Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет20/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110

59 
 
өлшемді  және  жүйелік  блоктың  сәйкес  бөлігіне  орнатылады.  Диск 
жетектің  алдыңғы  панелінде  дискті  шығару/кіргізу  үшін  Eject 
батырмасы,  жетекке  айналу  индикаторы  мен  дыбыс  қаттылығын 
реттейтін  құлаққапты  қосу  үшін  ұясы  бар.  Жетектердің  көпшілігі 
алдыңғы  панелінде  кәдімгі  жолмен  оны  шығарудың  мүмкіншілігі 
болмаған жағдайда дискті шығарудың апаттық орны жасалған (мысалы, 
диск тартпасының жетегінің сынуы, тоқ берудің апатты өшуі және т.б.). 
Бос  орынға  түйреуіш  немесе  түзетілген  түйреуішті  тығу  арқылы  – 
өшірілген  компьютерде  болсын,  тартпаның  бұғаттығын  шешіп  оны 
қолмен шығаруға болады. 
CD-ROM-ның  жетегі  кәдімгі  дыбыстық  компакт  дискілерді  де  оқи 
алады. Оларды оқу үшін дискжетекте құлаққапты ғана қосу керек. CD-
ROM  жетегі  Hi-Fi  дербес  ойнатқыштарына  дыбысты  шығару  сапасы 
бойынша  төменірек,  себебі  орнатылған  алдын  ала  күшейткіш 
дыбыстаудың  жоғарғы  сапасын  қамтамасыз  етпейді.  Алайда,  барлық 
дискжетектердің  артқы  панелінде  дыбыстау  картасына  қосылудың 
сандық орны бар, оның дыбыстау көрсеткіштері анағұрлым жоғарырақ 
болады.  Оны  бағалау  үшін,  карта  шығатын  жерге  жоғары  сапалы 
акустикалық жүйелерді қосуға болады. 
CD-ROM-ның 
негізгі  параметрлеріне  оның  жұмыс  жасау 
жылдамдығы, нақтылы айтқанда кәдімгі әуенді CD-плеер (150 Кбайт/с) 
жылдамдығына  қатысты  өлшенетін  ақпаратты  оқу  жылдамдығы. 
Мысалға,  52-і  параметр,  теория  тұрғысынан,  дербес  CD-плеер 
жасағанына  қарағанда  дисктен  ақпаратты  оқудың  52  есе  жоғары 
жылдамдықта  жұмыс  жасай  алатын  диск  жетегі.  Алайда,  ақпаратпен 
алмасудың шынайы  жылдамдығы шын мәнінде 52 есеге көбейетіндігін 
білдірмейді.  Әр  түрлі  себептерге  байланысты  дисководтың  еселігін 
ұлғайту  жоғары  жылдамдықты  жетектерді  қолдануға  бағытталған 
жазбалары  бар  дисктерден  ақпаратты  оқу  жылдамдығының  елеулі 
ұтымдылығын  береді.  Ескі  дискілерден  жоғары  жылдамдықпен 
ақпараттың оқылуындағы ақауға әкелуі мүмкін. Ондай жағдайлар үшін 
ақпараттарды  оқу  жылдамдығын  төмендететін  арнайы  бағдарламалар 
бар. CD-ROM жетектерінің тағы бір маңызды  параметрі  болып мүмкін 
болатын уақыт жатқызылады. Қазіргі кезде, жақсы жетектерде ол уақыт 
80...60 мс аясында шектеледі. 
CD-ROM  компакт-дискілері,  дыбыстық  дискілер  сияқты  арнайы 
өндірістік  жабдықтанудың  өнеркәсіптік  шарттарында  шығарылады.  Ол 
процессті кей кезде қалыптама деп те атайды. Басқа ақпаратты 


60 
 
тасымалдаушылардың  алдында  анық  артықшылықтары  бар  CD-ROM, 
өзінің  маңызды  кемшілігі  бар  –  оған  ақпаратты  жазуға  мүмкін  емес. 
Бірақта,  ақпараттық  технологиялардың  жылдам  дамуы  оларға  кез 
келген  сандық  ақпаратты  жазуға  мүмкіндігі  бар  компакт-дискілерді 
ойлап табуға әкелді. 
CD-ға  жазу.  Бірінші  болып  компакт-дискілерге  бір  реттік  жазу 
технологиясы  пайда  болды  -  стандарт  CD-R  (CD-Recordable).  Дискке 
ақпаратты жазу үшін арнайы жазатын жетек, диск дайындамасы немесе 
жай сөзбен айтқанда бос диск, және сәйкес бағдарламалық қамсыздану  
қажет.  Кәдімгі  қалыпталған  дискке  қарағанда,  жазылатын  дискті 
дайындауда  негізгі  және  шағылдырғыш  қабатының  арасында  белсенді 
немесе  органикалық  материалдан  жасалған,  ол  қыздыру  кезінде 
қараятын,  дискке  жазуды  жүзеге  асыратын  жұмыс  қабаты  бар.  Оның 
сипаттамасынан  ақпаратты  оқу  сапасы  мен  сенімділігі  тәуелді  болады. 
Жазу  процесінде  лазерлік  сәуле  қабатта  таңдалған  нүктелерді 
қыздырады,  олар  қараяды  және  шолдырғыш  қабатқа  сәулені  өткізуге 
жол  бермейді.  Жұмыс  қабатына  сәуле  шағылыстыратын  материал 
жабылады.  Жазылатын  компакт  дискілер  үшін  әдетте  күміс 
пайдаланылады,  ол  шағылыстырудың  65...80%-ды    коэффициентке 
жетуге  жол  береді.  Қорғаушы  қабатына  полиграфиялық  сурет 
жабыстырылады (2.29-сурет). 
CD-R-ға  кәдімгі  қалыпталатын  компакт-дискілердегі  ақпараттық 
құрылым жасалынады. Кейін ол кәдімгі CD-ROM жетектерімен оқылуы 
үшін,  ол  арнайы  бағдарламалық  қамсыздану  арқылы  CD-R-ға  әр  түрлі 
ақпаратты  жазуға  мүмкіндік  береді.  CD-R  дискілерінің  шағылыстыру 
қабаты  кәдімгі  дискілерден  төмен,  сол  себепті  кәдімгі  CD-ROM 
жетектерінде кейбір дискілер жақсы оқылмайды. 
Компакт-дискіге 
жазудың 
осындай  технологиясы  кәдімгі 
CD-ROM-мен 
салыстырғанда 
алдыға  бастыратын  үлкен  қадам, 
бірақ 
оның 
айтарлықтай 
кемшілігі  бар  –  жазуды  тек  бір 
рет  жүргізуге  болатындығы,  сол 
себепті  кейінде  ол  диск  кәдімгі 
қаптамалы  компакт-диск  ретінде 
қолданыла  береді  (ол  жазуда 
ешқандай 
өзгерістерді 
жасай 
алмайсың).  Одан  басқа,  дискті 
жазу  кезінде  қандай  да  бір  ақау 
орын  алатын  болса,  ол  қатені 
түзетуге  мүмкіндік  болмайды, 
дайындама үмітсіз бүлінді. 
 
2.29-сурет. CD-R: 
А — полиграфиялық сурет; 
Б  —  қорғаныш  қабаты;  В  —  сәуле 
шағылыстырушы  қабат;  Г  —  жұмыс 
қабаты;  Д  —  дисктің  пластмассалық 
негізі 


61 
 
Компакт 
дисктерде 
жазу 
технологиясының  ары  қарай  дамуы 
дискке  бірнеше  рет  жазу  құрылғысын 
ойлап табуға әкелді. Ақпараттар CD-R-
ға  қарағанда  дискке  бірнеше  рет 
жазылуы және өшірілуі мүмкін болды. 
CD-RW 
(CD-ReWritable) 
технологиясында 
органикалық 
қабыршықтың, 
лазер 
сәулелерінің 
әсерінен  өзінің  фазалық  жағдайын 
пішінсіз  күйден  кристаллды  және 
қайтадан 
сол 
қалпына 
келуі 
нәтижесінде 
жұмыс 
қабығының 
анықтылығын қайтадан өзгере алатын  
аралық  қабығын  қолданады.  Осындай  технология  қайта  жазудың 
мыңдаған  реттерін  қамтамасыз  етеді,  сол  себепті  CD-RW-ны  кәдімгі 
ауыстырушы  диск  ретінде  және  оған  қосымшалардан  тікелей  жазуға 
болатын  диск  ретінде  пайдалануға  болады.  CD-ROM-ның  стандартты 
жетектері,  жалпы  айтқанда,  CD-RW-ні  оқуы  тиісті  емес,  бірақ,  әдетте, 
олардың көбі оны жасай алады. 
Әдетте  дисктерде  олардың  ақпараттық  көлемі  көрсетіледі,  ол    650 
Мбайт  (2.30-сурет).  Сондай-ақ,  дискте  немесе  қорапта  жазудың 
шектеулі  жылдамдығы  жайлы  хабарланады  (4  деуге  болады).  Жоғары 
жылдамдықта  жазуды  жүргізу  үшін  арнайы  тіркеуші  қабат  қажет. 
Жазудың  шектеулі  жылдамдығынан  арту  ақпараттық  белгілердің 
бұлдырлауы және ақпараттың лайықсыз ойнатылуына әкеліп соғады. 
Рекордер,  немесе  жазатын  жетек  –  дегеніміз  компакт  дискке 
ақпаратты жазу (және оларды оқу) үшін жабдық. Барлық заманауи  CD-
рекордерлер CD-R,   және  де  CD-RW  дисктерімен  жұмыс жасай алады. 
Біріншісі әдетте CD-R режимінде жазудың жылдамдығын, ал екіншісі - 
CD-RW-да  жазу  жылдамдығын,  ал  үшіншісі  –  дисктен  ақпаратты  оқу 
жылдамдығын  сипаттайды.  Мысалға,  6x/4x/24x  жазылымы  CD-R-бх, 
CD-RW-4х  жазу  жылдамдығын  сипаттайды,  ал  дисктерді  оқу 
жылдамдығы 24х құрайды. 
CD-R-ға  жазудың  екі  негізгі  режимі  бар:  DAO  (Disk  At  Once  — 
«барлық диск бір мезгілде») және TAO (Track At Once  — «бір мезгілде 
бір жол»). DAO әдісі арқылы жазуды жүргізген кезде лазер дискті жазу 
барысында  тұрақты  қосулы  болады.  Бір  мезгілде  жазылатын  диск 
әмбебап  болып  табылады  және  компакт  дисктердің  кез  келген 
жетектерімен  оқылады.  Бірақ  жазудан  кейін  оған  басқа  ақпараттарды 
толықтырып  жазуға  болмайды,    ол  көбінде  қолайсыз.  Осындай  режим 
әдетте  шебер-дисктерді  жазу  үшін,  яғни  әрі  қарай  қалыптау  жолымен 
таратылымын  көбейту  мақсатында  қолданылады,  себебі  үлгілі 
жабдықтар матрицаны дайындауда тек үздіксіз жазылған түпнұсқаны  
 
2.30-сурет. CD-RW 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау