Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет56/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   110

171 
 
 
 
 3.51-сурет. Градиентті толтыру 
Осыдан  кейін,  фигуралық  мәтін  және  онымен  жұмыс  істеу  панелі 
пайда болады.  
Нәтижесінде  кез-келген  құттықтау  картасын  сәндеуге  болатын  жақсы 
жазба  аласыз  (3.53-сурет).  WordArt  панелінің  көмегімен  мәтінді  енгізген 
безендірудің  кез  келген  белгілерін  өзгертуге  болады.  Панель 
батырмаларының мақсаты 3.54-суретте келтірілген.   
Құжаттардың  үлгілері.  Word  бағдарламасында  әртүрлі  құжаттарды 
жасауды жеңілдету үшін әртүрлі үлгілер бар. Үлгі – бұл жалпы ақпарат 
 
 
3.52-сурет. WordArt жиыны 


172 
 
 
  
пен 
құжатты 
рәсімдеуді 
қамтитын 
дайындама,  бланк.  Осы  мүмкіндіктерді 
пайдалану үшін: 
Файл  мәзіріне  кіріп,  Құру  командасын 
таңдау;  
құжаттың  түрін  таңдап,  бар  мәтінді 
ауыстырып, құжатты біржолата аяқтау;  
құжатты құрып, оны Алдын ала қарап алу 
режимінде қарап шығып, оны сақтап, баспаға 
шығару қажет.  
Іс  жүзінде  барлық  кеңселік  қосымшаларда  өз  үлгілерінің  жиынтығы 
бар.  Үлгілердің  стандартты  кітапханасы,  сондай-ақ  сурет  кітапханасы 
Интернет  желісінен  http:\\www.microsoft.com  мекенжайы  бойынша  табуға 
болатын  Microsoft  фирмасының  сайтынан  толтырылуы  мүмкін.  Сонымен 
қатар,  ең  жиі  кездесетін  құжаттар  үшін  өзіңіздің  үлгілер  жиынтығын 
жасауға болады.  
Баспаға  шығару.  Құжатты  басып  шығару  оңай  жүргізіледі,  бірақ 
сонымен  бірге  бұл  өте  маңызды  сәт.  Негізінде  бұл  үшін  Стандартты 
панельдегі  басып  шығару  батырмасын  басуыңызға  болады.  Алайда, 
осындай  қысқартылған  әдісін  тек  басып  шығару  опцияларының  дұрыс 
баптауларына  толық  сенімді  болсаңыз  ғана  қарапайым  бір  беттік 
құжаттарды  басып  шығарғанда  ғана  пайдалануға  болады.  Егер  мұндай 
сенімділік  жоқ  болса,  онда  анағұрлым  ұзақ,  есесіне  сенімді  жолмен  бару 
керек.  
Ең  алдымен,  принтердің  жүйеге  қосылғанын  және  жасыл 
индикатормен көрсетілетін белсенді күйде екенін тексеру қажет.  
Содан  кейін  лотокта  қағаздың  бар  болуын  тексеру  керек.  Егер  бәрі 
жақсы болса, басып шығара аласыз. 
Құжаттарды  басып  шығару  үшін  басып  шығару  үшін  келесі  тәртіпте 
жалғастыру қажет:  
Файл, Алдын ала қарап алу мәзіріне кіріп, құжаттың дәл сәйкес болуы 
керек екеніне көз жеткізіңіз. Бұл бірнеше беттік құжаттарды басып шығару 
алдында өте маңызды; 
3.53-сурет. Фигуралық 
мәтіннің үлгісі 
Жазбаның 
мәтінін өзгертеді 
Фигуралық 
жазбаны 
қосады, 
Мәтінге 
мәнерлілік 
береді 
Туралауды 
қосады 
Жазбаның ^ 

стилін өзгертеді 
Жазбаның 
 ----------— ------  форматын өзгертеді 
Жазбаны айналдыру 
Әріптер 
арасындағы 
қашықтықты 
өзгертеді 
Жазбаны тік 
орналастырад
ы 
Барлық  әріптерді 
үлкен 
етіп 
жасайды 
3.54-сурет. WordArt панелі 


173 
 
 
 
 3.55-сурет. Басып шығару баптаулары 
Файл мәзірінен Басып шығару... тармағын таңдау;  
пайда  болған  терезеде  (3.55-сурет)  принтердің  түрін  тексеріңіз; 
құжаттың  қандай  беттері  басып  шығарылатынын  белгілеңіз;  көшірмелер 
санын орнатыңыз және OK батырмасын басыңыз.  
Болашақта  басқа  құжаттарды  басып  шығарғанда,  басып  шығару 
опцияларының  орнатқыштарын  тексерусіз,  Стандартты  Құралдар 
панеліндегі тиісті батырмамен бірден пайдалануға болады.  
Айта кету керек, заманауи принтерлер әдетте төтенше жағдайда басып 
шығаруды үзу функциясы  жоқ. Үлкен көп бетті құжат басып шығарылды 
делік.  Және  бірінші  парақтарда  орналасудағы  кемшіліктер  анықталды. 
Басып шығаруды қалай тоқтатуға  болады? Ешқандай  жағдайда  принтерді 
өшіруге  болмайды  –  кезекті  бет  принтердің  жолында  тұрып  қалады  және 
оны  суырып  алу  өте  қиын  болады  (бәлкім,  қазіргі  заманғы  лазерлік 
принтерлерде  желілік  қоректі  өшіргіш  батырмасы  жоқ).  Басып  шығару 
диспетчерін шақырып, ағымдағы құжатты басып шығару опциясын өшіру 
қажет, бірақ ол көп уақытты алуы мүмкін. Басып шығаруды шұғыл түрде 
тоқтатудың  ең  оңай  жолы  –  лотоктан  барлық  таза  қағазды  жылдам  алып 
тастау. 
Бақылау сұрақтары 
1.  MS Office пакетінің құрамына кіретін бағдарламаның құрамы мен мақсатын 
атаңыз. 
2.  Бір бағдарламалық өнімнің әртүрлі нұсқалары не үшін әзірленеді? 
3.  Word мәтіндік редакторының мақсаты мен сипаттамаларын көрсетіңіз. 
4.  Сіздің компьютеріңізде мәтіндік редактордың қандай нұсқасы орнатылған? 


174 
 
5.  Мәтіндік  редакторда  құжаттарды  құру  бойынша  жұмыстың  негізгі 
кезеңдерін атаңыз.  
6.  Редактордың негізгі баптауларын атаңыз. 
7.  Құжаттың негізгі баптауларын атаңыз. 
8.  Мәтінді теру ережесін атаңыз. 
9.  Сіз мәтінді пішімдеу мен түзетудің қандай негізгі әдістерін білесіз? 
10. Тізімді қалай құруға болады? 
11. Кестені құрудың негізгі тәсілдерін атаңыз. 
12. Кестелерге қосымша жолдар мен бағандарды қою қалай жүргізіледі? 
13. Кестедегі есептеулердің дұрыстығын қалай тексеруге болады? 
14. Құжаттарды рәсімдеудің негізгі құралдарын атаңыз. 
15. Қандай жағдайларда құжаттардың үлгілерін пайдалану мақсатты? 
16. Құжатты басып шығару үшін әрекеттердің жүйелілігін анықтаңыз.  
17. Басып шығару параметрлерінің негізгі тармақтарын сипаттаңыз. 
3.2.3.  Excel кестелік редакторы  
Excel  кестелік  редакторы,  сондай-ақ  Word  мәтіндік  редакторы 
Microsoft  Office  кеңселік  қосымшалар  пакетінің  жиынтығына  кіреді.  Бұл 
бағдарлама кестелерді жасау үшін, диаграммаларды құру және  кез келген 
күрделі  дәрежелі  есептеулерді  жүргізу  үшін  қуатты  құрал  болып 
табылады. Word мәтіндік редакторында сонымен қатар  кіріктірілген кесте 
редакторы бар, бірақ оның мүмкіндіктері Excel мүмкіндіктеріне қарағанда 
әлдеқайда қарапайым. Кестені құруға арналған құралды таңдағанда, келесі 
түсініктерді ұстанған жөн:  
егер  Word  бағдарламасында  жасалған  мәтіндік  құжатқа  біршама 
қарапайым  және  өлшемі  бойынша  шағын  кестені  қою  қажет  болса,  онда 
кірістірілген кестелік редакторды пайдаланған оңай;  
егер  барлық  құжатта  кестелік  пішім  болса  (жұмыс  жоспары,  есептер 
жиі  кесте  түрінде  жасалады),  онда  Excel  кестелік  редакторын  пайдалану 
ыңғайлы;  
егер  кестеде  күрделі  есептер  бар  болса  (бухгалтерлік  есеп  және  т.б.), 
сөзсіз, Excel бай мүмкіндіктерін пайдаланған жөн.  
Пайдаланушының  (интерфейс)  негізгі  функцияларын  анықтайтын 
Excel  терезесінің  көрінісі  Word  бағдарламасына  өте  ұқсас,  бұл 
бағдарламаны игеруді жеңілдетеді (3.56-сурет). 
Excel  бағдарламасын  жүктеу  үшін  Іске  қосу  батырмасын  басу  керек; 
Бағдарламалар  тармағын  таңдау;  бағдарламалар  тізімінде  Microsoft  Excel 
тармағын тінтуірмен шерту. 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау