Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет23/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   110

68 
 
Көру үшін тұрмыстық CD-G-таспалаушысы немесе сәйкес құрылғысы мен 
бағдарламасы бар компьютерде қолданылады. 
Video  CD  –  MPEG-1-ге  қысылған  бейне  ақпараттары  сақтаудың  CD 
форматы.  Video  CD  сәйкес  құрамдастырылған  мультимедиялық 
компьютерлер,  CD-таспалаушылар  немесе  бейне  дискілер  үшін  арнайы 
құрылғыларда  оқылады.  Компьютерде  оқу  үшін  арнайы  Video  CD 
таспалаушысы қажет. 
MPEG  ақпаратын  жазу  форматтары.  Жоғарыда  айтылған  компакт 
дискілеріне  жазудың  стандартты  формаларынан  MPEG  форматы 
ақпаратты  арнайы  бағдарламалық  құрылғылармен  жүзеге  асырылатын 
аппараттан  тәуелсіз  кодтауы  болып  саналады.  MPEG  қысу  стандарты 
кинематографияның  сарапшылар  тобымен  арнайы  әзірленді  (Moving 
Picture Experts Group — MPEG). MPEG – дегеніміз, дыбыстық және бейне 
файлдарды шағын формаға қысатын, мысалға Интернетпен жіберу немесе 
жүктеуге қолайлы стандарт. MPEG-те жазылған белгі үш бөлімнен тұрады: 
Audio, Video, System (алғашқы екеуін біріктіру мен синхронизация). 
Қазіргі  кезде  MPEG  келесідей  стандарттары  қолданылады:  MPEG-1, 
MPEG-2, MPEG-3, MPEG-4. 
MPEG-1 стандарты бойынша бейне  және  дыбыстар ақпараттық ағыны 
бір жақты CD-ROM жетегіндегідей 150 Кбайт/с жылдамдығымен беріледі. 
Сурет сапасы тұрмыстық VHS бейне стандарты сияқты және теледидарлық 
бейнелеуден  анағұрлым  төмен,  бірақ  онда  аналогты  белгідегі  сипаттағы  
шулар мен кедергілер мүлдем жоқ. MPEG-1 форматы – көп арналы дыбыс 
және  бейне  ақпараттарының  бір  ақпараттық  желіге  алгоритмдерін 
сығылуы. Осыған байланысты дискіде бір сағаттан көп бейнесурет пен көп 
арналы  фонограмманы  орналастыруға  болады.  Толықтай  фильм  1,5...2 
сағат уақытты алатындықтан, оны жазуда екі диск қажет болады. 
MPEG-1  стандартының  кейінгі  дамуынан  MPEG-2  пайда  болады. 
Бейне арналарын кодтайтын сандық ақпараттар 90 % артық болғандықтан, 
оларды  бейне  сапасына  зиян  келтірілмей  сығымдалу  жүргізіледі. 
Нәтижесінде  ақпараттарды  жіберудің  төмен  жылдамдығы  кезінде 
бейнелердің  жақсы  сипаттамасы  жүзеге  асырылады.  Ол  себеппен, 
бейнесуреттерді  (сандық  спутник  жүйелері  және  DVD)  жіберудің  қазіргі 
құрылғылары осы стандартты қолданады. 
MPEG-2-мен 
салыстырғанда 
MPEG-3 
бейне 
белгіні 
беруде 
айтарлықтай  артықшылықтары  бар,  дыбысты  жазу  үшін  ол  өте  қолайлы 
болып табылды.  Ақпаратты беру ақпараттың тәуелсіз бөлек блоктарының 
ағыны арқылы жүреді. Кодтау кезінде шығыс белгісі бірдей оң бөліктерге 
бөлінеді,  олар  фреймдер  деп  аталады  және  бөлектеп  кодталады.  Қайта 
кодталу  кезінде  қайта  кодталатын  фреймдердің  жүйелілігінен  белгі 
қалыптасады  –  олар  тоқтамайтын  ақпарат  ағымына  «желімделетін» 
сияқты. 


69 
 
Одан  басқа,  кодтау  жүйесі  адамның  дыбысты  қабылдаудағы  психикалық 
физикалық  ерекшеліктер  де  ескеріледі.  Онда  барлық  жиілік  диапазоны 
дыбыс деңгейі бірдей болып саналатын интервалға бөлінеді, ал кейін адам 
қабылдамаған  дыбыстарды  өшіреді.  Осындай  технология  сирек  алты 
арналы  дыбысты  алуға  мүмкіндік береді: екі арна  –  алдыға, екісі  –  артқа, 
бір  бірден  ортаға  және  біреуі  сабвуфер  (жоғары  сапалы  төмен  жиіліктегі 
акустикалық  жүйе).  Осы  формат  әдетте  CD-ROM-ға  дыбысты  жазу  үшін 
және ақпараттың 128 кГц/с жылдамдығында және белгі жиілігінің 44 кГц 
екі  арналы  (стерео)  жоғары  сапалы  дыбыс  шығаруды  қамтамасыз  етеді. 
МР3-файлына  орындаушы,  жанр,  әннің  атауы  және  т.б.  туралы  мәтіндік 
ақпаратты қосуға болады. 
МР-3  форматында  жазуды  ойнату  үшін  көптеген  бағдарламалық 
құрылғылар  бар.  ОС  Windows-та  ол  үшін  Стандартты  тобына  кіретін 
плейер  (winamp)  немесе  лазерлік  дыбыстаушы  (media  player) 
қолданылады.  Интернетте  МР-3  форматында  өте  көп  әндерді  табуға 
болады. Ол CD-ға жазылған әндердің сапасы жағынан сәл төменірек болса 
да,  әуесқойлар  арасында  үлкен  танымалдылыққа  ие.  Аппаратты  МР-3-
плеерлердің өндірісі де қалыпты күйге келтірілген. Нәтижесінде МР-3 CD-
Audio-дан кейінгі әндерді сақтаудың ең әйгілі форматқа айналды. 
MPEG-4 — негізінен фильмдерді жазуға арналған жаңаша формат. Ол 
өзіне  MPEG-1  және  MPEG-2  мүмкіншілігін  үйлестірді.  Жазар  алдында 
әрбір  кадр  элементке  бөлінеді  (фон,  бейне  және  аудио  объектілер,  мәтін, 
жинақталған  нысандар)  және  осы  объектілер  арасындағы  қатынас 
құрылымын сипаттайды. Нәтижесінде нысандарды өзің білгендей өзгертіп 
ауыстыруға,  онымен  түрлі  амал-айлаларды  жасауға  болады.  Осы 
стандарттың  мүмкіншілігі  шексіз.  Қазіргі  таңда  нарықта  MPEG-4 
форматында  кодталған  өте  көп  бейне  фильмдері  бар  CD-дисктер 
сатылады.  Сапасы  жағынан  олар  video  CD-дан  жақсырақ,  бірақ  DVD-дан 
төмен. Айтарлықтай күшті компьютермен жабдықталып үйде де Video CD  
компакттерінен MPEG- 4 форматына «сығуға» болады. 
Бақылау сұрақтары 
1.  Дербес компьютердің негізгі құрамаларын атап шығыңыз. 
2.  ДК жүйелік блогына қандай жабдықтар кіреді? 
3.  ДК форм-фактор корпусы дегеніміз не? 
4.  IBM PC қысқартылымның мағынасын ашып беріңіз. 
5.  Әр  түрлі  форм-факторлар  корпустарымен  ДК  қолданудағы 
ерекшеліктерді атап өтіңіз. 


70 
 
6.  ДК  алдыңғы  панеліне  қандай  басқару  органдар  мен  индикаторлар 
шығарылған? 
7.  Аналық платада қандай жабдықтар орналасқан? 
8.  Сіздің  компьютеріңіздің  жүйелік  блогының  атында  қандай 
перифериялық құрылғылардың порттары шығарылған? 
9.  Әр  түрлі  форматтағы  оптикалық  дисктерде  қандай  ақпараттық 
көлемдер бар? 
10. Қазіргі  кезде  ДК-де  қолданылатын  процессорлардың  негізгі 
түрлерін атап шығыңыз. 
11. Сіздің 
ДК  орналастырылған  ЦП  негізгі  сипаттамаларын 
анықтаңыз. 
12.  Жүйелік  блокты  салқындататын  жүйе  қандай  элементтерден 
тұрады? 
13.  Термомониторинг дегеніміз не? 
14.  ЭЕМ-де жадының әр түрлілігі қандай қызметтер атқарады? 
15.  Қазіргі  кезде  ЖЖҚ  модулінің  қандай  түрлері  қолданылады? 
Олардың негізгі сипаттамаларын атап шығыңыз. 
16. Магнитті  жинақтаушы  дисктердің  негізгі  түрлерін,  олардың 
мөлшерін, кемшіліктер мен артықшылықтарын атаңыз. 
17. Магнитті дискідегі ақпараттық жинақтауыштың көлемі қандай? 
18.  CD-ROM  және  HDD  жинақтағыштарында  басқарудың  қандай 
органдары болады? 
19. Компакт-дискке 
ақпаратты  жазатын  негізгі  форматтардың 
міндеттерін сипаттаңыз. 
20. CD-ROM,  CD-R,  CD-RW,  DVD  қысқартылымдардың  мағынасын 
ашыңыз. Осы құралдардың мүмкіншіліктерін қысқаша сипаттаңыз. 
2.2. 
ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР 
Дербес  компьютердің  стандартты  құрылымына  әдетте  келесідей 
перифериялық құрылғылар кіреді: 
монитор  (дисплей)  —  графикалық  және  мәтіндік  ақпаратты  көрсету 
құралы; 
пернетақта — мәтіндік ақпаратты теру құралы;  
тінтуір (графикалық манипулятор) — басқару құралы;  
принтер — графикалық және мәтіндік ақпаратты шығару құралы; 
сканер — графикалық ақпаратты енгізу. 
2.2.1. 
Мониторлар 
Монитор,  немесе  дисплей,  —  ол  ДК-дан  ақпаратты  шығаруға 
арналған  негізгі  құрал.  Ол  адам  мен  компьютер  арасындағы  диалог 
процессінің  ең  маңызды  бөлігі  болып  табылады.  Монитордың  негізгі 
қызметі  –  көрнекі  ақпаратты  ұсыну.  Монитордың  негізгі  сипаттамасы 
компьютермен жұмыстың ыңғайлылығы мен нәтижелігіне байланысты.  


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау