В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет40/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65

91 
үдерісінде  жоғары  деңгейдегі  көрсеткіші  аталған  компоненттердің  жоғары 
дамуы  және  олардың  біртұтас  бірлігі  болып  табылады.  Көрсеткіштердің 
қалыптасу  дәрежесіне  білім  алушы  орналасқан  аграрлық  саладағы  зерттеу 
университеті студентінің зерттеушілік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейі және 
оның  ары  қарайға  зерттеушілік  өзін-өзі  дамыту  траекториясы  тәуелді. 
Сондықтан  кәсіптік  дайындық  үдерісінде  зерттеу  университеті  студенттерінде 
озық  білім  беру  технологиялар  негізінде  зерттеушілік  құзыреттілікті 
қалыптастырудың  педагогикалық  шарттарын  анықтау  қажеттілігі  пайда 
болады.  Зерттелініп  отырған  сапаны  қалыптастыру  үшін  білім  беру  үдерісінің 
әлеуметтік  мүмкіндігінің  үдерістік  жақтарын  қарастырамыз.  Бақылау 
көрсеткендей,  университеттік  білім  беру  жүйесінде  студенттерді  зерттеушілік 
әрекеттегі  белсенділікке  жеткіліксіз  ынталандырады:  білім  беру  үдерісі 
субъектілерінің  өзара  әрекеттестігінің  қызметтік  аймағы  болмайды; 
қатысушыларының  барлығы  өзінің  кәсіптік  өзіндік  даму  траекториясын  өз 
бетінше  құруға  қабілетті  болғанда  жағдай  жасамайды;  студенттердің 
зерттеушілік  тұғырын  шынайы  қалыптастыруда  мүмкіндіктер  жүйесін 
ұсынбайды;  орындалатын  кәсіптік  іс-әрекетте  студенттердің  аталған 
ұстанымын  іске  асырудың  әдістері  мен  құралдары  жеткіліксіз  қамтылған. 
Осыған  орай,  аталған  дақтардың  орнын  толтыратын  курс  мазмұнын  ұсыну 
логикалық  шешімге  әкеледі.  Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті 
студентініңзаман  талабына  және  зерттеу  университеті  студенттері  сұранысына 
сай  бағытталған  «Зерттеу  университетінде  озық  білім  беру  теориясы  мен 
тәжірибесі»  атты  элективті  курс  ұсынамыз.  Сонымен  қатар,  аталған  үдерісті 
тежейтін, 
анықталған 
кемшіліктерді 
ескеріп, 
зерттеу 
университеті 
студенттерінде  озық  білім  беру  технологиялары  негізінде  студенттерде 
зерттеушілік  құзыреттілігін  сәтті  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  оқу 
үдерісін  (яғни  педагогикалық  шарттарды)  ұйымдастыру  формалары  мен 
әдістерінің,  жаңа  идеялардың  объективті  қажеттілігі  мен  ары  қарайғы  тексеру 
пайда болады. Бірақ, ең алдымен, «шарт» түсінігінің мәнін нақтылаймыз. 
«Шарт»  астарында  әлденені  тәуелді  қылатын  жағдайлар  жиынтығын 
түсінеміз.  Бұдан  бөлек,  шарттар  әлдене  жүріп  жатқан  жағдаятты,  ортаны 
құрайды,  «педагогикалық  шарт»  астарында  педагогикалық  үдерістің  шаралар 
жиынтығын  (объективті  мүмкіндіктер)  түсінеді.  Шаралар  жиынтығы  ретінде 
оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру формалары 
көрініс табады. 
Педагогикалық  шарттар  қандай  да  бір  мөлшерде  белгілі  бір  нәтижеге  қол 
жеткізуді саналы түрде ұйғаратын оқу үдерісінің ағымы тәуелді болған сыртқы 
жағдайларды білдіреді. 
