Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет22/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110

65 
 
С а н д ы қ   с а қ т а у .  Дисктер  көшіруден  сақтаудың  тағы  бір  түрі  бар. 
Ол  үшін  жетектің  қызметтік  шегінде  64-биттік  сәйкестендіруші  номері 
жазылады  (disk ID).  Осы номер арқылы  дисктің ішіндегі  ақпарат арнайы 
алгоритм бойынша шифрленеді. Осындай дискті оқу кезінде бірінші болып 
disk  ID  оқылады,  ол  соның  көмегімен  видео  белгіні  түсініп  оқиды. 
Осындай  дискті  көшіру  кезінде  бірегей  disk  ID  емес,  тек  ақпараттар 
көшіріледі,  сол  себепті  көшірілгенді  оқу  мүмкіндігі  болмайды.  Осы 
әдістерден өтудің бірнеше жолдары бар, бірақ олардың барлығы заңсыз. 
DVD-ға 
жазу.  Қазіргі  таңда  жазылатын  DVD-дің  бірнеше 
стандарттары  қолданылады:  DVD-RAM,  DVD-RW,  DVD+RW,  DVD-R. 
Өкінішке  орай осы форматтар бір бірімен сәйкес келмейді. Кәдімгі DVD-
ROM жетегі осы форматтардың кейбіреуін оқи алмайды. Ол дербес DVD-
плейерге  де қатысты  болады. Жетектің тағы  бір әмбебап түрі бар  -  DVD-
multi.  Осы  атауындағы  жетек  DVD-R,  DVD-RW  және  DVD-RAM  оқиды 
және 
жаза 
алады. 
Жазу 
форматтарының 
және 
сәйкес 
тасымалдаушылардың    көп  түрлігіне  байланысты  жазу  және  дыбыстау 
құрылғыларының, әр түрлі дисктердің үйлеспеу мәселесі туындайды. 
Бірақта,  стандарттар  сәйкестендіріліп  және  қазіргі  форматтардың 
орнына  жазу/дыбыстаудың  бір-екі  сәйкестендіруші  форматтың  келуіне 
ешқандай күмән жоқ. 
DVD-R  –  дегеніміз,  жазылатын  DVD-дің  ең  алғашқы  форматы,  СD-R-
ға  ұқсас  қылып  жасалынған,  сол  себепті  онымен  көптеген  жалпылай 
үйлесімдері бар. Жалпы DVD-R-дискісі 80 немесе 120 мм бір қабатты, 1,2 
мм қалыңдықтағы оптикалық диск. DVD-R дисктерінің екі қабатты түрлері 
де  бар.  Олар  желімделген  қабатымен  бөлінген  екі  жарық  шағылдырғыш 
қабаттан  тұрады. DVD-R жазу принципі алдыңғы  СD-R-кі сияқты  бірдей. 
Жұмыс  қабығы  лазер  сәулесінің  жоғары  күшінің  ықпалымен  өзінің 
сипатын  өзгертеді.  DVD-R  СD-R-ға  қарағанда  жіңішке  жолдары  мен 
жазудың мүлде басқа форматы бар. СD-R сияқты DVD-R дискі  100 жылға 
жететіндей бірақ бір рет қана жазылады. 
Бір реттік жазылым дисктерін ойлап табудан кейін бірнеше рет жазуға 
болатын  дисктер  ойластырылды.  Осылайша,  СD-RW-ның  принциптеріне 
ұқсас  DVD-RW пайда болды:  дәл сондай  лазер, қолданылады,  дисктердің 
форматтары  бірдей.  Артықшылығы,  тек  жабындысында  ғана.  Жұмыс 
қабаты ретінде кәдімгі СD-RW сияқты әр түрлі қуаттағы  лазер сәулесінің 
ықпалымен өзінің сипатын бірнеше рет өзгерте алатын жұмыс қабығынан 
тұрады.  Теория  тұрғысынан  екі  жақты  DVD-RW  құруға  мүмкіндік  бар, 
бірақ қазіргі кезде ондай үлгілер жоқ. 


66 
 
 
 
 
Бір  жақты  DVD-RW  дисктерінің 
көлемі  4,7  Гбайт  құрайды. 
Өндірушілердің  айтуы  бойынша, 
DVD-RW  дискілері  1000  реттен 
көп  емес  рет  қайта  жазылуы 
мүмкін. 
Ақпаратты  DVD-RAM-ға  (2.31-
сурет) (DVD-Random 
2.31-сурет. DVD-RAM      
         Access Memory) жазудың  
принциптері DVD-RW-ға ұқсас  
болып  келеді  –  лазер дисктің сыртын  қыздырады,  нәтижесінде жұмыс 
қабатының  оптикалық  сипаты  өзгертіледі.  DVD-RAM  дискілерінің 
басты  ерекшелігі  оны  өндіру  кезінде  дискке  (бос  дискке)  арнайы 
белгінің  болуында.  Осы  белгілер  секторлардың  басталуын  көрсетеді. 
DVD-RAM-ның  артықшылығы  FAT32  кәдімгі  файлды  жүйесінде  оны 
тазарту мүмкіндігінде. DVD-RAM дискілері бір және де екі жақты бола 
алады. Бір жақты  DVD-RAM көлемі 4,7 Гбайт, екі жақты  –  9,4 Гбайт. 
Жазу үшін диск картриджде болуы тиіс, ол барлықтарынан DVD-RAM 
дискілерінің  тағы  бір  айырмашылығы,    ол  картридждер  әдетте 
жасырылып  тұрады.  Егер  де  DVD-RAM  дискін  картриджден 
шығаратын  болса,  оны  кәдімгі  DVD-RAM  жетегінде  қолдануға 
мүмкіндік пайда  болады. Өндірушілердің  пайымдауы  бойынша.  DVD-
RAM  дискілері  100  мыңнан  кем  емес  қайта  жазылуы  мүмкін  және 
жазылым дискте 30 жылдан кем емес уақыт бойы сақталады. 
DVD+RW  форматының  нақты  мәртебесі  жоқ,  яғни  сәйкес 
халықаралық  ұйымдармен  мақұлданбаған.  Ондағы  ақпараттарды 
жазудың  технологиясы  СD+RW-ға  ұқсас  болып  келеді.  Олардың 
арасындағы  айырмашылық  жазу  форматында.  DVD+RW  жетектері 
жазудың  бірнеше  сеанстарын  қолдайды.  Жазу  процесінде  лазердің 
нақты  бағдарына  байланысты  DVD+RW  жетегі  бұрынғы  жазылымды 
өшірмей  бар  болған  жазылымның  кез  келген  жеріне  қайта  жазуға 
мүмкіндік береді. Ол тағы жазу кезінде қателерді жөндеуді жүргізеді  – 
жаман жазылған сектор автоматты түрде қайта жазылады. 
DVD+R  жазудың  технологиясы  DVD+RW-дың  ұқсас  принциптері 
бойынша  жүргізіледі.  Жалғыз  айырмашылығы  кәдімгі  СD+R-да 
қолданылатын  шағылыстыру  қабатындағы  материалында.    DVD+RW-
мен  салыстырғанда  DVD+R  кемшілігі  болып,  онда  ақаулы  секторды 
қайтадан жазуға негізделген қателерді түзету жұмысының жүргізілмеуі. 
Ал  DVD+R  дискілері  дербес  плейерлер  мен  жай  DVD-ROM-да  өзінің 
жазылған  қабатының  жоғары  шағылыстырушылық  қасиеті  арқылы 
жақсы оқылады. 


67 
 
Қазіргі  кезде  компакт-дисктерге  ақпаратты  жазу  үшін  келесідей 
форматтар қолданылады: CD-DA, CD-G, Video CD. 
CD-D
A
  (Digital  Audio,  Audio-CD)  —  компакт-дискіге  аудио  белгілерді 
жазудың  ең  танымал  стандарты.  Ондай  дискілер  тұрмыстық  CD-
таспасында,  сондай-ақ,  компьютерлік  CD-ROM  жетегі  арқылы  тыңдауға 
болады. 
Үнтаспаның  сапасы  негізінен  үш  негізгі  параметрлерге  байланысты: 
спектр жиілігінің жалпақтығы, сигнал/шулар деңгейі мен арналар санының 
ара  қатынасы.  Адамның  құлағы  16...18  000  Гц  диапазонындағы 
дыбыстарды  қабылдайды.  Құрылғымен  берілетін  жиіліктердің  спектрі 
неғұрлым  жалпақ  болса,  дыбыс  жаңғырығының  сапасы  жоғарылайды.  
Теледидарда  дыбыс  сигналын  өткізу  жолы  –  10  кГц,  ленталық 
магнитофондарда – 16 кГц дейін. Сандық жазу кезінде спектрі 20 кГц есеге 
көбейеді. Сигнал/шу ара қатынасына қатысты магниттік лентада жазуларда 
арнайы  шуды  басатын  (Долби  сияқты)  жүйелер  арқылы  да  кетіруге 
келмейтін шулардың деңгейі жоғары болады.  Сандық жазу шудың төмен 
деңгейі бар – олар жазудың толықтай және де үзілістерінде де естілмейді. 
Дыбыс  жазудың  дәстүрлі  технологиясы  әдетте  екі  арнаны  қолданады, 
олар  стерео  дыбысты  толықтай  жаңғыртуды  қамтамасыз  етеді. 
Технологияның  келесідей  дамуы  дыбыстың  жазуы  мен  жаңғыртудың  көп 
арналы  технологиясын  ашты.  Тәжірибеде,  көп  арналы  дыбыстау  CD-ға 
жазылған  бейнефильмдерде  ілесіп  жүретін  әуендер  үшін  қолданылады. 
Осы  технологияның  шектеулі  қолданылуы  дискіге  жазудағы  техникалық 
қиыншылықтармен  емес,  бес  трекке  (жолға)  бөлініп  алынған 
фонограммаға байланысты. 
DolbySurround 5.1 акустикалық жүйесі оң және сол арналары үшін екі 
шепшік  бағанадан,  екі  тылдық  мен  шепшіктің  ортасында  орналасқан  бір 
бағана тұрады. 
Сабвуфер  (Subwoofer)  арнайы  акустикалық  жүйесі  төмен  жиілігіндегі 
дыбыстық  спектрде  (20.120  Гц)  жаңғыртылуы  үшін  жасалынған.  Ол 
арнайы  әсерлердің  шынайылығын  қамтамасыз  ету  үшін  қолданылады 
(жарылыс  гүрсілі,  күн  күркіреуі  және  т.б.).  Оның  орналасқан  орны 
маңызды  емес,  себебі  адам  ұзақ  дыбыс  толқыны  арқылы  шығарылған  
дыбыстың  төмен  жиіліктегі  көздерін  анықтай  алмайды.  Осындай  жүйе 
дыбыстық суреттің қабылдануын жақсартады, дыбыс көздерінің арасында 
тыңдаушының қатысуын бейнелейді. 
CD-G  (Karaoke  CD)  —  CD-DA  ажыратымдылығы  ретінде  құрылған 
дыбыс  жазудың  форматы.  Өлеңді  немесе  дауысты  тыңдау  мәтінді  (өлең 
сөздері), фотосуреттер немесе суреттерді  көрумен бірге ілесіп жүргізіледі. 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау