90
содырлыққа (экстремизм) қарсы бірігіп әрекет жасау, қару-жарақ, есірткі зат-
тар мен заңсыз миграцияға қарсы күрес, экономикалық мәселелер бойынша
өзара ынтымақтастықты дамыту сияқтылар ұйымның негізгі мақсаты болып
табылады. Бүгінгі таңда ұйым құрамында әлемдегі құдіретті мемлекеттердің
үшеуі – Ресейдің, Қытай мен Үндістанның бірігіп жұмыс жүргізуі оның әлем-
дегі беделін арттыра түсуде.
Геосаяси жағдай, социалистік жүйе, капиталистік жүйе, буфер мемлекет, тынышсыз
аймақ,
геосасия мекен,
геосаяси қызығу, экономикалық интеграция.
1. АҚШ-тың әлемдік экономикада иелеген орнына баға бер. Оның саяси, әлеуметтік
және экономикалық өмірдегі беделінің артуына қандай себепшарттар әсер етуде?
2. Өзбекстан қандай интеграциялық бірлестіктер құрамында жұмыс жүргізіп келеді?
3. Дәптеріңе әлемдік экономикада үлкен маңызы бар интеграциялық бірлестіктердің
аттарын жаз.
§ 22. АДАМЗАТТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Өнеркәсіп пен ғылым-техниканың төңкерісі заманында адамзаттың
әлеу меттік-экономикалық дамуы түбегейлі өзгеріп барады. Бұл өзгеріс-
тердің нәтижесінде бірқатар көкейтесті, ықпалдылық дәрежесі әлемдік
қауымдастықты қамтитын, адамзаттың келешектегі әлеуметтік дамуын
белгілеп беретін проблемалар пайда болды. Бұл проблемалар адамзаттың
жаһандық проблемалары деп аталады және олардың шешімін табу жо-
лында барлық мемлекеттердің күш-құдіретін, мүмкіндік-әрекеттерін со-
ларды шешуге бағыттау мақсатқа сай келеді.
Жаһандық проблемалардың пайда болуы және оларды шешудің қиын-
дап кету себептері мыналар: дүние жүзі халқы санының қысқа уақыт
ішінде бірнеше есе көбеюі, өнеркәсіптің және оның тармақтарының же-
дел қарқынмен дамуы, адамның шаруашылық қызметінің әсерінен табиғи
ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуы, әлемдік шаруашылықтың халықаралық
экономикалық байланыстардың нығаюы есебінен бірыңғай жаһандық
жүйе ретінде қалыптасуы, ғылыми-техникалық төңкеріс пен заманалық
ақпарат-коммуникация технологияларының кері салдарлары, мемлекеттер
мен саяси күштер ортасында қайшылықтардың күшеюі тағысын тағылар.
Негізгі жаһандық проблемалар қатарына мыналар енгізіледі: бейбіт-
шілікті сақтау және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы;
экологиялық проблема; дамып келе жатқан мемлекеттердің әлеуметтік-