Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53


ГЕОГРАФИЯ
Орта білім мекемелерінің 10-сыныбына 
арналған оқулық 
Бірінші басылуы 
Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен
«O‘zbekiston milliy ensiklopediyasi»
Мемлекеттік ғылыми баспасы
Ташкент – 2017
(ҚОЛДАНБАЛЫ ГЕОГРАФИЯ)


УЎT: 91 = 512.122(075.3)
KБT  26.8я721
Г-31
А в т о р л а р:
Ш.М.Шарипов, В.Н.Федорко, Н.И.Сафарова, В.А.Рафиқов
Ж а у а п т ы   р  е д а к т о р ы:
М.Т.Миракмалов – Мырза Ұлықбек атындағы ӨзҰУ Геология және география 
факультеті география кафедрасының доценті.
П і к і р   ж а з ғ а н д а р:
У.Абдуназаров – Мырза Ұлықбек атындағы ӨзҰУ Геология және география фа-
культеті география кафедрасының доценті;     
М.Абдуллаева – Низами атындағы ТМПУ Географияны оқыту әдістемесі кафе-
драсының аға оқытушысы;
Н.Рафиқова – Өзбекстан Ғылым академиясы Сейсмология институты Геоэко-
логия зертханасының ғылыми қызметкері;
М.Әуезов – Ташкент қаласы Алмазар ауданындағы №278 мектептің география 
пәні оқытушысы;
Л.Болтаева – Ташкент қаласы Юнусабад ауданындағы №273 мектептің геогра-
фия пәні оқытушысы;
Д.Қозиева – Сұрхандария облысы Құмқорған ауданындағы №11 ИДУМ геогра-
фия пәні оқытушысы.                                    
Ш а р т т ы   б e л г i л е р:
– Тірек ұғымдар мен терминдер;
– Сұраулар мен тапсырмалар.
Республикалық мақсатты кітап қорының қаржылары есебінен басылды.
ISBN 978-9943-07-540-5
© 
Шарипов Ш.М. және басқ., 2017.
© «O‘zbekiston milliy ensiklopediyasi»
Мемлекеттік ғылыми баспасы, 2017.


3
§ 1. ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖҮЙЕСІ
ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
География  ең  ежелгі  ғылымдардың  бірі  екендігі  бесенеден  белгілі,  ол 
зерттейтін  құбылыстар  аясы  да  өте  ауқымды.  Алғаш  рет  Сен  5-сынып-
та  география  пәні  туралы  “Жер  бетінің  табиғатын,  халқын  және  адамның 
шаруашылық  қызметін  зерттейтін  пән”  деп  берілген  ұғыммен  танысқан 
едің.  Бертін  келе  география  пәнінің  зерттеу  нысаны  географиялық  қабық 
екенін  де  біліп  алдың.     
Географиялық  қабық  ғаламшарымыздағы  ең  ірі  геожүйе  болып  табы-
лады,  яғни  ол  –  Жердің  қатты  (литосфера),  су  (гидросфера),  ауа  (атмосфе-
ра)  және  тіршілік  (биосфера)  қабықтарының  өзара  тұтасуы  мен  әсерлесуі 
шеңберінде  пайда  болып,  дамып  келе  жатқан  өте  күрделі  біртұтас  әрі  та-
биғи  жүйе.  Нақ  осы  географиялық  қабық  адамзаттың  өмір  сүру  және  өн-
дірістік  қызмет  ортасы,  табиғи  ресурстардың  негізгі  көзі  болып  саналады.
Географиялық  қабық  өз  кезегінде  бір-бірімен  байланысты  көпте-
ген  үлкенді-кішілі  табиғи  географиялық  бірліктерге,  яғни  құрлықтар 
мен  суларға,  материктер  мен  мұхиттарға,  табиғи  географиялық  өлкелер-
ге,  табиғат  зоналарына,  провинцияларға,  географиялық  округтерге  және 
басқаларға  бөлінеді.  Олардық  барлығын  да  география  пәні  жан-жақты 
зерттейді.  Сонымен  қатар  география  қоғамның  тарихи  дамуы  барысында 
пайда  болған  аумақтық  құрылымдарды  –  мемлекеттерді,  облыстарды,  қа-
лалар  мен  ауыл-қыстақтарды  да  зерттейді.
Географиялық  қабық  пен  оның  құрамдас  бөліктеріндегі  оқиға-құбылыс-
тарды  өзге  пәндер  де  зерттейді,  алайда  тек  география  пәні  ғана  сол  ны-
сандар  мен  үдерістерді  өзара  байланыстыра  отырып,  белгілі  аумақ  шека-
ралары  бойынша  тұтас  зерттеп,  аумақтар  мен  Жер  жүзі  туралы  кешенді 
ғылыми  ұғымды  қалыптастырады.  География  ғылымның  бір  саласы  ретін-
де  қалыптасқаннан  бері,  әсіресе  нақ  қазіргі  кезеңде  бұл  пән  үшін  табиғат 
пен  қоғам  ортасындағы  байланыстылық  мәселелері  аса  маңызды  орын  ие-
лейді.  Демек,  бүгінгі  заман  жағдайында  география  –  географиялық  қабық 
ішіндегі  табиғи  жəне  əлеуметтік  үдерістерді,  құбылыстарды  жəне  ны-
I ТАРАУ. ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХЫ


4
сандарды  өзара  байланыстылық  пен  біртұтастықта,  белгілі  мекен  мен 
заманда  зерттейтін  ғылым  ретінде  дамып  келеді.
География  пәні  екі  ірі  тармаққа  –  табиғи  және  әлеуметтік-экономика-
лық  географияға  бөлінетіні  белгілі.  Алғашқысы  географиялық  қабықты, 
оның  компоненттерін  және  Жер  бетіндегі  геожүйелерді  зерттесе,  кейінгісі 
дүние  жүзін,  оның  аймақтары  мен  мемлекеттері,  қалалары  мен  ауыл-қыс-
тақтары  шеңберінде  халықтарды,  олардың  өмір  сүру  салты  мен  мәдени-
етін,  өндірістік  салаларын,  саяси  құбылыстар  мен  оқиғаларды  зерттейді.
Географиялық  білімдердің  қамту  аясы  мен  көлемінің  ұлғаюы,  пәннің 
ғылыми-практикалық  маңызының  тереңдеуі  нәтижесінде  табиғи  және  әлеу-
меттік-экономикалық  географияның  құрамында  өзіндік  мәніне  орай  бір-
неше  шағындау  пәндер  мен  ғылыми-зерттеу  бағыттары  қалыптасты.  Атап 
айтқанда,  табиғи  география  шеңберінде  дербес  табиғат  компоненттерін 
жан-жақты  зерттейтін  пәндер  қалыптасып,  тәуелсіз  ғылым  саласы  ретінде 
даму  жолына  түсті:  геоморфология  (Жер  бетінің  бедерін  зерттейді),  кли-
маттану  (климаттық  ерекшеліктерді  зерттейді),  гидрология  (гидросфераны 
зерттейді,  ол  океанология  мен  құрлық  гидрологиясына  бөлінеді),  гляциоло-
гия  (қар  мен  мұздықтарды  зерттейді),  геокриология  (көп  жылдық  тоң  жер-
лерді  зерттейді),  топырақтар  географиясы  (топырақтардың  таралуын  зерт-
тейді)  мен  биогеография  (тірі  ағзалардың  Жер  бетіне  таралуын  зерттейді, 
ол  геоботаника  мен  зоогеографияға  бөлінеді).  Ғаламшарлық  маңызы  бар 
табиғи  географиялық  үдерістер  мен  географиялық  қабықты  біртұтас  жүйе 
ретінде  жалпы  табиғи  география  зерттейді.  Шағын  аумақтар  табиғатының 
түзілісі  мен  ерекшеліктерін  зерттеумен  айналысатын  ландшафттану  ғылы-
мы  да  табиғи  географиялық  ғылымдар  қатарынан  лайықты  орын  алды. 
Адамның  шаруашылық  қызметінің  табиғатқа  ықпалы  күшеюіне  байланыс-
ты  дүниеге  келген  геоэкология  ғылымы  қоршаған  ортадағы  өзгерістер  мен 
экологиялық  ділгірліктерді  геожүйелер  аясында  зерттейді.
Əлеуметтік-экономикалық  география  шеңберінде  де  осыған  ұқсас  тар-
мақтану  үдерісі  дамып  келеді.  Соның  нәтижесінде  тұрғындар  география-
сы,  қалалар  географиясы  (геоурбанистика),  саяси  экономика  (дүние  жүзінің 
саяси  картасын,  мемлекеттік  шекараларды,  саяси  байланыстар  мен  үдеріс-
терді  зерттейтін  ғылым),  өнеркәсіп  географиясы,  ауыл  шаруашылығы  гео-
графиясы,  көлік  географиясы,  туризм  географиясы,  қызмет  көрсету  саласы 
географиясы,  этногеография  (халықтар  географиясы),  діндер  географиясы 
және  басқа  географиялық  ғылым  салалары  пайда  болды.  Сонымен  қатар 
әлеуметтік-экономикалық  географиялық  пәндер  арасында  әлемдік  экономи-


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау