108
§ 25. КАРИБ АЛАБЫНЫҢ АРАЛ-МЕМЛЕКЕТТЕРІ
Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері аралығында, Мексика
шығанағы мен Кариб теңізінің Атлант мұхитымен тұтасқан акваториясын-
да орналасқан аралдар Америка құрлығының 1492 жылы Христофор Ко-
лумбтың бірінші экспедициясы ашқан алғашқы жерлері болып саналады.
Колумб оған Вест-Индия, яғни “Батыс Үндістан” деп ат қойған. Бертін
келе бұл аумақ Американың бір бөлігі екендігі анықталса да, бұрынғы
атауы осы күнге дейін қолданылып келеді.
Вест-Индия үш ірі архипелагтан тұрады: Кариб теңізінің солтүстік
жағалауын бойлай созылып жатқан Үлкен Антиль аралдары (ең ірілері:
Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико), Кариб теңізінің шығыс және оңтүстік-
шығыс шетіндегі Кіші Антиль аралдары, сондай-ақ Үлкен Антиль арал-
дарынан солтүстікте орын тепкен Багама аралдары. Вест-Индияның жал-
пы жер алаңы 245 мың шаршы км айналасында, соның 216 мың шаршы
км-ін Үлкен Антиль аралдары алып жатыр. Кіші Антиль және Багама
аралдарының жер алаңы дерлік бір түрлі болғандықтан, екі архипелагтың
әрқайсысына 14 мың шаршы км-ден астам аумақ тура келеді.
Вест-Индия аралдарында барлығы 13 тәуелсіз мемлекет бар. Үлкен Антиль
аралдарында – Куба, Гаити, Доминикан Республикасы және Ямайка, Кіші
Антиль аралдарында – Антигуа мен Барбуда, Барбадос, Гренада, Доминика,
Сент-Висент пен Гренадина, Сент-Китс пен Невис, Сент-Люсия, Тринидад
және Тобаго “ергежейлі” мемлекеттері, ал Багама аралдарында осындай атпен
аталатын мемлекет орын тепкен. Бұдан тыс Вест-Индияның саяси картасын-
да ұзын саны 15-ке жуық Ұлыбритания, Франция, Нидерландия және АҚШ
мемлекеттерінің отар, теңізарты аумақтары мен өзін-өзі басқаратын аумақта-
ры да бар. Аумағының үлкендігі және халқының саны бойынша субаймақтың
мемлекеттері ортасында бірінші орында Куба Респуб ликасы тұрады. Тәуел-
сіз емес мемлекеттер арасында иелеген алаңы мен халқының саны жағынан
ең ірісі – АҚШ-қа тәуелді өзін-өзі басқаратын аумақ саналған Пуэрто-Рико.
Басқару пішіні жағынан 10 ел – республика, ал қалған 3-і – Британия Дос-
тастығы корольдықтары (ресми мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы
болып саналатын конституциялық монархиялар) болып табылады. Куба –
қазіргі заман дүние жүзінің саяси картасындағы социалистік республика жүй-
есіндегі санаулы мемлекеттердің бірі.
Вест-Индия аралдары Кариб және Солтүстік Америка литосфера плита-
лары түйіскен шекарада орналасқандықтан, бұл жерде оқтын-оқтын күшті
жер сілкінулер болып тұрады. Кіші Антиль аралдарында белсенді жанар-
таулар көп. Осындай тектоникалық түзілістерге байланысты Вест-Индия