Кәсіптік  даярлау  үдерісінде  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті 
студентінің  озық  білім  беру  негізінде  зерттеушілік  құзыреттілігін 
қалыптастырудың  бірінші  шарты  білім  мазмұнының  қазақ  тілімен  қатар 
ағылшын  тілінде  де  берілуі.  Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті 
студенттерінің  зерттеушілік  құзыреттілікті  қалыптастыруға  бағытталған 
ағылшын  тілінде  берілген  білім  мазмұны  студенттердің  оқу  танымдық 


92 
мотивациясын арттырады деп санаймыз. Біздің түсінігімізде, ағылшын тілін оқу 
үдерісінде  зерттеу  университеті  студенті  ақпаратпен  жұмыс  істеу  білімдерін, 
біліктерін; халықаралық қарым-қатынас тілінде баяндама, эссе, абстракт, тезис, 
ғылыми  мақала  және  дипломдық  жұмыс  жазу  дағдыларын;  зерттеуге  қажетті 
ақпаратты  әлемдік  базаларды  қолдану  арқылы  ақпарат  іздеу,  табылған 
ақпаратты іріктеу сияқты дағдыларды қалыптастыруда түйінделеді. 
Кәсіптік  даярлау  үдерісінде  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті 
студентініңзерттеушілік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  екінші  шарты  оқу 
ақпаратын қабылдау үдерісінде білім алушының сенсорлы жүйесін қосу болып 
табылады (мультимедиа және интернет-технологияларды белсенді қолдану). 
Уақытта  дамитын  үдерістерді  модельдеу,  бұл  үдерістердің  параметрлерін 
интербелсенді  ауыстыру  мультимедиялық  оқыту  жүйелерінің  маңызды 
дидактикалық 
артықшылығы, 
мысалы, 
ғаламторға 
қосылатын 
дәріс 
аудиториясында оқытушы ақпаратты сақтау мен таратудың әртүрлі қызметтері 
арқылы  (Slideshare,  Google  Docs  және  т.б.)  қажетті  сервистік  қызметке  кіріп, 
тақырып  мазмұнымен  шартталған  қажетті  өнімді  «іске  қосса».  Жүргізудің 
көптеген  сервис  қызметтері  бар:  видеоконференциялар  (студенттермен 
виртуалды  кездесулер  өткізу),  студенттердің  оқу  жобаларын  жүргізуге  болады 
(веб-квесттер),  веб-квестке  қатысу  шынайы  практикада  болуы  мүмкін 
жағдаятты  модельдеуге,  ойнауға  болады,  яғни  веб-квесттер  практикалық 
кәсіптік тапсырмаларға бағдарланған [159]. 
Campus.ru  –  студенттер  мен  жас  мамандарға  арналған  әлеуметтік  желі, 
онда  білім  алушылар  зерттеу  тақырыбы  бойынша  электронды  талқылау, 
вебинарлар  ұйымдастыра  алады.  Бұдан  бөлек,  порталда  wiki-оқулықтар 
қолжетімді. 
Әлемдік  тәжірибедегі  зерттеу  университеттері  тәжірибесін  талдай  келе, 
барлық  университеттерде  «Academic  Writing»  академиялық  жазу  дағдыларын 
қалыптастыруға  бағытталған  курстар,  видео  курстар  қызмет  көрсететін 
анықтадық.  Курс  бірнеше  сериядан  тұрады.  Әр  серия  академиялық  жазу 
дағдыларының әр тұстарын түсіндіруге бағытталған [160]. 
А.М. Әбдіров заманауи ақпараттық технилогияларды ауылшаруашылығы-
инженерлік  білім  беру  саласында  қолданудың  мамандар  даярлау  үдерсініде 
тиімділігін өз зерттеулерінде қарастырған [61, б.15]. 
Осылайша,  мультимедиялық  өнім  ақпараттардың  үлкен  және  әрқилы 
көлемін  бірге  сақтауға  мүмкіндік  береді,  берілген  уақытта  қызықтыратын 
блогтарды  таңдауға  болады,  ақпаратты  қабылдаудың,  қолдану  мен  қайта 
өзгертудің тиімділігін арттырады. Аталған қорлар ойлаудың алгоритмдік стилін 
дамытады, қолайлы шешім қабылдау, ретті әрекет ету білігін қалыптастырады; 
білім алушылардың іс-әрекетінің алуан түрлі формасын іске асыруға мүмкіндік 
береді,  жеке  дара  өзіндік  білім  берушілік  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  жағдай 
жасайды,  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі  жетілдіру  дағдыларын  қалыптастырады, 
жүзеге асатын іс-әрекеттегі жеке мүмкіндіктерін адекватты бағалауға мүмкіндік 
береді.  Зерттеушілік  құзыреттілікті  қалыптастырудың  үшінші  маңызды  шарты 
–  теориялық материалдың  практикалық  жаттығулармен  бекітілу  бағыттылығы. 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау