Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет58/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   110

178 
 
 
•   
•  пайда  болған  терезеде  басқа  ұяшықтардың  жылжу  бағытын  таңдау, 
ОК батырмасын басу. 
Жолдарды, бағандарды, ұяшықтарды жою: 
•  жолды, бағанды немесе ұяшықты белгілері;  
•  Түзету мәзіріне кіру және Жою командасын таңдау.  
Жолдар,  бағандар,  ұяшықтардың  өзін,  сондай-ақ  тек  олардың 
мазмұнын  жоюға  болады.  Ол  үшін  ұяшықты  белгілеп,  Түзету,  Тазалау, 
Барлығы  немесе  Түзету,  Тазалау,  Мазмұны  мәзіріне  кіру  немесе  жай 
[Delete] пернесін басу.  
Меңзердің  әртүрлі түрлері.  Excel    электрондық  кестесінде  ағымдағы 
функция  меңзерді  кесте  бойынша  ауыстыру  кезінде  қандай  түр 
қабылдайтынына тәуелді өзгереді (3.9-кесте).  
Кестені құрастыру технологиясы. Мысал ретінде қарапайым кестені 
–  сатып  алынған  тауарға  шоттарды  құру  бойынша  операциялардың 
жүйелілігін қарастырамыз 
Excel  кестелік  редакторын  жүктейміз.  Кітаптың  негізгі  баптауларын 
орнатамыз:  тек  екі  панельді  қалдырамыз  –  Стандартты  және  Пішімдеу
ал  қалғаны  алып  тастаймыз;  100%  масштабты  орнатамыз;  қаріпі  –  әдепкі 
қалпы бойынша (әдетте Times New Roman, өлшемі 10, таңдаусыз); 
Кесте  басының  мәтінін  тереміз,  қазіргі  жағдайда  –  баған  атаулары 
(3.58-сурет).  Ұяшыққа  мәтін  енгізгенде,  егер  ол  оның  өлшеміне  сәйкес 
келмесе,  онда  көрші  ұяшықтарға  жүгіре  бастайды.  Экранда  ол  қанша 
ұяшықты  алса  да,  шын  мәнінде  ол  толығымен  ағымдағы  ұяшықта 
орналасады  (бұл  жағдайда  А1).  Мәтінді  Формула  жолағында  түзету 
әлдеқайда ыңғайлы.  
Содан  кейін  бастаманы,  яғни  кестенің  жолдарының  атаулары  тереміз 
(3.59-сурет).  (Бұл  жағдайда,  бұл  тауардың  атауы.)  Бұл  жерде  мәселелер 
туындауы мүмкін. Мысалы, ұяшыққа бірнеше сөзден тұратын ұзақ атауды 
енгізу  қажет  болса,  онда  пішімдеуден  кейін  кесте  стандартты  параққа 
сәйкес  келмейтіндей  кең  болып  қалады.  Бұл  жағдайда  ұяшықтың  мәтінін 
бірнеше жолға орналастырған дұрыс. Бұл жағдайда келесі түрде жасайды. 
Пішім,  Ұяшықтар  мәзіріне  кіреміз,  Туралауды  белгілейміз.  Көрсету 
бөлімінде  Сөз  бойынша  ауыстыру  кішкене  терезесінде  жалаушаны 
қоямыз. Енді ұяшықтағы мәтін ыңғайлы орналасатын болады (3.59-суретті 
қараңыз).  
Келесі  қадамда  сәйкес  ұяшықтарға  сандық  мәндерді  енгіземіз.  Бұл 
жағдайда,  бұл  «Бағасы»  және  «Саны»  бағандары.  Бірдей  мәндері  бар 
кестенің бағандарын толтырған кезде, ұяшықтардың мазмұнын көшіру 
3.58-сурет. Баған 
атауларының жинағы 


179 
 
 
3.59-сурет. Атаулардың жинағы         3.60-сурет. Жолдың 
толтырылған  
  
   
 
 
 
кестесі  
функциясын  пайдалану  ұсынылады.  Мұны  істеу  үшін  жоғарғы  ұяшықты 
белгілеп,  меңзерді  оның  оң  жағындағы  төменгі  бұрышына  қойып,  пайда 
болған  айқашықпен  кестенің  соңына  дейін  тарту  қажет.  Біздің  кестеміз 
шамамен 3.60-суретте сияқты түрді қабылдайды.  
Оны  қабылданған  нормаларға  сәйкес  келтіру  үшін  кестені  пішімдеу 
қажет.  Бұл  үшін  бірнеше  тәсілдер  бар.  Ең  оңай  жолы  –  кестені  белгілеп, 
Пішім  мәзірінен  Автопішім  таңдау.  Сонымен  бірге  ұяшықтардың  ені 
автоматты  түрде  мәтін  келесі  ұяшықпен  кесілмейтіндей  өлшемге  дейін 
ұлғаяды.  Егер  ұсынылған  нұсқалардың  ешқайсысы  бізді  жайғастырмаса, 
кестені  қолмен  пішімдеуге  болады.  Мұны  істеу  үшін  Пішімдеу  панелінде 
сәйкес  батырманы  пайдаланып,  кестенің  шегін  рәсімдеу  нұсқасын  таңдау 
қажет. . Бірақ бұған қоса кесте ұяшықтарының ені бұрынғыдай қалатынын 
есте  сақтау  қажет.  Барлық  мәтін  кестенің  ұяшығында  пайда  болуы  үшін, 
тағы бір операцияны – Пішім/Баған/Енін автотаңдау мәзірін жасау қажет. 
Осыдан кейін кесте шамамен осындай түрде болады (3.61-сурет).    
Кестеге  біз  негізгі  бастапқы  деректерді  енгізгеннен  кейін, 
формулаларды  енгізуге  көшеміз.  Тінтуірді  шертумен  есептеу  нәтижесі 
пайда болатын ұяшықты белгілейміз – біздің жағдайда D2 – және = B2*C2 
формуласын енгіземіз. Ұяшықтың мекенжайын қолмен терудің қажеті жоқ 
–  жай  ғана  сәйкес  ұяшық  бойынша  шерту  жеткілікті,  онда  оның 
мекенжайы белгіленген ұяшықта, сондай-ақ Формулалар жолағында пайда 
болады ұяшықта (3.62-сурет). 
[Enter]  пернесін  басқаннан  кейін,  ұяшықта  есептеудің  нәтижесі  пайда 
болады.  Формуланы  кестенің  әрбір  жолына  енгізбес  үшін,  формуланы 
көшіру  функциясын  пайдалануға  болады.  Мұны  істеу  үшін  қайтадан 
бастапқы  ұяшықты  белгілеп  (бұл  жағдайда  D2),  меңзерді  оның  оң  жақ 
төменгі бұрышына қойып, белгілеуді бағанның соңына дейін созу. 
 Сонымен бірге жол нөмерінің 
аргументтері  автоматты  түрде 
өзгеретін  болады  және  бағанның 
келесі ұяшығында сәйкесінше  B3, 
B4 және т.б. тұратын болады.  
 
 
3.61 Сурет. Форматты кесте 
 


180 
 
 
3.62-сурет. Кестенің 
ұяшығына формула еңгізу 
Сатып  алу  бағасының  2%  құрайтын  маусымдық  жеңілдік  бар  делік.  
Оны есептеу үшін, біріншіден, кестеде жаңа бағанды  құру қажет, ол үшін 
жай  ғана  E1  ұяшығын  белгілеп,  оның  ішіне  «Жеңілдік  2%»  мәтінін  теру 
керек.  Екіншіден,  E2  ұяшығында  =D2-(D2*2  %)  формуласын  теріп,  осы 
формуланы  кестенің  барлық  жолдарына  көшіру  үшін  бағанның  соңына 
дейін  белгілеуді  созу  керек.  Соңында,  «БАРЛЫҒЫ»  кестесінің  соңына 
тағы  бір  жол  қосып,  E5  ұяшығын  таңдап,  Автосомма  батырмасына  басу 
қажет. Қажет болған жағдайда кестені қайта пішімдеуге болады, сол кезде 
ол 3.63-суреттегідей түрді қабылдайды.  
Мұндай  күйде  кесте  қолдануға  дайын.  Әрине,  мұндай  кестені  Word 
редакторында да жасау оңай, бірақ Excel кестелік редакторында құрылған 
кестелердің  бірқатар  маңызды  артықшылықтары  бар.  Ең  алдымен, 
ұяшықтардағы  сандық  мәндерді  өзгерткен  кезде,  кесте  барлық  соңғы 
мәндерді  автоматты  түрде  қайта  есептейді.  Екінші  артықшылығы  үлкен 
кестелерді  жасау  мүмкіндігімен  байланысты.  Есептік  жазбаны  үш 
позицияға  емес,  жүз  және  одан  да  көп  бағанға  жазу  керек  болса,  онда 
мұндай  кестені  Excel  кестелік  редакторында  құрастырған  оңайырақ 
болады,  себебі  оның  мәтіндік  редактор  иеленбейтін  әртүрлі  қосымша 
функциялары бар. 
Мысал  ретінде  логикалық  функцияларды  пайдалануды  қарастырамыз. 
Мысалы,  100  данадан  асатын  тауарларды  сатып  алуға  10%  көтерме 
жеңілдік бар.  
Келесі баған «Көтерме сауда» деп атаймыз. Мұны істеу үшін, меңзерді 
F2  ұяшығына  орнатып,  Функциялар  шеберін  қолдану  қажет.  Содан  кейін 
Стандартты панельдегі Қою, Функциялар батырмасына басу;  пайда бол- 
 
3.63-сурет. Автосоманы қолдану 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау