47
“Суға түкірме”, “Күл шашпа”, “Көкті таптама”, “Тал
кеспе”.
Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
- Балалар, кім табиғат құбылыстары туралы, жер туралы,
су туралы, Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер біледі?
Мақал-мәтелдер жазылған кәртішкелер үлестіріледі.
1. Балығы жоқ көл – қысыр, балы жоқ гүл – қысыр.
2. Жері байдың – елі бай.
3. Сусыз жерде қамыс жоқ ,
Азған елде намыс жоқ.
4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Өз елің – алтын бесік.
6. Ел – жасымен көрікті,
Тау – тасымен көрікті,
Аяқ – асымен көрікті.
Мультимедиафильм арқылы “Табиғат және адам” атты
мәтін көрсетіледі. Мәтін талданады. Сұрақтар қойылады.
Адам және табиғат.
Елімізде ауаның тазалығын сақтауға ерекше көңіл бөлініп
келеді. Соған орай біздің республикамызда ауа бассейнін
қорғау шаралары белгіленді. Алматыда 74 кәсіпорын
атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайту шараларының
жоспарын жасаса, қаланың 118 көлік шаруашылығында
автомобильдер бөлетін газ зияндылығының мөлшерін
тексеретін бақылау орындары құрылды.
Талдықорғандағы асфальт-бетон зауыты қаланың
сыртына шығарылып, кілем тоқу фабрикасының бояу цехы
солтүстік өнеркәсіп аймағына көшірілді.
Жезқазған кен-металлургия комбинатының кәсіпорын-
дары әр жыл сайын шаң-тозаңды 155 тонна, күкірт газын 50
мың тонна азайту жолдарын қарастырды. Ал, Атырау химия
зауытында атмосфераны қорғаудың 30-дан аса шаралары
48
енгізілген.
Су – біздің бір байлығымыз, сондықтан оны тазарту
ісін қолға алуға міндеттіміз. Соңғы жылдарда тәуліктік
қуаты 4 млн. текше метр болатын тазарту қондырғылары
іске қосылды. Мұндай биологиялық тазартқыштар бүгінде
Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, тағы басқа қалаларда
жұмыс істейді. Су ресурстарын қорғау шараларын жүзеге
асыру нәтижесінде Жайық, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің
ластануы азайып, Талас және Іле өзендеріндегі судың
химиялық құрамы жақсарды.
Сөздік:
шара – меры;
белгілену – установить;
шығару – выброс;
қолға алу – взять в руки;
тазарту қондырғылары – очистительные сооружения;
іске қосылды – введен в действие;
ластану – загрязняться.
Мультимедиафильм арқылы табиғат бейнеленген
суреттер көрсетіледі.
Сабақты бекіту мақсатында сөзжұмбақ шешіледі.
Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, мәтінді оқу, жер
байлығына байланысты мақал-мәтелдер жазып, талдап келу.
Бағалау. Қорытынды: - Балалар, Қазақстанның қазба
байлықтары жөнінде маңызды мәліметтер алдыңыздар деген
ойдамын. Ертеңгі күні сіздер осы байлықтарды игеруге көп
үлес қосады деп сенім білдіремін.
Сөзжұмбақ.
49
1. Сұрау мағынасындағы айтылатын сөйлемді қандай
сөйлем деп атайды?
2. Мағыналары жуық, өзара мәндес сөздер тобын қалай
атайды?
3. Қазақ тілінің тіл дыбыстарын, дыбыстар жүйесін
зерттейтін саласы қалай аталады?
4. Сөйлеуші сөйлеп тұрған мезгілден бұрын болып кеткен
іс-әрекет қандай шақта болғаны?
5. Адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын қыс-
тырма сөздерді қалай атайды?
6. «Кіммен?немен?» деген сұрақтарға жауап беретін
қандай септік?
7. «Кімді? нені?» деген сұрақтарға жауап беріп, сабақты
етістік жасауға негіз болатын қай септік?
8. Тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, олардың
мағынасын зерттейтін – қазақ тілінің қай саласы?
9. Таза сөзінің антонимі.
С ұ р а у
л ы
с и н о н И м
ф о Н е
т и к
а
ө Т к е н
о д А ғ
а й
к ө м е К т
е с
т
а
б ы С
л
е
к
с И к а
л
а С
50
Анар ХАСЕНОВА,
Шортанды қаласындағы
техникалық колледжінің
кәсіби қазақ тілі
пәнінің оқытушысы.
Ақмола облысы.
САН ЕСІМДЕРДІҢ СЕПТЕЛУІ
Сабақтың мақсаты: 1) Баянауыл кенді ауданы жайлы
жалпы мағлұмат беру, сан есімдердің септелуі туралы
алған білімдерін қайталау, толықтыру; 2) Ауызша, жазбаша
жаттығулар жүргізе отырып, студенттердің сауаттылығын,
тілін дамыту, логикалық ойлау және танымдық қасиетін
арттыру, сөйлем құрастыру; 3) Оқушыларды туған жер
табиғатын қорғауға, оны көбейтуге бар мүмкіндікті
пайдалануға үйрету, кәсіби тілде сауатты сөйлеуге
дағдыландыру.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер, тірек сөздер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау-жинақтау.
Пәнаралық байланыс: арнайы пән, география, орыс тілі.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Студенттерді түгелдеу.
ә) Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатын түсіндіру.
2. өткен сабақты пысықтау.
3. Жаңа сабақ.
1. Сөздік жұмысы:
кенді аудан – рудный район;
құрылымдық – структурный;
белдем – пояс;
қырат – возвышенность, холм, плоскогорье;
терең жарылыстар – глубокие взрывы;
Достарыңызбен бөлісу: |