармашылық ізденіс сабағы. Әдісі: талдау,
салыстыру, болжау, дәлелдеу, ой бөлісу, модель құрастыру.
Оқыту формасы: топтық, жеке. Типі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, кестелер, сызбалар, үлестірмелі
парақшалар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Асан қайғы – ерекше
жаратылған жан».
а) Мәнерлеп оқу сатысы;
б) Тақырыптық талдауды тексеру (3 топқа үш түрлі кесте
толтыру берілген).
Кестелер үлгілері:
Достарыңызбен бөлісу: |