Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет39/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53

110
касында  мемлекеттік  тіл  –  испан  тілі,  Гаитиде  –  француз  тілі,  ал  қалған 
мемлекеттерде  –  ағылшын  тілі.
Кариб  теңізіндегі  арал-мемлекеттер  экономикалық-географиялық  орны, 
табиғи  жағдайы  мен  ресурстары,  халқы  мен  еңбек  ресурстары  секілді  се-
бепшарттардың  ықпалымен  халықаралық  еңбек  бөлінісі  жүйесінде,  негізі-
нен  туризм,  тропикалық  егіндер  өндіру,  тау-кен,  жеңіл  және  тамақ  өнер-
кәсібі,  қаржы-банк  қызметтері  секторы  іспетті  экономика  тармақтарына 
маманданған.  Мемлекеттердің  басым  көпшілігінің  шаруашылық  маманда-
нуы  тар,  мысалы,  Тринидад  пен  Тобаго  негізінен  мұнайды  қайта  өңдеу 
17-сурет.  Вест-Индия  мемлекеттерінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы  айыр-
машылықтар:  Багама  аралдарының  астанасы  Нассау  қаласы  (сол  жақтағы)  және  Гаити 
астанасы  Порт-о-Пренс  қаласындағы  қиранды  массивтердің  бірі  (оң  жақта)
мен  аммиак  өндірісіне,  Гренада–мускат  жаңғағы  мен  какао  өндірісіне,  ал 
Сент-Винсент  пен  Гренадина  крахмал  мен  спорт  жабдықтарын  (анығы-
рағы,  теннис  ракеткаларын)  өндіруге  маманданған.  Сыртқы  сауда  байла-
ныстары  көбінесе  АҚШ  және  Латын  Америкасының  басқа  мемлекеттері 
ортасында  жүзеге  асырылады.
Əлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейіне  орай  Вест-Индия  мемлекет-
тері  дамып  келе  жатқан  мемлекеттер  қатарына  жатады.  Бірақ  экономика-
сының  дамуы  мен  халқының  тұрмыс  дәрежесі  бойынша  бұл  мемлекеттер 
арасында  үлкен  айырмашылықтар  бар  (17-сурет).  Субаймақта    бұл  салада 
көш  бастап  келе  жатқан  елдерге  Барбадос  пен  Багама  аралдары  кірсе,  ең 
мешеулері  қатарына  Доминика  мен  Гаити  жатады.
Кариб теңізі, Вест-Индия, Үлкен Антиль аралдары, Кіші Антиль аралдары, Бағама 
аралдары, “ергежейлі” мемлекеттер, отар елдер, теңізарты аумағы, өзін-өзі басқа-
ратын аумақ. 
1.  “Вест-Индия” географиялық атауының сөздік мағынасын және оның келіп шығуын 
түсіндір.
2.  Вест-Индия қайсы арал топтарынан құралған және оның саяси картасында қандай 
мемлекеттер бар?
3.  Кариб теңізі арал-мемлекеттері халқының табиғи көбеюі, нәсілдік және тілдік құра-
мының ерекшеліктері нелерден тұрады?


111
§ 26. АФРИКА СУБАЙМАҚТАРЫ
 
Африка  –  табиғи  ресурстарға  бай  болуына  қарамай,  орын  алған  сая-
си,  әлеуметтік,  экономикалық  проблемалардың  салдарынан  даму  деңгейі 
төмен  көптеген  мемлекеттер  жиналған  құрлық  болып  табылады.  Жалпы 
жер  алаңы    30,3  млн  шаршы  км-ден  астам  бұл  құрлықта  62  мемлекет 
бар.  Олардың  54-і  –  тәуелсіз  мемлекеттер,  10-ы  арал,  15-і  құрлық  ішін-
де  және  37-сінің  теңіздік  шекаралары  бар.  Африка  аумағы  5  субаймаққа 
жіктеледі  (18-сурет).
Солтүстік,  Батыс,  Орталық,  Шығыс  және  Оңтүстік  Африка  субай-
мақтары  бір-бірінен  географиялық  орны,  табиғи  ресурстары,  алаңда 
орналасқан  мемлекеттер  саны  сияқты  көрсеткіштерімен  ерекшеленеді 
(10-кесте).
                                                                                                                               
10-кесте
          Африка субаймақтары туралы жалпы мəлімет
Субаймақтар
Алаңы, млн
шаршы км
Халқының саны,
млн адам
Мемлекеттер
саны
Солтүстік
8,5
218
7
Батыс
6,0
341
16
Шығыс
6,3
379
17
Орталық
6,6
142
9
Оңтүстік 
2,7
61
5
 
