34
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шетел тілі пәні мұғалімдерінің қабілеттерін арттыру жолдары //Хабаршы.-
Түркістан, 2005 ж. - №5. - 193-195 бб.
2. Оқытудағы жаңа технология негізінде жүзеге асырудағы кейбір мәселелер
//Ізденуші.- Шымкент, 2006 ж. - №1.- 129-135 бб.
3. Болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлаудың дидактикалық шарттары //Ұлт
тағылымы.- Алматы, 2007 ж. - №1. - 104-107 бб.
4. Болашақ ағылшын тілі пән мұғалімдерін даярлау мазмұнындағы білім мен
іскерліктердің сипаты // Ізденіс.- Алматы, 2007 ж. - №4. - 272-277 бб.
5. Болашақ ағылшын тілі пән мұғалімдерін даярлауды педагогикалық тапсырмалар
тұрғысынан жетілдіру: Тіл саласында білім беруге арналған Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияның материалдары. - Қарағанды, 2007 ж. - 210-213 бб.
6. Ә.Қ.Қасымов, Т.Ж.Увалиева. «Оқыту технологиялары». Кітап, 2007 ж.
БАСАПА ИШАН ЖАЙЛЫ...
М.Рауан
1
, М.Есімова
2
Сырдария ауданындағы №130 Абай орта мектептің 9 сынып оқушысы
1
, тарих пәні мұғалімі
2
Қазіргі
Ақжарма
ауылында
(бұрынғы Ильич совхозы) Басапа ишан
атындағы мешіт бар. 20 жылға жуық
уақыттан бері ауыл тұрғындары осы
мешітке барып, құдайға құлшылық етіп
келеді. Кеңес үкіметі орнап, мешіт-
медресе атаулыны жермен жексен
еткен, молда, ишан, ахундарды елден
аластап, кӛзін жойған заманда, дініміз,
тіліміз, болмысымыз ұмытыла бастады.
Ұмытылып, жойылған құндылықтардың
арасында, заманында халық пір тұтқан,
қасиеттеп, қастерлеген, халқына, еліне
қызмет еткен тұлғалар да болды.
Олардың халыққа жасаған игі істері
түгілі, аттары да аталмай, ұмытылып
кете барды. Тақырыбыма арқау болып
отырған тұлға – Басапа ишан есімі де
ұмытылғалы тұрған, ескерусіз қалған
ата-бабаларымыздың
бірі.
Атында
мешіт болғанымен, бұл кісі жайлы кӛне-
кӛз қарияларымыз ғана білетіні айқын.
Бүгінгі ұрпақ түгілі тіпті ел ағаларының
ӛзі де бұл адам туралы біле бермейді.
Менің мақсатым – Басапаның есі-
мін жыр етіп айтуға тұрарлықтай адам
болғанын, қазір ешкім естімегенімен,
уақытында бір қауым елдің пірі, қадір
тұтатын ер – азаматы болғандығын,
елге, болашақ ұрпаққа жариялау.
Сонымен, Басапа кім болған?
Қазіргі Жалағаш ауданы, Ақарық
елді мекенінде Аламесек дейтін орта-
лық болған. Осы жерде сарықасқа, тама
халқы тұрады. 1850 жылы 13 жасар
Алдаберген (қажы) баланы еліне алып
келеді. Сейітасқар баласы Алдаберген
қажы Басапаның әкесі Алдаберген қажы
Аламесекте мешіт ұстап, ұрпағын
ӛрбіткен, халқының кӛзін ашқан, діни
сауатты кісі болған. Балаларын да діни
оқытқан адам.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
151