«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Арал қаласы, Қ.Ерімбет көшесі, №68 үйде, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724-33) 2-25-70, 2-28-62. электронды пошта aralsk@taxkzil.mgd.kz,
«Б» корпусы уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы
ішкі конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Салық төлеушілермен жұмыс» бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, (С-R-4 санаты, 1 бірлік, индекс №21-0-5) (негізгі қызметкердің бала күтіміне болуына байланысты 30.09.2020 жылға дейін уақытша). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 95209,86 теңгеден 128834,16 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
Негізгі функционалдық міндеттері:
Салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді; өзіне бекітілген салықтар мен салықтық емес төлем көздері бойынша төлемгерлер есебін жүргізіп, салықтандыру базасын анықтап және декларациялар мен есептердің мерзімінде толық қабылдауын қамтамсыз етіп, олардың есептелетін төлемдер сомасын бет есептерге түсірілуін бақылайды. Өзіне бекітілген әрбір төлем түрі бойынша тұрақты түрде талдау жасап,тиісті мәліметтер базасын дайындайды.Өзіне бекітілген мерзімді бақылау тапсырмаларын тиісті мерзімінде сапалы орындалуына жауап береді.Заңды тұлғалардың және жекеше нотариустардың,жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс жасайтын және жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығы бойынша декларациясын қабылдайды және электронды түрде тапсырған салық есептілігіне бақылау түгендеу жұмыстарын жүргізеді.Тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер тапсырған салық есептілігіне бақылау,түгендеу жасайды.Есептілік тапсырмаған салық төлеушілерге салық заңдылығын жою мақсатында,уақытында хабарламалар береді және заң аясында жұмыстар атқарады.Қабылданған салық есептіліктеріне камералды бақылау жасайды,хабарламалар бередіКамералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған айырма бойынша қолмен хабарлама қалыптастырады.Хабарламаның орындалуына,бюджетке толық төлем тапсырмасымен өндірілуіне жұмыс жасайды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге қалыптастырылған хабарламалардың орындалуын бақылайды.Өзіне бекітілген алымдар мен салықтар бойынша мәліметтерін және уәкілетті органдармен салыстырмалы актілерін дайындайды.Басқармаға қарасты Сексеуіл өкілділікте орналасқан заңды тұлғалармен дара кәсіпкерлердң салық есептіліктеріне түгендеу жүргізеді.Есептілік тапсырмаған салық төлеушілерге салық заңдылығын бұзушылықты жою мақсатында хабарламалар береді және заңдылыққа сәйкес жұмыстар атқарады.Қабылданған салық есептіліктеріне камералды бақылау жасап,нәтижесімен хабарламалар беру жұмыстарын атқарады.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес ( экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік Әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, Арал қаласы, Қ.Ерімбет көшесі, №68 үй 5-кабинетте қабылданады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.
Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Екі және одан көп бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу барысында оған әр үміттенген бос лауазым үшін сұрақтар қойылады, және оғанқатысты жүргізілетін бағалаудың нәтижелері әр үміттенген бос лауазым бойынша бөлек бағалау парақтары толтырылады. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді. Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғанытуралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Бос лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар тең көлемде қойылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Үміткерлермен әңгімелесу «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, Арал қаласы, Қ.Ерімбет көшесі, №68 үйде өтеді.
Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады. Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн екі жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады. Қағиданың 13-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«ҚР ҚМ МКК ҚО МКД Арал ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ конкурстық комиссиясы
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және
орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс
телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |