101
де дараланып тұрады (Венгрия, Польша, Сербия, Болгария). Бірсыпыра
мемлекеттер үшін туризм саласы да маңызды табыс көзі болып сана-
лады. Экономиканың бұл тармағы әсіресе Болгария, Румыния, Чехия,
Словакия, Хорватия, Черногория, Словения және Венгрия мемлекеттері
үшін елеулі рөл атқарады.
Еуропа субаймақтары, Солтүстік Еуропа, Скандинавия мемлекеттері, Балтық
мемлекеттері, Батыс Еуропа, “ергежейлі” мемлекеттер, Оңтүстік Еуропа, Шығыс
Еуропа, Балкан мемлекеттері, өтпелі экономика мемлекеттері.
1. Еуропа мемлекеттері нешеу және қандай субаймақтарға бөлінеді?
2. Шығыс Еуропаның саяси картасында өткен ғасырдың соңында қандай өзгеріс-
тер болды? Қайсы мемлекеттер тәуелсіздікке ие болған соң, азамат соғыста-
рын бастан өткізді?
3. Дәптеріңе Еуропа субаймақтарындағы елдерді орналасуына қарай арал, түбек,
теңізбойы және құрлық ішкерісі топтарына бөліп жазып ал.
§ 24. ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ
Əлемдегі ірі саяси-географиялық аймақтардың бірі – Латын Америка-
сы Жердің Батыс жартышарына орналасқан. Ол Америка құрлығындағы
АҚШ, Канада елдерін және Гренландия аралынан тыс барлық мемлекет-
терді қамтиды. Халқының басым көпшілігі ежелгі латын тілі негізінде
пайда болған испан және португал тілдерінде сөйлесетін болғандықтан,
Латын Америкасы деп аталып кеткен.
Латын Америкасының саяси картасында бүгінде 33 тәуелсіз мемле-
кет және бірқатар отар елдер бар. Оның аумағы бірнеше шағын ай-
мақтарға да бөлінеді. Мысалы, Солтүстік Америка материгінің АҚШ-тан
оңтүстікке қарай орналасқан бөлігі мен Кариб теңізінің аралдарында ор-
наласқан мемлекеттер Орта Америка (Мезоамерика) аймағын құрайды.
Бұл аймақтағы мемлекеттер арасында аумағы, халқы және экономика-
лық деңгейі тұрғысынан Мексика ерекше көзге түседі. Орта Америка-
ның Мексикадан басқа мемлекеттері Кариб теңізінің акваториясы мен,
оның табиғи ресурстарымен және көлік жолдарымен тарихи байланыс-
ты болғандығы үшін Кариб бассейні мемлекеттері деп те аталады. Ма-
терикте Мексикадан оңтүстік-шығысқа қарай орын тепкен 7 мемлекет
(Белиз, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Пана-
ма) Орталық Американы құрайды. Кариб теңізіндегі 13 арал-мемлекет
өз кезегінде Вест-Индия деген жалпы атаумен біріккен. Ал Оңтүстік
102
Америка материгінде 12 тәуелсіз мемлекет пен 1 отар (Франция Гвиа-
насы) орналасқан. Оңтүстік Америкада Латын Америкасындағы мұхитқа
шығу мүмкіндігі жоқ 2 мемлекет бар, олар – Боливия мен Парагвай.
Аумағының үлкендігі жағынан Бразилия (дүние жүзі мемлекеттері ара-
сында 5-орын), Аргентина (8-орын), Мексика, Перу, Венесуэла және Ко-
лумбия ерекшеленіп тұрады. Вест-Индияда “ергежейлі” мемлекеттер қата-
рына жататын бірнеше ел орналасқан. Латын Америкасындағы елдердің
басым көпшілігінде президенттік республика басқару жүйесі енгізілген.
Вест-Индиядағы кейбір шағын мемлекеттер мен Орталық Америкадағы
Белиз – Британия Достастығы құрамындағы конституциялық монархия-
лар. Ресми түрде олардың мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы
Елизавета ІІ болып cаналады. Бразилия, Аргентина, Мексика, Венесуэла
секілді ірі мемлекеттер, Кариб теңізіндегі 2 шағын аралдан тұратын Сент-
Китс және Невис мемлекеті федеративтік құрылысты таңдаған. Аймақтың
қалған мемлекеттері унитарлық құрылысты сақтап келеді.
Латын Америкасының батыс бөлігінде Кордильера және Анд таулары
бірнеше мың километрге созылып жатыр. Мексика, Орталық Америка
мемлекеттері, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили мемлекеттерінің
аумағын негізінен осы таулар иелеген. Венесуэла мен Парагвайды да
осы таулар алып жатыр. Сондай-ақ Кариб теңізіндегі арал-мемлекет-
тердің жер бедері таулы, қыратты. Бразилия, Аргентина, Уругвай, Сури-
нам, Гаяна мемлекеттерінің аумағы негізінен ойпатты жазықтар мен бөл-
шектенген жайпақ таулы қыраттардан тұрады. Кордильера-Анд таулары
мен Кариб теңізіндегі аралдар cейсмикалық және жанартаулық тұрғыдан
Жер жүзіндегі ең белсенді аймақтар қатарына кіреді. Сондықтан Латын
Америкасындағы таулы мемлекеттерде оқтын-оқтын күшті жер сілкіну-
лер болып тұрады. Мысалы, 2010 жылы Чилиде, 2012 жылы Гватема-
лада, 2010 жылы Гаитиде болған апатты жер сілкінулердің зардабы бұл
елдердің халқына көп қайғы-қасірет әкелді.
Латын Америкасының кейбір елдерінде түрлі пайдалы қазбалардың
әлемдік шаруашылықта үлкен рөл атқаратын қорлары бар. Мысал үшін
айтатын болсақ, Венесуэла мен Мексика мұнай-газ ресурстарына, Бра-
зилия, Куба және Венесуэла – темір рудаларына, Ямайка, Бразилия, Ве-
несуэла, Гаяна, Суринам – боксит (алюминий) рудаларына, Чили мен
Перу – мысқа, Куба – никельге, Боливия – литийге, қалайы мен мине-
рал тұздарға, Чили – табиғи тұздарға, ал Колумбия асыл тастарға бай.
Аумағы негізінен ыстық климат аймақтарына орналасқандаықтан, Латын
103
Америкасы агроклимат ресурстарына да бай, ал егіншілік жұмыстары
жыл бойы жүріп жатады. Бірақ Орта Америкада тропикалық дауылдар
жиі тұратындықтан, тұрғындар мен шаруашылықтарға үлкен зиянын
тигізеді. Латын Америкасы климатының ылғалды болуына байланысты
сумен және гидроэнергия ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген. Ай-
мақтағы бірқатар мемлекеттер орман ресурстарына өте бай, бұл салада
Бразилия, Колумбия және Венесуэла елдері жетекшілік етіп келеді.
2017 жылғы мәліметтерге қарағанда, Латын Америкасы мемлекет-
терінде барлығы 650 миллионға жуық тұрғын жасайды, бұл Жер шары
халқының 8,5 пайызын құрайды. Өткен ғасырда Латын Америкасында
халықтың табиғи өсуі “демографиялық жарылысты” бастан өткізіп, ай-
мақ халқы мен оның дүние жүзі халқының құрамындағы үлесі жоғары
қарқынмен өсіп келген. Ал бүгінгі таңда Латын Америкасы мемлекет-
терінде туылу деңгейі бірте-бірте төмендеумен сипатталатын демогра-
фиялық өтудің 3-кезеңінде тұр. Ал Куба, Уругвай және Аргентина де-
мографиялық өту үдерісін аяқтап, халықтың табиғи көбеюінің төменгі
деңгейімен ерекшеленіп келеді.
Халқының саны жағынан бұл аймақта Бразилия (2016 жылы 206
млн., әлемде 5-орын) мен Мексика (2015 жылы 121 млн., әлемде 11-
орын) көш бастап келеді. Сондай-ақ Колумбия, Аргентина, Венесуэла
және Перу мемлекеттері халқының саны 20-50 млн адам аралығында
тұр. Бұлардан тыс Вест-Индиядағы кейбір “ергежейлі” арал-мемлекет-
терде халық саны 0,5 млн адамға да жетпейді.
Латын Америкасы мемлекеттерінің дені жоғары урбанизацияланған мем-
лекеттер тобына жатады. Атап айтқанда, қалалану көрсеткіші Аргентина-
да, Венесуэла мен Уругвайда 90 пайыздан, Бразилия мен Чилиде 80 па-
йыздан асады. Латын Америкасының Мехико, Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро,
Лима, Буэнос-Айрес, Санта-фе-де-Богота іспеттес ең ірі қалалары негізінде
әлем шеңберінде ең ірі болып саналатын қала агломерациялары пайда бол-
ды. Бірақ бұл “алып” қалаларда миллиондаған адамдар ауылдық жерлер-
ден келіп, аса көлемді алқаптарды алып жатқан қиранды массивтерде өмір
сүруде. Мысалы, Бразилияның Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу қалаларындағы
Фавела деп аталатын бұндай кварталдар “жалған” урбанизацияның типтік
түріне мысал етіп көрсетіледі. Бұндай шартты түрдегі қалалы жерлерде
әлеуметтік және экологиялық ортада үлкен ділгірліктер болатыны заңды.
Латын Америкасы халқының қазіргі нәсілдік құрамы сан қилы, ол
негізінен Еуропа отаршылығы кезеңінде қалыптасқан. Бұл аймақта еу-
Достарыңызбен бөлісу: |