Солтүстік  Африка  Жерорта  және  Қызыл  теңіздерге,  Атлант  мұхитына 
шығу  мүмкіндіктері  бар  болғандықтан,  ежелден-ақ  Еуропамен  және  Батыс 
Азия  мемлекеттерімен  жан-жақты  байланыс  орнатқан  болатын.  Аумақтың 
үлкен  бөлігінің  субтропикалық  аймаққа  тура  келгендігі  бұл  өңірдегі  мем-
лекеттердің мақта, зәйтүн, жүзім, цитрус жемістерін өндіруге мамандануы-
на  себеп  болған.  Ал  өнеркәсіп  тармақтарының  дамуы  бірінші  кезекте  ми-
нерал  шикізаттарды  қазып  алу  (мұнай,  табиғи  газ,  фосфорит,  темір  руда-
сы)  мен  қайта  өңдеуге  байланысты.  Бұдан  тыс  ауыл  шаруашылығы  өнім-
дерін  қайта  өңдеуге  маманданған  жеңіл  және  тамақ  өнеркәсібі  де  жақсы 
VIII ТАРАУ. АФРИКА СУБАЙМАҚТАРЫ.
ОКЕАНИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ


112
дамыған.  Бұл  жерде  теңіз  көлігінің  ай-
рықша  маңызы  бар.    Əсіресе  Суэц  ка-
налының  осы  аймақта  орналасқандығы 
көлік  қызметтерінің  жоғары  дәрежеде 
дамуына  жол  ашқан.  Бұған  қосымша 
қызметтер  саласында  туризмнің  алатын 
орны  ерекше.
Халқының  басым  бөлігін  араб  тілін-
де  сөйлейтін  тұрғындар  құрайды.  Көп 
ғасырлық  тарихы  бар  аймақ  мемлекет-
тері  экономикасының  дәстүрлі  тармағы 
болып  саналатын  суармалы  егіншілік, 
көшпелі  мал  шаруашылығы,  қолөнер-
шілік  секілді  салаларының  өзіне  ерек-
шеліктері  бар.  Египет  пен  Алжир  су-
баймақтың  әлеуметтік-экономикалық  даму  дәрежесіне  орай  алдыңғы  қа-
тарлы  мемлекеттер  болып  саналады.
Батыс  Африка  Сахара  шөлі  мен  Гвинея  шығанағы  аралығына  орын 
тепкен.  Аумағы  тропикалық  шөлдерге,  саванналарға,  ылғалды  эквато-
риалдық  аймаққа  тура  келеді.  Бұл  субаймақта  Африканың  халық  саны 
жағынан  ең  ірі  мемлекеті  –  Нигерия  бар.  Оның  халқының  құрамы  айтар-
лықтай  күрделі.  Отаршылық  кезеңінде  құлдық  қанау  ең  жоғары  шегіне 
жеткен  аймақ  болып  табылады. 
Субаймақтың  заманалық  көрінісін  бірінші  кезекте  ежелден  дамып  келе 
жатқан  ауыл  шаруашылығына  мамандану  белгілейді.  Плантация  шару-
ашылығының  дамуы  бойынша  бай  тәжірибеге  ие  болған  субаймақ  мем-
лекеттері  негізінен  техникалық  егіндер  өндіруге  маманданған.  Ауыл  ша-
руашылығында  егілетін  монодақылдардың  (жержаңғақ,  түрлі  жемістер,  та-
биғи  каучук,  какао,  кофе  )  негізгі  бөлігі  экспортқа  шығарылады.  Тау-кен 
өнеркәсібі  негізгі  дамыған  өнеркәсіп  тармағы  болып  саналады.  Негізінен 
темір  және  уран  рудалары,  боксит,  қалайы,  мұнай,  алмаз  және  алтын  өн-
діріледі.  Нигерия  Батыс  Африканың  экономикасы  салыстырмалы  дамыған 
мемлекеттеріне  мысал  бола  алады. 
Орталық  Африка  мемлекеттері  материктің  орталық  бөлігіне,  ылғалды 
экваториалдық  ормандар  мен  саванна  аймақтарына  орын  тепкен.  Субай-
мақ  минерал  ресурстар  түрі  мен  қоры  бойынша  тек  Африкада  ғана  емес, 
дүние  жүзінде  жетекші  орындардың  бірінде  тұрады.  Бұдан  тыс  аймақ  суға 
18-сурет.  Африканың  субаймақтары.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау